М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қасиет пен қасірет. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 26-сабақ.
Таратпа материал
«Түсіндірме күнделік»
Поэмадағы сөз | Түсіндірме | Оқушы пікірі |
«Өзіндік мысал»
1-топ
Үзінді | Кейіпкер мінездемесі | Автор идеясы | Өзіндік мысал |
Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға, Неткен жансың санасыз жаратылған?! Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі, Ұмытылып кетті ме санатыңнан? ...Айналайын аққудың қанатынан, Қайтеміз, ол да адамға бола туған. «Жетім көлге» барып қайт таң жамылып, Таң атқанша қалайда тауға ілік. Біреулердің көзіне түсіп қалып, Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік! Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт... |
2-топ
Үзінді | Кейіпкер мінездемесі | Автор идеясы | Өзіндік пікір |
Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған Оқ атам қасиетке қалай ғана?.. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! |
3-топ
Үзінді | Кейіпкер мінездемесі | Автор идеясы | Өзіндік пікір |
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі! Балам өлсе, бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап несіне армандадың?! Құрысын онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі! |
4-топ
Үзінді | Кейіпкер мінездемесі | Автор идеясы | Өзіндік пікір |
- Ей! Кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың, арың бар ма?! Тастағын қаруыңды, келгін бері, Келгін бері, кеудеңде жаның барда! |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?