Т.Ахтанов «Күй аңызы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 60-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 60

Бөлім: Қиял мен шындық Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы»

Оқу мақсаты

Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

 Бағалау критерийі

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында шығармашылықпен жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: гуманистік тұрғыдан, көркемдік –идеялық құндылық, тұлғалық болмыс

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Шығарма құндылығын гуманистік тұрғыдан қарастыратын болсақ...

Шығарманың көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарды дарыту

Өнер құдіретін түсіну, халықтық өнерді дәріптеу

 Пәнаралық байланыс

Тапсырмаларды орындауда өнер, музыка, тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылардың зерттеушілік, танымдық, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

1.Миға шабуыл

«Әткеншек» әдісі

Тапсырма «Әткеншек» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл оқушылардың өз ойын дәлелді жеткізуге үйретеді. Сынып оқушыларына «Парасат- Тахауи Ахтанов 28.04.18»(https://yandex.kz/video/search?filmId=5529685226205117143&text=т.ахтанов%20шығармалары&family=yes) бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Барлығына бірдей «Сен «Күй аңызы» әңгімесінің авторы жайлы не білесің?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады. Осылайша сұрақ біткенше жылжып, орын ауыстырып, жауап береді.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

  • көркемдік-идеялық құндылығына талдау жасайды;
  • шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстырады.
  • әдеби эссе жазады.

Парасат Тахауи Ахтанов (28. 04.18)

https://yandex.kz/video/search?filmId=5529685226205117143&text=т.ахтанов%20шығармалары&family=yes Парасат Тахауи Ахтанов (28. 04.18)

Сабақтың ортасы

25 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма «Тест- сұхбат» әдісі

1. Шығарманың философиялық тереңдігі неде?

2. Ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Түсіндіріңіз.3. Қай факті маңызды емес. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Қөзқарастар тайталасы»

Сыныпта пікірталас ұйымдастырылады. Жаңылдың іс-әрекетіне екі жақты баға беріледі.

Сынып бөлмесінің бір жағына «Қыздың Естемес күй ойнаған кездегі әрекеті дұрыс болды. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары және бөлменің екінші жағына «Қыздың әрекеті дұрыс болмады. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары топтасып, өз көзқарастарын қорғайды. Оқушылар ойларын ниет –көзқарас-контекст шеңберіне салып, талдайды.

Оқушылар ойларын шығармамен дәлелді байланыстыруы қажет.

4. Бекіту

3-тапсырма

«Уақыт шеңбері» әдісі

Сынып оқушылары топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Негізгі үш ережені талқылау керек:

1. тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

2. егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

3. ешқандай ескерту болмау керек.

Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
  • Сюжеттік желі арқылы автор оқырманына қандай ой тастайды?
  • Әңгіменің идеясы не?

5.Салыстыру

4-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен шығарма шығармадан эпизод таңдайды. Содан кейін жұппен таңдаған эпизодтарын салыстырады. Топтағы оқушылардың эпизодтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма бөліктерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін эпизодтарды біріктіріп, тұтас мәтін құрастырады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған мәтін нұсқасын оқиды. Топтағы қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды

Мәтіннің ерекше әсерлі жолдары

қандай жағдайды сипаттайды

ұмытылмайтын тұстар

кейіпкердің ойы мен сезімі

сенің ойың мен сезімің

- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады.

6.Бағалау.

«Үш қадамды сұхбат» әдісі

Әр топ әңгіме бойынша бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасады.

Анықтау. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан анықтау.

Салыстыру. Шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстыру.Бағалау. Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.

Әдеби эссе тақырыбы: «Бір күйдің тарихы»

Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:

  • Эсседе әдеби шығарма құндылығы қалай ашылған?
  • Эссе шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
  • Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар жазба жұмыстарына толықтыру енгізіп, кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Табыс жолы» сызығы

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы білім деңгейлерінің «Табыс жолы» сызығының қай бөлігінде тұрғанын айтады. Топ бойынша «Бағалау бәйтерегіне» өз деңгейлерін стикер арқылы жапсырып көрсетеді.

Стикер, «Бағалау бәйтерегі»

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы« Көзқарастар тайталасы», «Бірдей..., Әртүрлі?»,«Уақыт шеңбері» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Үш қадамды сұхбат» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың топпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуы үшін орындықтар мен үстелдер екі жаққа тең етіп бөлініп, қарама- қарсы қойылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу