Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 13-сабақ.
1-таратпа. Роман оқиғаларынан өздеріңе ең қызықты болған тұстарын бір-біріне әңгімелеңдер және не себепті олай ойлайтындарыңды түсіндіріңдер.
2-таратпа. «Тану, Талдау, Бөлу» кестесі
1-қадам: Өздеріңе берілген үзінділерді неғұрлым кішірек бөліктерге бөліп жіктеңдер.
1-үзінді: Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:
Балам менің қайда екен?
Қыздарменен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан кәнеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында
Қыз-бозбала соңында, — деуші еді-ау!
2-үзінді: Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.
3-үзінді: Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
— Кімнің баласысың? — деп сұрайтын ол.
— Мен - Момыштың ұлымын.
— Момыш кімнің баласы?
— Момыш — Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
4-үзінді: Әкем меймандарды үйге бастап жүрді. Есіктен ең алдымен Серкебай нағашым бас сұқты. Әжем оны балаша аймалап, еркелетіп жатыр. Осы кезде нағашымның атқосшы жігіттері ішке қоржын көтеріп кірді. Серкебай төрге жайғасып болған соң әжемнің қал-жайын сұрады.
—Аманбысыз,әпке. Ауру-сырқаудан саумысыз? Көңіліңіз жайлы ма?
— Құдайға шүкір, шырағым, — дейді әжем де елжіреп.
Мұнан соң жаппай жай сұрасу басталды. Ел адамдарының есендігі, мал-басының түгендігі сұралды.
Бұл кезде қоржынның аузы сөгіліп, нағашымның әкелген сыйлықтары көріне бастады. Өрік-мейіз, қант-шай, бауырсақтан басқа әжеме арналған көйлектік мата да шықты.
3-таратпа. 2-қадам. Талқылау барысында осы үзінділердің арасындағы байланысты анықтаңдар.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
4-таратпа. Үзіндімен жұмыс
1.Менің ойымды жеткізетін үзінді ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2.Үзіндінің мәні мынада: ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
3.Мысал келтірсем... ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
4.Ойымды әсерлі жеткізу үшін мына метафораны қолданамын: ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?