М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 31-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы
Оқу мақсаты: Б/С1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Миға шабуыл: «Бетпе-бет» әдісі » әдісі
Сынып оқушылары интерактивті тақтадан «Youtube 30.12.16 Еркін Шүкіман - Міржақып Дулатов «Алаш маршы» https://www.youtube.com/watch?v=bjqO5PvSBJ4» бейнебаяны көреді. Оқушылар тыңдағандары мен өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
• Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
• Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
• Ғали сауатты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?
• Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
«Бетпе-бет» әдісі » әдісі
Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
Міржақып Дулатовтың «Алаш маршы» туындысының құндылығы неде?
Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?
Талдау аяқталған соң сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды.
Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі
1- тапсырма:«Әңгіме кестесі» әдісі
2- тапсырма «FILA толтыру» әдісі
Топтарға қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны жазылған қима қағаздар таратылады.
Топтағы оқушылар тапсырма түрлерін бөліп алады.
Жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан тарихи деректер жинау;
I /Пікір /– тарихи кезең туралы өзінің ой-пікірі;
L /Сұрақ/– тарихи кезеңді ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың тарихи кезеңді суреттеудегі қолданған тәсілі .
3-тапсырма :«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою»тәсілі
Сынып оқушыларына алдымен «Youtube 14.08.13«Міржақып Дулатов - менің әкем»
https://www.youtube.com/watch?v=KbF3ZnOmPBw» бейнежазылымын көреді.Топта оқығандары және көргендері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиеттанушы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:
Кейіпкердің ойы мен сезімі
Уақыт және оның олар үшін маңыздылығы
4-тапсырма: «SWOT талдау» тәсілі
Топтағы оқушылар алдымен жұпта ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны бойынша берілген мәтіндерге талдау жүргізеді.
Жұптар немесе топтар арасында жұмыстар алмастырылады, танысып, қорытынды жасайды.
•Кейіпкерлерге талдау жүргізе отырып, автордың жаңа идеялары мен бағыттарын көрсетеді.
Кейіпкерлер бойындағы құндылықтарды қазақ әдебиетіндегі ұқсас кейіпкерлермен салыстырады.
«SWOT талдау» тәсілі
S-Кейіпкерлердің мықты жақтары
W- Кейіпкерлердің әлсіз жақтары
O -Кейіпкерлердің мүмкіндіктері
T- Кейіпкерлерге қатысты қауіп-қатер
Бекіту
«Фишбоун» әдісі
Талдау жасау үшін балық қаңқасы салынған қағаз таратылады.
Басына шығарма көтерген мәселені, үстіңгі сүйектерге шығарманың негізгі түсініктерін,астыңғы сүйектерге шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын, құйрығына мәселенің шешімін жазады.
Оқушылар шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын өзіндік көзқарас тұрғысынан баға береді. шығарманың негізгі түсініктері
Салыстыру
4-тапсырма.Бағалау
«Менің сөзім» әдісі
«М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романында үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?» тақырыбына дәлелдемелер келтіре отырып өз көзқарасын білдіріп, эссе жазу.
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған критерий бойынша топтық бағалау жасайды.
Кері байланыс: «Білу қажет» кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?