Т.Ахтанов «Күй аңызы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 56-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 56

Бөлім: Қиял мен шындық Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Оқу мақсаты

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарма кейіпкерлері арқылы тура және жанама мінездеулерді анықтайды.

 Бағалау критерийі

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, кейіпкерлерді сомдау жайында ойларын айтады;

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін талдап жазады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында шығармашылықпен жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: кейіпкер, кейіпкерге мінездеме, тура мінездеу, жанама мінездеу,құндыз бөрік, аты кең жайылған,домбыраның мойны,шекпен қап.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармадағы кейіпкерлер жайында былай ойлаймын...

Кейіпкерлерді сомдауда жазушының суреткерлік шеберлігі мына жолдардан анық байқалады:

Ойымды қорыта келе:

Құндылықтарды дарыту

Үлкенге құрмет, сабырлылық, халықтық өнерді дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, музыка пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар шығарма үзінділері арқылы өз көзқарастарын дәлелді жеткізіп, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушылар түрлі тәсілдер бойынша алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін қолдану арқылы сыни ойлау, тілдік қабілеттерін арттырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

1.Миға шабуыл

«Сөз бұлты»

Сынып оқушыларына «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақаланы оқып болғаннан кейін жұппен пікір алмасып талдайды. Мақалаға сүйене отырып «Образдың жасалу жолдары қандай?» деген сұрақты ашатын сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.

Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың спикері шығып

«Кейіпкерді сомдаудағы тура және жанама мінездеу» туралы топтың жасаған анықтамасымен таныстырады.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасайды.

• кейіпкерді сипаттап, тура мінездеуге мысалдар келтіреді;

• кейіпкерді сипаттап, жанама мінездеуге мысалдар келтіреді. • «жуан және жіңішке»сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ой қорытады.

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі, А4 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер, шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар.

https://referattar.kazaksha.info/%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%83-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B «Образдың жасалу жолдары»

Сабақтың ортасы

27 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Интервью» тәсілі

Оқушылар өздері жақсы көретін түстері арқылы топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді. Интервью алушы оқушы сұрақтары:

  • Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай  әсер етті?
  • Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
  • «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» - Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
  • «Өлімнен ұят күшті» - Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?

Топтағы екі оқушы сұрақтарға әңгімедегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді.Тапсырмаларды бөліп алып жауап беруге де болады немесе барлығы бірлесіп жауап та бере алады. Үшінші оқушы баспасөз қызметкері рөлінде интервью жүргізушінің сұрақтары мен екі оқушының жауабын қағаз бетіне түсіріп отырады. Интервью жүргізуші сұрақтарына толық жауап берілгеннен кейін барлық топтағы баспасөз қызметкерлері топ жұмыстарын сыныпқа таныстырып, интервьюді қабырғадағы постерге апарып іледі. Оқушылар сынып бөлмесін шарлап, интервьюді оқып танысады да, өз бағалауларын стикерге «жақсы», «өте жақсы» сөздері арқылы жазып, постерге жапсырады

Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.

3. Мағынаны тану

2-тапсырма

«Жалынды от» тәсілі

Бұл тапсырманы орындау кезінде «Жалынды от» тәсілі қолданылады. Интерактивті тақтадан таймер мен тапсырманың орындалу барысы көрсетіледі. Оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді тауып, кесте бөліктерін толтырып жазады. Таймер уақытты көрсетіп тұрады, тапсырманы орындау уақыты аяқталған кезде оқушылар кестені толтырып бітуі керек. Сынып оқушыларының жұмыстарын алдыңғы тапсырмадағы интервью жүргізген оқушы жинап алып, топ спикеріне тапсырады.

Тапсырманы ең бірінші орындап болған оқушыға «Жалынды от» атағы беріледі.

Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

Қабілеті жоғары оқушы шығармадағы жазушының кейіпкерді сомдаудағы стильдік ерекшелігін талдап, қабілеті орта оқушыға түсіндіреді.

4. Бекіту

3-тапсырма

«Кейіпке ену» әдісі

Оқушыларға «күй», «нар идірген», «күй құдіреті», «мінез-құлық» сөздері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы ерекшелікті талдау үшін топтағы оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады. 1-оқушы: таныстырушы Естеместің Жаңылды көргендегі мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып жеткізеді. 2-оқушы:байланыстырушы Жаңылдың мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып сипаттайды. 3-оқушы:салыстырушыЕстемес күйші мен Оразымбетті салыстырады. 4-оқушы:суретші – күйші мен нардың бауырында отырған қыздың суретін салады.

Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады.

5. Салыстыру

4-тапсырма «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі

ОЙ ҚОРЫТУ

«ЖУАН» ЖӘНЕ «ЖІҢІШКЕ» СҰРАҚТАР

«ЖУАН» СҰРАҚТАР ( САЛЫСТЫРУ, ТАЛДАУ, СИНТЕЗ, БАҒА)

«ЖІҢІШКЕ» СҰРАҚТАР (БІР КҮРДЕЛІ ЖАУАПТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ)

Түсіндіріңіз, неге............?

Сіз неге ........... ойлайсыз?

Айырмашылығы неде..............? .........................?

Болжаңыз, егер, солай болса ...........?

Жас күйшіге ..........себебі неде?

Қашан ? Не ?

Қашан? ........мүмкін?

.................. бола ма?

................. болуы мүмкін бе?

................... болған ба?

Сіз....... келісесіз бе?.......дұрыс па?

6.Бағалау

5 - тапсырма

«ВАК» тәсілі

Тапсырма «ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі арқылы орындалады. Алдыңғы тапсырмадағы топтық құрам қайта бөлініп, жаңа топ құрайды. Топтағы 4 оқушы да басқа топтағы оқушылармен орнын ауыстырып отыруы керек. Оқушылар алдымен халық күйі «Нар идірген» бойынша түсірілген бейнебаянды көреді. (https://www.youtube.com/watch?v=TFFRkOuU58A). Әр оқушыға шығармадағы кейіпкер бейнесін сипаттайтын үзінді жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар үзіндіні жатқа айтып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

«Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды».

Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Нар идірген» күйін тыңдаған кезде қандай сезімде болдың? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Кейіпкерге портреттік мінездеме беруде неге ерекше мән бердің?» сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек. Сабақ соңында оқушылар: «Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ; Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ; Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім» деген «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды.

Халық күйі «Нар идірген»

https://www.youtube.com/watch?v=TFFRkOuU58A

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...» парағы

1. Cенің сұрақтарың...

2. Сенің есіңде ерекше қалатын ойлар...

3. Сенің бүгін білгенің… - оқушылар жауаптарын стикерге жазып, тақтаға апарып іледі.

Стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Жалынды от», әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу