Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 17-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: ІІІ Махаббат және абырой Уақыты: мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Д.Исабеков «Әпке» драмасы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; |
Сабақ мақсаттары | драманың идеясы мен пафосын ұлттық мүддемен байланыстыру |
Бағалау критерийі | әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады; |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігін, идеялық мазмұнын түсінеді; Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: драма, екі бөлімді драма, диалог, монолог, авторлық ремарка, драмадағы тартыс, шешім, перде, прототип, реплика т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., мен ... ойлаймын, драманың идеясына тоқталсам ... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау және отбасылық құндылықтар сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтар. Өнер пәнімен байланыс. Театр – халықты тәрбиелеудің, қоғамдық ой-сананың негізгі формаларының бірі. |
Алдыңғы білім | Оқушылар төменгі сыныптан Д.Исабеков әңгімелерімен таныс. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-2 3-4 5-9 10-12 | Жаттығу-тренинг. Оқушылар шағын жұмыс топтарына бөлінеді. 1. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. 2. Жаңа сабаққа оқушы назары аударылады. «Әпке» драмасы туралы бейнефильм тыңдатылады (3.17 мин.). Бейнефильм мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі:
3. Оқушылар «Әпке» сөзіне топтастыру жасайды. қанатымен су сепкенбауырын қарлығаштайбаласынан артық көретін бар қазақ қыздарының қызықтан типтік бейнесі бауырлары үшін бас тартқан жан | МД слайд https://www.youtube.com/watch?v=YYOAyut0xDQ 1-таратпа 2-таратпа | |||||||||||
Сабақтың ортасы 13-17 18-22 23-32 33-37 | 4. Жаңа тақырыпты меңгерту. Мұғалім шығарма жанры және автор туралы қысқаша ақпарат береді. Драма жанрының ерекшелігі: «Пьеса тек сахнада ғана тіршілік етеді, сахнасыз драма – денесіз ем» Н.В.Гоголь. «Драмада адам өміріндегі ең маңызды, өнегелі дейтін, жұртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек» Д.Дидро. «Әпке» драмасы 1977 жылы жазылып, 1978 жылы сахналанған; Драматург ұзын саны 27 пьеса жазған, соның біразы шет елдер сахнасында қойылып келеді. Шығарма туралы қысқаша түсінік: 5. Т. Әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс. Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар беріледі, мәтіндерді оқып, драма жанрына тән ерекшеліктерді анықтайды, сыныпқа түсіндіреді. 6. Драма мәтінімен танысу. Оқушылар шығарманың бірінші актісін рөлдерге бөліп оқиды. «Әпке» - екі бөлімді драма. Қатынасушылар: Қамажай Омар – інісі Темірбек (Тимур) – інісі Ермек – інісі Нәзила (Наз) – сіңлісі Гауһар – Нәзиланың құрбысы Кәмила (Кама) – Тимурдың сүйген қызы, кейіннен әйелі Сұлтан – Тимурдың досы Сұлухан (Светлана) – Сұлтанның қасындағы қыз Қабен Көрші әйел 7. Оқушылар драма мәтінімен таныса отырып төмендегі кестені толтырады.
8. Оқушылар жазғандарын топта талқылайды. Қабілеті жоғары оқушылар драманың идеясынан туындайтын әлеуметтік мәселені түсінеді, ал қабілеті төмендеу оқушылар мазмұнын әңгімелейді. Дескриптор
| https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat-isabekov-apke-dramasy 3-таратпа 4-таратпа | |||||||||||
Сабақтың аяғы 38-40 | 9. Рефлексия. Сабақ қорытындысы бойынша оқушылар үш рет шапалақтайды: кімге? неге? не үшін? | слайд | |||||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?