Т.Ахтанов «Күй аңызы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 59-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №59

Бөлім: Қиял мен шындық Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Оқу мақсаты

Б/С1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

 Бағалау критерийі

Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Шығармадағы тарихи және көркемдік құндылықтарды түсінеді;

Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырады;

Жазылым жұмысында шығармаға баға беріп, өз көзқарастарын нақты жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: тарихи құндылық, жүрек қылын, майда әуен, нәзік күй,майда ырғақ, болмашы үміт.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығарма жайында былай ойлаймын...

Ойымды қорыта келе:

Құндылықтарды дарыту

Өнер құдіретін түсіну, халықтық өнерді бағалау

 Пәнаралық байланыс

Өнер, музыка, тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

Миға шабуыл

«Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау» әдісі

Сынып оқушылары Youtube 23.09.13 Тахауи Ахтанов «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі» (https://www.youtube.com/watch?v=rceKjcn45b8 ) бейнебаянын көріп, «Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау» әдісі бойынша тың ақпараттарды дәптерлеріне жазып отырады. Екі минут бейнежазба көргеннен кейін «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі» тақырыбында ой бөлісіп, бейнежазба бойынша пікір алмасады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;
  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Youtube 23.09.13 Тахауи Ахтанов «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі»

https://www.youtube.com/watch?v=rceKjcn45b8

Сабақтың ортасы

29минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма «ПОПС» формуласы

Талқылау сұрақтары:

  • Жазушы шығармасындағы тарихи және көркем құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
  • Тахауи шығармаларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?

Талдау сұрақтарын «ПОПС» формуласы бойынша тұжырымдап қорытындылайды.

«Менің ойымша, бұл...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...».

3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Концептуалдық кесте»

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

Естемес

Оразымбет

Жаңыл

Қарт

4. Бекіту

3-тапсырма

Шығармашылық ізденіс

Оқушылар шығарма мазмұны бойынша топпен «Шығармада көрініс тапқан тарихи және көркемдік құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады. Жұмыстың өмірмен байланысы болуы керек. Жобада «Күй аңызы» шығармасын тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Қабілеті орта оқушыға сараптама жасауды, қабілеті орта оқушыға бақылаушы болуды ұсыныңыз.

5.Салыстыру

4-тапсырма

Оқушылар әңгімені өздері оқыған басқа шығармамен салыстырады.

«Күй аңызы»

................................................................

Басты кейіпкерлер

Қарама-қайшылық әлемі

Құндылығы

Тарихилығы

Түйіні

Үндестігі

Қабілеті жоғары оқушыға сараптама жасауды ұсыныңыз.

6.Бағалау

5-тапсырма

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары»

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

Шығарма не туралы?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығармадағы ең басты құндылық не?

3.Қолдану: Сіз шығарма авторының орнында болсаңыз қайтер едіңіз?

4.Талдау: Шығарма авторы адам бойындағы қандай қасиеттерді дәріптегенін атаңыз.

5.Жинақтау: Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, шығармадағы тарихи және көркемдік құндылықтың байланысын толық түсіну.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылар топпен шығармадағы құндылықтарды сұрақтарға жауап беру арқылы ашады, қорытады, бағалайды.

Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады.

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазып тақтаға апарып іледі:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не жеңіл болды?
  • Маған не қиын болып көрінді?
  • Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Ақпаратты іріктеу, тұжырымдау», «Концептуалды кесте», «ПОПС формуласы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Шығармашылық ізденіс» тәсілі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу