Д. Исабеков «Әпке» шығармасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 19-сабақ.
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық
Бағдарламада берілген оқу мақсаттары көркем шығарманы талдау жұмыстарын ұйымдастыру барысында қазақ әдебиетін оқыту әдістемеде қарастырылатын талдаудың төрт түрін қамтиды. Атап айтқанда:
•Автор ізімен талдау. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжет, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Бірақ еске алатын бір мәселе, талдаудың бұл түрін түсіндірме оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасауға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келу керек.
•Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау - көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық-эстетикалық маңызын) бірге ала отырып талдау. Талдаудың бұл түрі мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады.
•Проблемалық талдау. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды. Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу. Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады: 1. Баян батыр ел намысын ойлаушы күрескер ме, әлде ашу-ызаның құрбаны, қылмыскер ме? 2. Баянның іс-әрекеті /інісін өлтіруі/ саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе? 3. Ноян ел намысын аяққа басушы сатқын ба, әлде албырт сезім, махабаттың құрбаны ма? 4. Қалмақ қызы неге «сұм сұлу» деп аталған? Автордың ол туралы көзқарасы қандай?
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. Төменде оқушының жұмысы көрсетілген: Көкше келбеті Сәкенше Мағжанша 1. Арқаның кербез сұлуы Сарыарқаның аралы 2. Сексен көл – алтын кесе Бурабай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек Ай 3. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға жүреді біліп-кетіп есенсауын
4. Сұлу бетін дамылсыз жауын жуған Көкшенің тас жүрегі жаралы да.
«Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.
Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау. Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады: 1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды? 2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған? 3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада: 1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді. 2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады. 3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады. 4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
•Мәтіндік талдау - көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді анықтау. Мәтіндік талдау - көркем мәтіннің құрылымын талдауды мақсат етпейді. Мәтіндік талдаудың міндеті – тіл біріліктері өзара түрлі деңгейде қалай бір-біріне тіркесіп, қалай байланысып, қалай жаңа қатынастар орнатып, мұнымен бірге сөйлем жасалған сайын, мәтіннің құрылымын құбылтып, өзгертіп, түрлендіріп, құрылымның "жанды үдеріске" айналып тұрғанын көрсету үшін жасалынады. Мәтіндік талдау – мәтін мазмұнының сыртқы әлеммен қандай байланысы барын тексеру үшін жасалынбайды. Керісінше, мәтіннің ішкі құрылымында қандай «өмір» бар екенін көрсету үшін жасалынады. Мысалы, М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша жүргізілген мәтіндік талдауды қарастырайық.
Мұғалім: - Оқушылар, үзіндідегі алғашқы сөйлемнен бастап, соңғы сөйлемге дейін зейін қойып тағы бір оқып шығыңдар. Сөйтіп әр сөйлемнің өзінен бұрынғы және өзінен кейінгі сөйлеммен байланысын және өзінің ғана мазмұнында бар жаңалықты анықтаңдар. Ол үшін үзіндіні бірнеше кіші бөлшектерге тақырып қойып бөліп алу керек. Үзіндіні бөлшектеу барысында анықталған бөліктердің мазмұнына қайтадан зейін қоя отырып, әрбірінің өзінің алдындағы және өзінен кейінгі сөйлеммен байланысына зер салып, оқиғаны өрбітіп отыратын әрбір бөлімшедегі тіл бірлігін анықтауға ұмтылады.
2. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін.
Екінші бөлімшеде жаңалықтар бар:
Терең құр жар → итмұрынды қалың жыныс → қасқыр іні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды