М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 26-сабақ.
Көркем деректі фильм: http://xitfilms.ru/online/VGdZSWlnZzBsQnM=
М.Дулатов ( көркем деректі фильм)
|
Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Романда оқиға желісі- суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады.Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды.«Бақытсыз Жамал» романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов: «Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның «Бақытсыз Жамал» деген романы 1910 жылы басылып, жарыққа шықты», - деді.Негізгі сюжет желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас өрбіп отырады. Шығарма оның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықтағы негізгі белестерін қамтиды. Әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ салып, Құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы.Роман екі сюжетте көрініс табады. Бірінші - Жамал мен Ғалидың кездескен сәттерін, сырласып, бір-біріне берік сенісіп, бір-бірін тең тұтып, бағалап, сүйіп қосылмақ болған жандар екенін, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жолға шыққан тұстарын М.Дулатұлы жылы сезіммен тебірене жазғандығы. Екіншісі - Ғалидың кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айрыларын сезінген Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісуі суреттелген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?