Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


Мұғалімге арналған ақпарат

 Баукеңе тағдыр сыйлаған жауынгерлік-қолбасылық һәм шығармашылық ғұмырдың соншама мағыналы да жемісті болуының ішкі себептері мен қайнар көздеріне назар аударар болсақ, бала Баукеңнің сүйікті әжесі Қыздығой мен Имаш атаны, Момыш пен нағашысы Серікбайлар бастаған аса көргенді, тәрбиелі, айрандай ұйыған тамаша нақ қазақы отбасын – қырандарды көкке самғатқан қастерлі ұшқан ұясының қасиетін атаймыз. Бауыржан Момышұлы деген ұлы тұлғаға тән өмір шындығы бар болмыс-бітімімен «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін қазақы философияда жатқанын, ата-әже, әке-шеше, нағашы жұрт дейтін үш тұғырға барып тірелетінін әлі күнге сезбейтін тәріздіміз.

 Батыр Бауыржан өзін де, әкесін де, жаратушы Алланы да атасы Имаш пен әжесі Қыздығойдың бесік жырымен, күнделікті үлгі-өнегеге толы парасатты ақыл-кеңестерімен, нақтылы іс-әрекеттерімен қордаланған имани тәлім-тәрбиесі арқылы танып-біліп барып қазақтың мақтанышына айналып, ұлт төріне көтерілген болатын. Ендеше «Ұшқан ұядан» алар тағылым, үлгі-өнегенің бүгінгі әр елдің догмалық педагогикасы мен тәлім-тәрбиесі дегендерге еліктеп-солықтаған реформашыл оқымыстыларға, жылда ауы­сып жататын шенеунік басшыларға берері ұшан-теңіз екенін оларға қалай ұқтырамыз? «Ұшар ұя» түзелмей қазақтың түлемейтінін қашан ұғынамыз, ағайын? Момынқұлдай жер-көкке сыймай аласұрып жүрген албырт жасты тезге салып, жөн көрсетер Серікбайдай әділ де қатал нағашылардың жоқтығынан қазақ баласы шынымен кежегесі кейіндеп бара жатқанын несін, кімнен жасыра аламыз?

 Қайран оқымаған данышпан Қыздықой әженің Күн мен Ай, жел мен су және жарқанат жөнінде немерелеріне айтып берген аңыз-ертегілердің түйінін Баукең әжесінің: «Балаларым, жақсылыққа жамандықпен жауап бермеңдер. Жақсылықтың өтеуі де жақсылық болсын» дейтін өсиетінен өрбітіп, «Біз осылай үлкендерден ғибрат алып өсіп едік. Ал үлкендердің әр өсиеті – өнер мен өнегенің ең шыңы ғой»,- деп әспеттейді.

  https://egemen.kz/article/164436-ushqan-uya-ulaghaty



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу