file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Тағдырластар. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


Оқушының аты-жөні _______________________________________

 1-тапсырма. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романына сатылай кешенді талдау жаса. Жазбаңды үлгімен салыстыр. http://bilim-all.kz/article/6887-M-Dulatovtyn--Baqytsyz-ZHamal--romanyna-satylai-keshendi-taldau

2-тапсырма. Гендер туралы ақпартты оқы, жұпта талда.

 ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ЖЫНЫС ДЕГЕНІМІЗ – БҰЛ ЕР АДАМ МЕН ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЖЫНЫС: - адам туғанда белгілі болады және ұл балалар мен қыз балалардың жыныс органдарындағы көзге көрініп тұратын айырмашылықтарға және соған байланысты бала туу функциясындағы айырмашылықтарға қатысты; - хирургиялық немесе гормоналдық араласушылық болмаса, өзгертуге болмайды.

 ГЕНДЕР – БҰЛ ЖЫНЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АЙҚЫНДАМАСЫ. ГЕНДЕР: • ерлер мен әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени айқындамасы болып табылады. • өзгертуге болады: ерлер сияқты әйелдер де инженер, ұшқыш және т.б. болып жұмыс істей алады.

 ЖЫНЫС ПЕН ГЕНДЕР ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ Жыныс ерлер мен әйелдердің биологиялық сипаттамасы болып табылады.

 Гендер – бұл жыныс деген сөз емес. Гендер ерлер мен әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан айқындалған және қоғамда қабылданған өзін ұстау нормаларына жатады. • Гендер – бұл қоғамда ерлер мен әйелдерге жүктелген экономикалық, әлеуметтік және мәдени рөлдер. • Гендерлік рөлдер бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өткенде, бір мәдениеттен екінші мәдениетке өткенде өзгеруі мүмкін. Мысалы, Ежелгі Мысырда ерлер үйде қалып, өрім өрген. Әйелдер отбасылық бизнеспен шұғылданған. Әйелдер мүлікті мұраға алған, ал ерлер алмаған. Қазіргі заманғы Мысырда бұл рөлдер толығымен өзгерген. Біз ерлер мен әйелдер олар өздері ер не әйел болғандықтан ғана белгілі бір қадамдарды жасайды деп күтсек, бұл біздің «гендерлік нормаларды» ұстанғанымызды білдіреді. Түрлі мәдениеттердің түрлі гендерлік нормалары болады немесе ерлер мен әйелдерден әртүрлі қадамды күтеді. Мысалы, кейбір мәдениеттер әйелдер үйде қалып, үй жұмыстарын істейді, ал ерлер жұмысқа шығуы керек деп күтеді. Бұл нормалар да гендерлік рөлдер деп аталады, оларды ерлер мен әйелдер қоғамда, тіпті отбасында да орындауға тиіс белгілі бір рөлдер болып табылады.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу