Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 12-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: ІІІ Махаббат және абырой Уақыты: мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы | Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу. |
Сабақ мақсаты | шығармашылық жазылым тапсырмасын орындау |
Бағалау критерийі | шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: креативті жазу тәсілін меңгереді. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: үзінділер, креативті жазу, әже құшағы, әженің алғашқы әңгімелері, әке өсиеті т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, шығарма үзінідісіне сай ..., мен ... ойлаймын т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге адамгершілік, отбасылық, ұлттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы. |
Алдыңғы білім | «Ұшқан ұя» шығармасындағы тура және жанама мінездеулерді жіктеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-3
4-8
9-10 | 1. Қызығушылықты ояту мақсатында «Асыл әжем» әні тыңдатылады. Сөзін жазған – Қадыр Мырза-Әлі. Оқушылар әннің мына жолдарына назар аударып, сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. Сенің жаның жүрегіме ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | МД слайд /watch?v=dGB8Qa59yxs 1-таратпа | |||||||
Сабақтың ортасы 11-15
16-20
21-30
31-37 | 3. Жаңа сабақты меңгерту. Ж/Т. 1-тапсырма. «Білу қажет» кестесін толтыр.
Ж/ЖЖ. 2-тапсырма. Креативті жазу 1-қадам: Оқушылар «Әжемнің осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...» деген жолдардың мағынасын жұбымен талдайды. Әсіресе мына тіркестерге ерекше назар аударады: ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты. 2-қадам: Батыр Бауыржанның өнегелі өмірі туралы жазба жұмысын әже айтқан аңыздар мен әке әңгімесінің өсиетімен, үлкендердің өнегесімен байланыстыра отырып орындайды. 3-қадам: жазғандарын жұбымен бірігіп отырып тексереді, «екі жұлдыз, бір тілекпен» бағалайды. 4. Мұғалім бақылау парағын толтырады. Дескриптор - кестені толтырады; - үзіндіні талдайды; -жекелеген сөздердің мағынасын ашады; - батыр бейнесімен байланыстырады; - креативті жазады. Қабілеті жоғары оқушылар жазылым тапсырмасын шығармашылықпен орындаса, қабілеті төмендеу оқушылар батыр туралы білетін жалпы мәліметтерімен шектеледі. | 2-таратпа 3-таратпа | |||||||
Сабақтың аяғы
38-40 | 5. Рефлексия Сабақ мазмұны: қызықты/қызықты емес; ұнады/ұнаған жоқ; пайдалы/пайдасы аз. Оқушы жауаптарын тыңдап, сабақты қорытындылау. | ||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?