М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 8-сабақ.


Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық

1-тапсырма. «Бетпе-бет» әдісі

Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Мысалы:

  • Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
  • Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
  • Ғали саутты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?
  • Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
  • Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
  • Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?

2-тапсырма. «FILA толтыру» әдісі

  • Топтарға қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны жазылған қима қағаздар таратылады.
  • Топтағы оқушылар тапсырма түрлерін бөліп алады.
  • Жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан тарихи деректер жинау;

I /Пікір /– тарихи кезең туралы өзінің ой-пікірі;

L /Сұрақ/– тарихи кезеңді ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың тарихи кезеңді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

3-тапсырма. «SWOT талдау» әдісі

  • Топтағы оқушылар алдымен жұпта ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны бойынша берілген мәтіндерге талдау жүргізеді.
  • Жұптар немесе топтар арасында жұмыстар алмастырылады, танысып, қорытынды жасайды.
  • Кейіпкерлерге талдау жүргізе отырып, автордың жаңа идеялары мен бағыттарын көрсетеді.
  • Кейіпкерлер бойындағы құндылықтарды қазақ әдебиетіндегі ұқсас кейіпкерлермен салыстырады.
  • S – strong – Кейіпкерлердің мықты жақтары
  • W – weak – Кейіпкерлердің әлсіз жақтары
  • O – opportunities - Кейіпкерлердің мүмкіндіктері
  • T – threats – Кейіпкерлерге қатысты қауіп-қатер

4-тапсырма. «TeD әңгімелері (talks)» әдісі

  • Оқушыларға романның тарихи және көркемдік құндылығы туралы пікірлер жазылған қима қағаздар беріледі.
  • Оқушылар қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармаларды салыстырып, талдау жасаған жұмыс нәтижесін берілген пікірмен байланыстырып 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке дайындайды.
  • Оқушылар 5 минуттық сөз дайындауға негіз болатын пікірдің өзектілігіне мән беріп, креативті ойлаулары керек.

«Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсаты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. ... Әр әдеби туынды, көркем шығарма өз заманының көркем бейнесі. Жоғын жоқтап, барын түгендейтін жансыз жанашыры. Дәл қазір бұл романның көркемдігін осы заман талабымен, талғамымен көрсете алмасымыз анық. Ол заман келмеске кетті. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір белес, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз... М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романын жазу үстінде қазақтың өзіне дейінгі дәстүрлі әдебиетіне сүйенген. Орыстан, батыстан үйренді десек мықтап қателесеміз. Қазақтың арыдан беріге дейінге фольклоры мен маржан әдеби жауһарлары тоғысып романның көркемдік тіліне, стиліне, формасы мен құрылысына қызмет еткен. Жаңғыртып, дамытып, өзіндік ізденіспен қанаттандырған.»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу