Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


Қосымша дидактикалық материалдар

http://kaz.docdat.com/docs/index-16995.html Әдеби шығармалардың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.Эпос (грекше epos – баян, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.Лирика (грекше «lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы») - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.Драма (грекше «drama – қимыл, әрекет») - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын аамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі»(Горький). Драмадағы ең шешуші нәрсе – тартыс.Стиль (грекше - stylos) деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римляндар сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған.Монолог - әдеби шығармаларда әсіресе драмалық туындыларда кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі, кейіпкерді сөйлету тәсілі.Диалог - әдеби шығармаларда екі кейіпкердің немесе бірнеше адамдардың сөйлесуі, яғни оларды сөйлету тәсілі.Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу.Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі.Тенденция -шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип.Композиция - әдеби шығарманың құрылысы.Аллитерация - грекше «дыбыстас» деген мағына береді. Шығармаларда бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.Ассонанс - французша «үндес» деген мағына береді. Өлең сөзде дауысты дыбыстың үндесе қайталануы.Эпитет (айқындау) – грекше «сипаттау» деген мағына береді. Заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.Метафора (грекше орнын ауыстыру, көшіру) – екі нәрсені немесе құбылысты жанастырып, жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.Аллегория - мысал өлеңдердегі құбылту (грекше «пернелеп айту»).Метонимия (грекше «қайтадан атау») - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалқының орнына жалпыны қолдану тәсілі.Ирония (грекше «келемеждеу») – сырты мүсіркеу болғанмен, іші кекесінге, әжуаға толы.Сарказм – шығарма тіліне өткір сұс беретін, тегеурінді күш беретін көркемдік тәсіл.Гипербола (грекше «үлкейтілген») – бір затты немесе құбылысты шамадан тыс ұлғайта суреттеу.Гротеск (французша «оқыс, оқшау, оспадар»). Мұнда адам немесе адам өмір сүрген орта оның әлеуметтік шындығы кейде кісі күлерліктей, кейде жан шошырлықтай ерекше сұмдық халде әдейі өсіріле немесе өшіріле суреттелінеді.Антитеза - бір-біріне керағар құбылыстарды, мән-мағынасы әртарап ұғымдарды, түр-түсі бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.Градация - алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.Инверсия - (латынша «орнын өзгерту, төңкеру») – прозалық әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.Эллипсис (грекше «түсіріп тастау, атап айту») – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.Сөз  тастап  кету  бірнеше  мақсатта  қолданыла  береді  деп  айта  аламыз.  Ол  бірде  айтайын  деген  сөзі  айтпаса  да  түсінікті  сөздердің  орнына  қолданылса,  бірде  жалғастықты  таныту  үшін де қолданылады. Санамаланып келе жатқан сөздердің, ойлардың  келесілері  айтпаса  да  түсінікті  болған  жағдайда  да  қолданылады.  Кейде шығармадағы кейіпкердің ішкі сезімін, эмоциясын білдіру үшін  де қолданып жатады. 

Мысалы:Толғамас сені қалам бар ма екен жүрекпен,  Сен "Әу..." дегенде жүрегім менің дір еткен.  Әлемді түгел әлдилеп салған әніңнен  Оянып кетсем керек мен!. (М. Жұмабаев)  

Біреуіне біреуі қақпан құрып,Аңдаусызда кетем дер бір түсіріп.Біле сала қылады о да қулық,Аяғы сау жан қалмас сүйтіп жүріп. ( Ш.Құдайбердіұлы)

Өмірің өтер өкініп,

Қауырсын қайта жетіліп.

Бескүніктегі тірлігің жарқын бір күнгі,

Әйтпесе.... өмірдің өзі өтірік. (Төлеген Айбергенов) Параллелизм (грекше «қатар жүру») егіздеу – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.

Айшықтаудың бір түрі – егіздеу (параллелизм). Бұл да грек сөзі. Қатар суреттеу деген ұғымды білдіреді. Қазақ әдебиетінде екі ұқсас сезімді, ұғымды, құбылысты, суретті қатар алып суреттеу ауыз әдебиетінен бастап жалғастық тауып келеді. Әсіресе, жыраулар шығармашылығында ерекше дамыған. Әдебиеттану ғылымыныда егіздей суреттеудің бірнеше үлгілері көрсетіліп жүр. Адамның көңіл- күйін табиғат суреттерімен астастыра суреттеу арқылы пәлсапалық ой танытуды психологиялық параллелизмге жатқызады.

Мысалы:

Аты жоқ құс болады көкек деген,

Алдында терезенің секектеген.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айрылып сені, сәулем, кетед деген. (Біржан сал)

Атыңнан айналайын, Қарқалалы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады... (Мәди Бәпиұлы)

Егіздеудің екінші бір түрі – синтаксистік параллелизм. Өмірдегі екі түрлі нәрселерді, ұғымдар мен түсініктерді, құбылыстарды қатар алып суреттеу арқылы да өзіндік өрнек жасап, түйінді ой айтса синтаксистік параллелизмге жатқызамыз:

Түйе мойнын тұз кесер,

Жігіт мойнын қыз кесер....

Бұлан да бұлан, бұлан сан,

Бұланның санын оқ тесер,

Бұлаңдап жүрген жігіттің

Жомарт қолын жоқ кесер! (Ақтамберді)

Жайық деген жанды су,

Көзі қара қанды су.

Біздің жүрген жеріміз,

Күнде базар, күнде ду. (Ақтан Керейұлы)  

Әсірелеу (гипербола)- суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін,әсерлігін арттыратын көркемдік тәсілдің бір түрі.Ол фольклорлық шығармаларда,әсіресе,батырлар жырында жиі кездеседі.Сонда Буырыл гуледі,Табаны жерге тимеді,Көлденең жатқан көк тастыТіктеп тиген тұяғыСаз балшықтай иледі......Ұмтылғанда қысылып,Бес жүз құлаш жазылды. ("Қобыланды батыр")Сонымен қатар әсірелеу ақындар мен жыраулардың шығармаларында да жиі қолданылған.Балығы тайдай тулаған,Бақасы қойдай шулаған... (Қазтуған жырау)Шендестіру (антитеза)-кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып,келесі бір заттың,ұғымның,құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі....Қара жерге қар жауар,Қарды көр де етім көр,Қар үстіне қан тамар,Қанды көр де бетім көр. ("Ер Тарғын")

Сондай-ақ шендестіру тәсілін кейінгі халық ақындары мен жазба әдебиет өкілдері де кеңінен қолданып келе жатқаны белгілі.Қар -аппақ,бүркіт - қара,түлкі - қызыл,Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... (Абай)Риторикалық сұраулы сөйлем- ойды,сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен,сұрау түрінде айту.Өлеңде қойылған сұраудың жаубында екі ұштылық,шүбәлану болмайды,оны оқушы іштей біліп отырады.Мысалы:Балалық өлді,білдің бе?Жігіттікке келдің бе?Жігіттік өтті,көрдің бе?Кәрілікке көндің бе? (Абай)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу