М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 29-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы.

Оқу мақсаты:А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Миға шабуыл : «Хронология» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушыларға интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан «Youtube 15.09.14 Міржақып Дулатов – Қалиланың фильмі» (https://www.youtube.com/watch?v=kd0_7wtyuyw) көрсетіледі.

«Зерттеушілер» тобы Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады.

«Оқырмандар» тобы автордың өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі:

1- тапсырма:«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

1. Міржақып Дулатов шығармаларына тән стильдік ерекшелік қандай?

2. Міржақып – заман шындығын көрсете білген жазушы

Жоба құрылымы:

 Кіріспе

 Зерттеу тақырыбының өзектілігі

 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

 Зерттеу жұмысының әдістері

 Зерттеу жұмысының болжамы

 Зерттеу жұмысының құрылымы

 Зерттеу бөлімі

 Қорытынды

Жоба құрылымы

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының әдістері

Зерттеу жұмысының болжамы

Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеу бөлімі

Қорытынды

2-тапсырма :«Төрт сөйлем»тәсілі

Жоба тезисін топ спикері қорғайды.

Топ спикері өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.

1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен тілдік ерекшелігіне өзіндік пікірін білдіреді.

2. Дәлел: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал: Өз ойын шығармадағы автор қолданған көркемдегіш құралдармен, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды: Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

Бекіту

3-тапсырма: «Дөңгелек үстел» әдісі

Автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігі туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Салыстыру

4-тапсырма:«Венн диаграммасы»

6. Бағалау

«Әдеби шеңбер» әдісі

1. Талқы себепшісі – «Бақытсыз Жамал» романы бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығармадағы автордың стильдік және тілдік ерекшелігіне баға беру)

2. Белгілеуші – шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.

3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы – шығармадағы автор стилін анықтап, көркемдегіш құралдардың қолдану ерекшелігіне өзіндік баға береді, қорытындылайды.

Кері байланыс: «Пайдалы үш нәрсе»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу