Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 12-сабақ.
Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор ерекше бір тебіреніспен, сүйіспеншілікпен бейнелеген.
Әжесінің әу бастан әкесі Момышқа:
- Әй, қара құл! Мен құдайдан саған ай көрікті ай перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса, немерелерімді жиіркенбей сүйейін, - деп талап қоюы да еріксіз езу тартқызарлық юморлық стиль. Әуезді әуенімен әлпештеген әже әлдиі де қаламгердің жүрегінде мәңгілік сақталған.
Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлімнің тектілігінің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қаланғанын жас ұрпаққа өнеге етеді. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанында құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын», - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясы да осы қастерлі ұғымды үнемі алға ұстайды. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Үлкендерге амандасу рәсімін меңгерту нәтижесінде олардың аузынан бала Бауыржанға «жақсы азамат, жігіт болып қалыпты» деген көтерме баға берудің өзі тек жақсы болуға жетелеу екенін танытады.
Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі: «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға айрықша мән беретұғын. Өзінің бала-немерелеріне, тіпті бізге дейін, Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отыратын. Енді ойлап қарасам, орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бола бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктен сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де осы ойымызды қуаттайтыны ақиқат.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?