Т.Ахтанов «Күй аңызы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 60-сабақ.
Бейнебаян: Парасат Тахауи Ахтанов (28. 04.18)
https://yandex.kz/video/search?filmId=5529685226205117143&text=т.ахтанов%20шығармалары&family=yes
Тахауи Ахтанов – әдебиеттегі жаңа құбылыс
Заманында кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов Тахауи Ахтанов жайында «ол әдебиеттегі жаңа құбылыс» деп айтып кеткен еді.
Ұлы Отан соғысының ардагері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының екінші курсында оқып жүрген кезінде майдан даласына өзі сұранып аттанған.
Соғыста қолынан қаруымен бірге қаламы да түскен жоқ. Майдан газеттерінің беттерінде әдеби көркем шығармалары, өлеңдері мен очерктері жарық көрген. Кейін, 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан соң шығармашылыққа түбейгейлі бет бұрды. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Ең алғаш жарық көрген әңгімесі "Күй аңызы". Артынан, 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы да дүниеге келген болатын. Ал, "Дала сыры" повесі үшін Тахауи Ахтановқа Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары өзге елдердің сахналарында қойылып жүр. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ сөз өнері дамуы үдерісіндегі Тахауи Ахтанов шығармашылығы әдеби тек түрлері, прозалық, драматургиялық жанрлары бойынша дамып қалыптасты: біріншісі – романдары («Қаһарлы күндер», 1956; «Боран», 1963; «Шырағың сөнбесін», 1973); екіншісі– повестері («Үндістан хикаясы», 1970; «Махаббат мұңы», 1960; «Жолы болмас жігіттің», 1968);үшіншісі – әңгімелері («Алғашқы ән», 1955; «Қызғаныш», 1959; «Күй аңызы», 1960; «Жоғалған дос»,1968); төртіншісі– пьесалары («Ант»,1973; «Сәуле», 1962; «Боран», 1966; «Әке мен бала», 1975; «Махаббат мұңы», 1974; «Күтпеген кездесу», 1970; «Арыстанның сыбағасы», 1964; «Күшік күйеу», 1976); бесіншісі– әдебиет тарихындағы көрнекті ақын-жазушылар (Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тайыр Жароков, Әбу Сәрсенбаев, Қасым Аманжолов, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Шерхан Мұртаза, Федор Достоевский, Антон Чехов, Шыңғыс Айтматов) шығармашылығына арналған және әдеби-сын мақалалары, сонымен бірге әдебиет пен басқа да өнер салалары туралы эсселері; алтыншысы – көркем аударма саласында А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, А. Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына жеткізген аудармашылығы. Т.Ахтанов әдебиетке жаңа келген көптеген қаламгерлер сияқты шығармашылық жолын өлеңмен бастаған. Алғашқы өлеңдері мен очерктері майдан газеттерінің беттерінде жарияланған Т.Ахтанов елге келгеннен кейін біржола шығармашылық жолға бет бұрады. 1948 жылы жарық көрген “Жастар даусы” аталаған ұжымдық жинақта өлеңдері басылды. Ахтановты қаламгер ретінде алдымен танытқан сын жанры едi. Әдебиеттiң келелi мәселелерi жайында проблемалық мақалалар, соның ішінде Ғабит Мүсірепов шығармагерлiгi жайынан әдеби сын-очерк /1956/ жазды. Әдеби сын жанрында жазылған жинақтары 1969 жылы “Керуен”, 1980 жылы “Көкейкестi” деген атпен жарық көрді. Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов – қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі.ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. «Боран» романы үшін Т.Ахтанов 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағы берілген. 25-қазанда қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағындағы Шетырғыз деген ауылда туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өз еркімен майданға аттанады. Соғыстан оралғаннан кейін көркем әдебиетпен айналысуға кіріседі. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы, «Әдебиет және искусство» – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ ССР Мәдениет министрлiгi Көркемөнер бас басқармасының бастығы, Республикалық Кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
3 мая
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?