М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың жүргізілу барысы келесі әдістер арқылы тапсырмалыр ұйымдастыруға болады.
«Шеңбердегі сұрақтар» әдісі
1.Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғалар бойынша қағаз қиықтарына сұрақтар жазады.
Сұрақтар құрастыруда роман мазмұны бойынша мынадай оқиғалар желісі ұсынылады:
- .Роман басындағы көңіл күй.
- Ұлықтың келуі, ауылнайдың әңгімесі,Сәрсенбайдың қуанышы.
- Жамалдың оқуы, Ғазиз мұғалімнің әрекеті.
- Жамалдың бақытты сәттері.
- Жамалдың бақытсыздығы, ажал құшуы
2. Дайын сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.
3. Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.
4. Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Таңдау және негіздеу» әдісі
- Шығарма кейіпкерлерінің аттары жазылған қима қағаздар топтарға таратылады.
(Байжан, Сәрсенбай, Жұман, Жамал,Ғали, Нүрпейіс, Қалампыр, Ғазиз, Шолпан)
- Образдар жүйесі бойынша тақтада ілініп тұрған қоржындарға кейіпкерлердің аттары жазылған қағаздарды салады.
- Төмендегі образ түрлеріне түсінік береді.
- Шығарма кейіпкерлерінің осы образға жататындығын романнан мысалдар келтіру арқылы негіздейді.
- Образдарды сомдауда автор қолданған тәсілдерді анықтайды.
«Концептуалдық кесте» әдісі
Жамал бейнесін жасауда автор қолданған мінездеулерді үзінділерден тауып, өзіндік пікір білдіріңіз.
Үзінділер | Мінездеу түрлері | Жамалдың ішкі жан дүниесіндегі, мінез-құлқындағы өзгерістер туралы пікіріңіз |
Құда болғаннан кейін белгісіз біраз заман өтіп, Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне Жамал сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. | ||
Жамалдың осындай зеректігіауызға ілініп, он жасынажеткенуақытындаәркімдер: «Сәрсенбай үйінде біржақсыбалабар»-депайттыруғақызығ абастап… …Биылғы Нұрпейіспен билікке таласатын Сәрсенбайдың бір жақсыбаласыбар, шешесі тәуір кісі – Жарас молданың қызы, өзі оқығанбала, қазірде он-он бірг екелсе керек,-деді… | ||
Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шетелдерге де «Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады. Осы елде бір қыз ұзатқан той болып, кешке ойынға жұрт жиналып еді. Бес-алты талапты бозбалалар жиналып: - Осы Жамал жас та болса өлеңге де, қарасөзге де бек пәле болып барады… |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?