Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 23-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: ІІІ Махаббат және абырой Уақыты: мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы | Дулат Исабеков «Әпке» драмасы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; |
Сабақ мақсаты | Драманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманизм тұрғысынан талдай отырып әдеби эссе жазады. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманизм тұрғысынан талдай отырып эссе жазу жолдарын меңгереді. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: көркемдік-идеялық құндылық, гуманизм, әдеби эссе т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, драманың көркемдік құндылығы мынада ..., мен ... ойлаймын т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы қоғам, отбасы, бауырлар алдындағы жауапкершілік сезімі оқушы бойына сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы. |
Алдыңғы білім | Шығармадағы құндылықтардың маңыздылығын бүгінгі күнмен салыстырып бағалауды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |
Сабақтың басы 0-3 4-10
11-12 | 1. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру. Ми шабуылы. Бақыт деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер? «Бақыт» сөзіне топтастыру жасаңдар. Сыныпқа жалпы сұрақ: Ал «Әпкенің» кейіпкерлері не дейді? Кәмила. ... Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек ол өз бақыты үшін қалай күресуді, өз ғұмырын қалай құруды да білмейді. Кәмила. ... Бақыт деген... бақыт деген мына сендер түсінетіндей ылғи қуаныш, ылғи сәттілік емес. Бақыт деген – азап. Омар. Сонымен, тоқетерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Отбасындағы, қызметтегі, махаббат, тағы-тағылар саласында. Осының бәрін синтездеп келген соң, сол жеке адамның өмірі мен қоғам мүддесіне, оның ішкі-сыртқы саясатына, халықаралық аренадағы беделіне көз жіберу керек. Қоғамсыз адам жоқ. Демек әрбір адамның қуанышы, күйініші, мүддесі өзі өмір сүріп отырған қоғам мүддесімен сәйкес келіп, өз тіршілігінде іздеген мақсатына жетсе немесе соған жету жолында аянбай күрес жүргізсе, оның өмірі – бақытты өмір. Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске апарар күрес. Әйел. Бақыт деген осы-ау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы құтты болсынІ Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендей-ақ болсын! 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | МД слайд 1-таратпа 2-таратпа | |
Сабақтың ортасы 13-27
28-32 | 3. Жаңа сабақты меңгерту. Ж. Оқушылар берілген тақырыпқа сай әдеби эссе жазады. Тақырыбы: Қамажай әпке шын мәнінде бақытты ма? Қабілеті жоғары оқушылар шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманизм тұрғысынан талдаса, ал қабілеті төмендеу оқушылар драма желісіне сүйеніп жазады. Дескриптор - бақыт ұғымы туралы ойларын жинақтайды; - кейіпкерлердің ойларымен танысады; - тақырыпқа сай әдеби эссе жазады; - гуманистік тұрғыдан талдайды; - эссе талаптарын сақтайды. 4.«Мұғалім – оқушы» әдісімен жазған эсселерін бір-біріне оқып, өзара бағалайды. | 3-таратпа | |
Сабақтың аяғы 33-37 38-40 | 5. Қорытынды. «...Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым. Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда. Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты, Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!» деген ақиық ақын Мұқағалидың сөздері Қамажайға арналған секілді. Қамажай - бақытын жүрегінен, жан-жағына шуақ боп шашыраған мейірімнен, бауырмалдығынан тапқан аяулы жан! 6. Рефлексия “3-2-1” Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат Қиындық келтірген 2 мәселе Сабақта ұнаған 1 аспект | ||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?