Д. Исабеков «Әпке» шығармасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.


Әпке (драма) - екі бөлімнен тұрады. Дулат Исабеков 1977 жылы жазған. Сахналық қойылымға арналған шығарма.

Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BF%D0%BA%D0%B5_(%D0%B4%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B0)

Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)

Сағынғанда көтеріп,

Құшарлана сүйеді.

Шапалағы шарт етіп,

Жағыма да тиеді.

Үндемеймін оған мен,

Үндемеуге бекінем.

Қанша қатал болғанмен,

Сүйеді кеп бетімнен.

Киімімді жуады,

Барлық ынта, зейінмен.

Үйдегі бір мұғалім

Өзі шығар деймін мен.

Кейде бәйек бола ғап,

Асымды да қойды алға.

Сағатына қарап ап,

Жібереді ойнауға.

Жүрем оның бейнесін

Жүрегіме орап мен.

Сағынамын көрмесем,

Алтын әпкем, жан әпкем.

https://www.zharar.com/kz/olen/8011-sister.html

 Сленг дегеніміз не? Сленг сөзі ағылшынның "slang, jargon" сөздерінен шыққан. Әлеуметтік диалект. Лингвистердің зерттеуі бойынша сленг сөздер 13-23 жас аралығында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, жастар арасындағы жаргон сөздерден бөлек, әскери,журналистік,қылмыстық сленгтер де бар. О баста аталмыш сөздер жасырын топтар арасында, ұйымдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде,құпия ақпараттармен араласу нәтижесінде жүзеге асқан. кейін жастар арасында қолданысы артып, сәнге айналған. Өзіміз білетіндей әр өңірдің өзіне диалект сөздері бар. Әр мамандықтың өзіне термин сөздері бар. Сол секілді ғылымға сленг сөздер де іштей енді. Сленг сөздер дөрекі әрі көңіл-күйді білдіретін сипатта болады. Қазақ жастары арасында кеңінен қолданылатын сленгтер қатарына : "Жынды", "базар жоқ", "өшіп қал", "раха", "братуха", т.б сөздер қатары жатады. Сонымен қатар, мағынасы әртүрлі сленг қатары да бар. Мысалы, "тусовка" сөзін жастар арасында "мерекелік кеш" деп түсінсе, қылмыстық ортада "ұрылардың жиналысы" деген мағынаны береді. Қызық құбылыс, йә?! Сленг сөздер жігіттер арасында жүзеге асып жатса еш әбестігі жоқ. алайда қыздар арасында дұрыс сөйлеу этикасына тән емес. Аталмыш сөздер уақыт өткен сайын ескіріп, жаңарып отырады. Назарларыңызға әдеби норма мен сленг сөздерді ұсынамыз. 1. Өзіне көп алады – артық кетті, шектен шығу 2. Типа – сол сияқты, тәрізді, секілді 3. Ботан – сабақты өте жақсы оқиды 4. Орнына қойып тастадым – орынсыз екенін әлелдедім 5. Грамотно айтып тастады – өте орынды пікір білдірді 6. Забей – ұмыт, қоя сал 7. Мықты шарит, прошаренный – ойлау қабілеті жылдам 8. Мамка-батя курста ма – ата-анаң біле ме? Сленг сөздерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жігіттердің 50 пайызы, қыздардың 33 пайызы күнделікті өмірде қолданады екен. Онымен күресудің еш пайдасы жоқ. Жас шамасына қарай доғару процесі өздігінен жүзеге асады

https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/43000/

Шығарма кейіпкерлері

Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.

Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.

Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.

Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.

Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу