Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.
ФАМИЛИЯСЫ ЖОҚ ҰЛЫ ҚАЗАҚ
Осыдан 20 жыл бұрын
1996 жылғы сәуірдің екінші жаңасы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу туралы» Жарлығында: «1. Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атына түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып бірге жазылады», – деп көрсеткен.
Осыдан 45 жыл бұрын
1970 жылдар ортасы. Алматыда қазақ мектептер түгелдей жабылып, ауылда тұратын ата-аналар балаларына арналған жалғыз №12 қазақ мектеп-интернаты ғана қалған. Оның өзі жабылуға шақ. Себебі, қазақ тілінің болашағы жоқ деген желеумен бұл мектепке де бала саны толмай жатқан.
Мектепті жапқызбау үшін қазақ ата-аналарға баласын қазақ мектепке беруге үгіттеп жаз бойы үй-үйді жаяу аралап, есік қағып, қол жинаумен әбден қалжыраған Шона ақсақал (қазірде Алматыдағы осы мектепке жазушы, сатирик Шона Смаханұлының аты берілген) орталық паркте Бауыржан Момышұлына кездейсоқ жолығып қалыпты:
– Ассалаумағалейкум Бауке!
– Уағалейкумассалам! О,Қазақтың Ұлы адамы екенсің ғой. Кел бері!
Баукең «Ұлы» деген сөзге салмақ сала айтыпты. Шона түсінбей сасқалақтап қалады. Баукең оған: – Иә, бүгін Қазақстанда екеуіміз ғана Ұлы адамдармыз. Мен Момышұлы, сен Смаханұлы. Басқалардың бәрі «овтар» мен «евтер»-деген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?