Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 11-сабақ.


https://sarbaz.kz/volno/bauyrgan-momyshuly---qazaq-halqynyng-angyzy-163551353/

Бауыржан Момышұлы - қазақ халқының аңызы

24 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі Бауыржан Момышұлының туған күні. Халықтық қуаттың ұлы емтиханы – соғыстан өтіп, шынайы патриотизмнің қазынасына айналған Бауыржан Момышұлының соғыс өнерін дамытуға қосқан үлесі, қарамағындағыларға деген қамқорлығы, тәуелсіз Қазақстанның Отан қорғаушыларын тәрбиелеуге көрсеткен өнегесі жайында талай-талай дүниелер жазылды. Аты аңызға айналған батыр әлемі әлі де зерттеле бермек. Бауыржан Момышұлы қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовпен бірлесе Үндістан мен Қазақстан жазушылары арасында шығармашылық көпір салып, қоғамдық ұйымды басқарды. 1955 жылы әскер қатарынан толық босатылғаннан кейін жазушылық жолға түсіп, әскери мемуарлық шығармалар жазуға кірісті. Көптеген шығармаларда ержүрек кейіпкер ретінде танылған қазақ батыры кейін өмір шындығын арқау етіп, тамаша повестер мен романдарды, әңгімелерді дүниеге әкелді. Қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау еткен ұлтымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлының жеке жазбаларынан үзінді беріп отырмыз.    «Академияда шығыс халқынан мен-ақ оқыдым. Бітіргеннен кейін маған шығыстың он бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимеді. Мені Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейін он бес-жиырма жылдың ішінде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы, рас. Біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпіс-сексені қайтқан жоқ, себебі маған айқын - әскери тәжірибе, әскери тәрбиенің дағдылану нашарлығы. Біздің кеңес өкіметі кезінде мұғалімдер, докторлар, агрономдар, соттар, тағы басқалар шықты, ал әскери соғыс мәселесі – осы уақытқа дейін ескерусіз, еленбей келе жатқан бір бағыт. Мен соларды майданда көрдім, талдап тексердім, өксіп жыладым, зарландым, қорландым. Мен қалған өмірімді, алған тәжірибемді, білген білімімді жастарға, халқыма арнағым келіп еді. Қызмет етіп халқымның арасына әскери ғылымды таратқым келіп еді. Барымды елге берсем деп едім. Егер де болашақта бір әйел жесір, бір бала жетім қалмауына менің еңбегім себеп болса – армансызбын деген ниет еді. Қысқасы, мені, менің ойымды, ниетімді – тупость и невежество қапасқа салып бенде етті. Маған теріс түсінді, мені ұқпады. Өгіз мойындық істеді. Осындағы майдалар мені сүзбелеп шетке шығара берді. Жақындарына жылы орын үшін мені аямады. Кішірейтті, қудалады. Жабылып әлі жеткені мен болдым. Ғафу етіңіз, мен кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр білім, әр ақ ниет сал болуды тілемейді. Құл болуды тілейді. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де елімнің қызметкерімін. Халқыма жаман атақ еш уақытта да алып бергім келмейді, алып бермеймін. Мен күн көрудің адамы емеспін. Мен дүние жинаған пасық, сараң, өзімшіл де емеспін».                                                       

***

«Подвиг 28-ми героям-панфиловцам стал символом массового героизма на фронтах ВОВ. Подвиги Маншук и Алии – гордость всего советского востока. Подвиг Рахымжана Кошкарбаева и Григория Булатова, как выстрел с Авроры была сверкающей молнией над логовом врага о нашей окончательной победе не только ВОВ, но и во всей второй мировой войне. К чести Казахстана эти подвиги в истории занимают свои места и справедливо пользуются немеркнущей славой».                                                        

***

«Біздің заман, біздің дәуір - өте ауыр болды. Соның барлық ауыртпалық салмағын менің замандастарым көтерді. Еңбекте де, қырғын соғыста да, соғыстан соңғы қиыншылық кезде де бар ауыртпалықты біздің ұрпақ көтерді. Бұл – мен өзімді мақтауым емес, біздің ұрпақты мақтап отырған сөзім. Мен кіммін?! Мен  олардың қатарындағы қарапайым бір кісімін. Азаматтық арымды сақтағандардың бірімін. Шынымды айтайын, қарағым, (түсінсең), көп жылдардағы қиыншылық жағдайда менен артық кісілер аз болған жоқ. Осы күнде ойлансам, аты аталмай кеткен батырлар аз емес. Соғыстың аты соғыс, оқ қағыста таңдап атады. Бірақ атылғандардың аты қала бермейді. Бұл – соғыстың қатыгез заңы. «Ерлік елеусіз қалмасын», - деген қазақта мақал болатын. 40 жыл қырғында елеусіз қалған ерліктер толып жатыр. Бұл соғыстың қатал, опатты заңының кесірі».   ***      «Қан майданда жақсы көру оңай емес. Қастасып, өштесу оп-оңай. Оны мен басымнан өткізгендердің біреуімін. Адам – пенде. Кемістік әркімде де бар. Кемістігі жоқ деп ойлайтын адамдар – адам емес. Надандықтың үлкен дәрежесі сол ойда жатыр. Мойыныма аламын: менің жақсы қасиетімнен  жаман қасиетім аз емес. Құдай маған кемістіктерді аямай төгіп берді. Қартайған кезімде ойланып өткен өмірді еске алып отырсам, өмірімде көп қателіктер істеппін. Оларды түзеу қиын. Өткен нәрселерді қайтару мүмкін емес қой. Өкінемін! Қайғырамын! Қатты өкінемін!? Орысша айтқанда, партия, правительство, главное командование маған өте сеніп, қан майданда қармағыма 18 мың ерлердің тағдырын тапсырды. Солардың мен командирі болдым. Обалы не керек өзімді-өзімді аяған жоқпын. Қарамағымдағыларды да аяған жоқпын. Қартайғанда ойлап отырсам, жастық қызушылыққа ерікті көбірек беріп жіберген екенмін. Из-за моей глупости жүздеген жауынгерлер құрбан болды. Соны жаңа ғана түсініп отырмын».                                                    

***

«Қартайғанда көзімнен жас шықпай отыр. Мен жылауық шал емеспін. Көздерімді ойып алсаңдар, арман жоқ. Көзімнен қан шығар, бірақ жас шықпайды. Мен өзімді, жауынгерлерімді базарға жұмсаған жоқпын. Отан үшін, намыс үшін жауға жұмсадым, ажалға жұмсадым. Құрбандарымыз аз болған жоқ. В меня стреляли больше чем тысячи раз, я не виноват, что меня не убили. Мен өзімді-өзім аяп көрген жан емеспін...»                                                   

***

«Я назвал цифры проживающих в нашей республике. Среди Советских народов в смысле жертвоприношения первое место занимает Украина, исторически известно, что немцы – фашисты прошли всю Украинскую территорию с боями. Немцы наступали и отошли от территории Украины, а сколько жертв и катастроф – известно одной истории. Второе место в смысле жертвоприношения занимает Казахстан, несмотря на то, что Казахстан находился от Европейской части России за несколько тысяч километров. Это исторический факт. На это есть архивные материалы... Я это заявляю официально, как полковник генерального штаба. Кто мне не поверит, пусть посмотрит архив...»                                                 

***

«Мен – 22 жасымнан бері әскер қатарындағы адамның бірімін. Ұлы Отанымыздың көп жерлерін маған қызмет аралатты. Төрт-бес жылғы өмірім қан майдан шебінде өтті. Мен кеңес офицері болғаным жоқ. Қатарда да, майданда да алдыңғы шепте жүргендердің біреуі болдым. Қайда жүрсем де, солдаттармен араласып жүріп, олардың тобының ішінде болуға тырыстым. Қызметті жай қатардағы (рядовой) жауынгерден бастап 15 мың басы (командир дивизии) болу дәрежесіне дейін жеттім. Солдаттарға сабақ та бердім, олардан өзім сабақ та алдым. «Тіс қаққан» жауынгерлермен пікір алысып, олармен сырласып, кей кезде ақылдасып, жаңадан келген жауынгерлермен әңгімелесіп жүруді әдет еттім. Сөзімде, әңгімелерімде халық мақал-мәтелдерін пайдаланудан бас тартпадым. Сонымен қатар тәжірибемізден қорытынды түрде туған ой-пікірлерімді де қысқартып айтудан тайынбадым. «Көп түкірсе, көл болады» дегендей менің ұстазым қызметтес, майдандас жолдастарым, достарым, солдаттар болды. Ой, пікір, сана жағынан мені байытқан солар.    1941 жылы маған бір тілші: - Сіз қандай академияны бітіріп едіңіз? – деген сұрақ берді. - Мен халық академиясын бітіріп едім. - Ондай да академия бар ма еді? – деп ол таңғалды. - Мой полк – моя академия. Я прежде всего учусь у него, а потом учу его же,- дегенімде ол қарқ-қарқ күліп, түсінгендігін білдірді.    Көпке, меніңше, пайдам аз тиді. Көптің қорынан, халық қазынасынан мен мол пайда алдым. Мені адам етіп, атымды шығарған көпшілік. Мені кейбіреулер ұялмай-қызармай «батыр» дейді. Шынында мен батыр емеспін. Біреуден жығылып, біреуді жығып жүргендердің бірімін. Мені жаратқан көпшілік – жауынгерлер қоғамы».                                                  

***

«Мен 70-тен асып барамын, 80-ге жету екіталай. Әрине, 80-ге жетсе, арман жоқ. 80 – оңай жас емес. Сол жасқа жетуді мен құдайдан тілемеймін. Өмірдің аты - өмір.  Жастың аты – жас. Адам қартаюы өз алдына. Адамның ақыл қартаюы өз алдына. Байқауымша, екеуінің арасы жер мен көктей. Баяғыда бала кезде естіген сөздерім бар еді: «60-қа келген алжыған шал» дегенді өз құлағыммен естігем. «70-ке келіп жермен жексен болған» дегенді естіген жоқпын әзірше. Мен 80-ге аяқ бастым. Адамға жас жағынан нысап дегенді құдай берген емес. Бірақ та қазақта бір сөз бар: «Жас өле ме, кәрі өле ме, құдай біледі». Әркімге бір өлім хақ (Смерть неизбежна). Мен ешкімнен әулие емеспін. Маған да бір өлім хақ. Қырық жыл қырғыннан аман қалғанның біреуімін. Ол Ұлы Отан соғысының біткеніне 36 жылдан асып барады. Мен әлі тірілердің қатарындамын. Мұсылманша айтқанда: Мен құдайға өте ризамын. Тірілердің қатарында жүріп, соғыста сол халқым, еліме, ар-намысыма сүйеніп, мен орыс және қазақ тілдерінде бірнеше кітаптар жаздым. Рақмет, оны партия мен үкімет бағалады. Үш орден алдым. Лауреат болдым. Нысап керек қой адамға... Бұлар маған үлкен баға. Менің қолым ашық кісімін. Александр Бектен бастап, т.б. тіпті Нұршайықовқа дейін мен аянбастан материал бердім. Олардың бірінен ақша алмадым. Олар алатынын алып, атақтарын шығарып жатты. Оларға қояр кінәм жоқ. Они выполняли свой гражданский долг. Кейіннен өзім де екі тілде жаза бастадым. Жастың ұлғаюы табиғи құбылыс. Өзіме байланысты жазылғандарды баспаға бердім. Олар да абыройсыз болған жоқ... Негізгі мақсатым: ар-намыс дейтін қазақта сөз бар. Соғыс, қан майданда мен арпалыса тырыстым. Осыдан әлі ажыраған емеспін. Сонымен мен маманданған жазушы емеспін, мен материалмын. Басқаларға да, өзіме де материалмын. Ол материалдығымды осы күнге дейін ешкімге аяған емеспін...»                                                  

***

«Я, гражданин Советского Союза. Мен өз қатарымдағы азаматтардың біреуімін. Мен көрген-білгендерімді айтып та, жазып та жүрдім. Оларды мен ешкімге сатқан жоқпын. Ол менің азаматтық міндетім деп түсіндім... Оқырмандар, естуімше, Бектің кітабына да, мен туралы жазылғандарға да қарсылығы жоқ. Менің өз шығармаларыма оқырмандардан ешбір наразылық естімедім. Оның өзі – үлкен баға. Мен осыған өте ризамын. Естіртіп айтпасам да, ішімнен «азаматтық борышымды орындағаннан ғой» деп ойлаймын». 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу