Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары.


Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:01-02.09.2022 ж.

Сыныбы: 9

Мұғалімнің аты-жөні: Мұғалім: Е.М. Ермағамбетов, А.О.Есенжолова, Д.Ш.Өмірбекова

Бөлім тақырыбы

Махаббат пен абырой

Сабақ тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Оқу мақсаты

8.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау

8.А/И2. Эпикалық, лирикалық, драмалық шығармалардағы автор көзқарасын талдау.

8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

8.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы

Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы кейіпкердің жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау

Поэмасындағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау.

Шығармалардағы автор көзқарасын талдау.

Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Оқушылардың көбі

Автордың салт-дәстүрге көзқарасын тұжырымдау.

Оқушылардың кейбірі

Ұлттық салт-дәстүрге баға беру.

Бағалау критерийлері

Кейіпкерді талдауда әдіс, тек, тәсіл, құрал тұрғысынан ашады.

Көркемдегіш құралдарды талдауда троп түрлерін көрсетеді.

Автор көзқарасын талдауда мәтіннен мысал келтіреді.

Тұлғаны талдауда жоғары гуманистік тұрғыдан ашады.

Тілдік мақсаттар 

Дағдыларды дамыту:

Сыни ойлау, топта жұмыс жасау, шығармашылық дағдылары, анализ және интерпретация.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мәтін сөздігінде.

Талқылау сұрағы:

Салт-дәстүрлерді ұстану адамзат үшін қаншалықты қажет?

Құндылықтарды қалыптастыру 

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Ресурстар

Оқыту

Сабақ кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Саралау

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ басы

6

Қызығушылықты ояту. Kahoot ойыны арқылы поэма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

https://play.kahoot.it/v2/?quizId=5d8ae3ca-8e27-476d-b25d-bced3be8f583

Поэманың тармақтары ұсынылады, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Оқушылар өздерін жауап кілті бойынша тексеріп, «Үш айдарлы» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақ ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

2-тапсырма.

Мақсаты. Шығармалардағы автор көзқарасын талдау. Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы көркем бейнелерге талдау жасаңыз.

Жауабыңызға мәтіннен дәлел келтіріңіз;

Жауаптарыңызды топта дәлелдеңіз.

1-топ. Қалқаман

2-топ. Мамыр

3-топ. Әнет баба

4-топ. Көкенай

Көркем бейнені талдау

Қалқаман

Мамыр

Әнет баба

Көкенай

Тура мінездеу – автордың мінездемесі

Жанама мінездеу - басқа кейіпкердің мінездемесі, қатынасы

Кейіпкер психологиясы - сезімін, халын суреттеу

Монолог – кейіпкердің өз сөзі

Диалог –

өзгемен сөйлесуі

Портрет –

сырт келбеті, қимыл-әрекеті

Авторлық көзқарас – образға берген эстетикалық бағасы (пейзаж, кейіпкер сыры мен сезімі, өмір тіршілігі мен көңіл-күйін ашуы)

Сіздің кейіпкерге көзқарасыңыз

Дескриптор:

Кейіпкерлердің жасалу жолдарын дұрыс анықтайды;

Жауабын дәлелдеу үшін мәтіннен үзінді келтіреді;

Келтірген үзіндісі қисынды.

4-тапсырма «Аялдама» әдісі.

2-тапсырма:

Мақсаты: Поэмасындағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау. Автордың салт-дәстүрге көзқарасын тұжырымдау.Ұлттық салт-дәстүрге баға беру.

Нұсқаулық

Өлеңді тілдік тұрғысынан талдаңыз.

1-топ:

2-топ:

3-топ:

4-топ:

Троп түрлері

Мәтіннен мысал

Мағынасы

Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.

Эпитет (айқындау)

– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз

Метафора (ауыстыру) суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.)

(Түрлері - аллегория, кейіптеу, символ)

Метонимия  (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.

Синекдоха - метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. 

Литота немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал.

Перифраз -құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Мысалы, орман патшасы,қара алтын, т.б.

5-тапсырма: «Кубизм» әдісі

Мақсаты: Шығармалардағы автор көзқарасын талдау. Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. Автордың салт-дәстүрге көзқарасын тұжырымдау. Ұлттық салт-дәстүрге баға беру.

Нұсқаулық:

Кубикті кезекпен лақтырып, өзіңізге түскен сұраққа жауап беріңіз;

Жауапты өзге оқушыға бағыттауға болады.

  • Қалай ойлайсыз, Ш. Құдайбердіұлының осы оқиғаға өз көзқарасы қандай?
  • Шығарманың идеясы қандай? Неге?
  • Әнет баба мен Көкенайдың көзқарасындағы айырмашылықтардың себебі неде?
  • Қалқаман мен Мамырдың махаббаты күнә ме, соқыр салт кесірінен туындаған жеке трагедия ма?
  • Салттың бұзылуы әлеуметке қалай әсер етер еді?
  • Бүгінгі күні 7 атаға дейін қыз алыспау салтын ұстану қажет пе, жоқ па? Неге?

Дескриптор:

Жауабына мәтіннен дәлел келтіреді;

Жауабына өмірден дәлел келтіреді.

Тапсырманы орындауға көмектесу үшін органайзер, поэма мәтіні беріледі. Топта қолдау алады.

Тапсырманы орындауға көмектесу үшін поэма мәтіні, кестедегі анықтамалар, топтағы қолдау, мұғалімнің жетекші сұрақтары түрінде қолдау көрсетіледі.

Тапсырма деңгейі жоғары оқушыларға арналады. Оқушылар өз деңгейінде орындауы мүмкін.

Оқушылар өздерін дескриптор арқылы тексеріп, мұғалімнен кері байланыс алады.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор бойынша бағалайды.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор бойынша бағалайды.

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия «Ет тартқыш» әдісі

Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімін бағалау.

Тапсырманы орындауға көмектесу үшін суреттер, нұсқаулық беріледі.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?

Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан –да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу