Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 4

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Оқу мақсаты

Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

 Бағалау критерийі

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Шығарма бойынша әдеби сын- пікір жазудың ерекшелігін таниды;

Ауызша шығарма туралы өз көзқарастарын басқа сын -пікірлермен салыстыра бағалайды ;

Жазылым жұмысында шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: әдеби сын, пікір,қысыр кеңес, құнарлы пікір, табанды бол, екі жүзді әрекет.

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармадағы жайында былай ойлаймын...

Ақынның суреткерлік шеберлігі мына жолдардан анық байқалады:

Ойымды қорыта келе:

Құндылықтарды дарыту

Көркемдік құндылық

 Пәнаралық байланыс

Ақынның тұлғалық болмысын ашуда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар шығармадағы құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру арқылы тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

1.Миға шабуыл

«Сұрақ? Жауап» әдісі

Оқушыларға «7Сиқырлы кітаптар.Шәкәрім Құдайбердіұлы» бейнежазылымы көрсетіледі.

(https://www.youtube.com/watch?v=0Jq6qBMnFP4). Бейнебаянды көріп болғаннан кейін сынып оқушылары «Ал, біз, Шәкәрім өлеңдерінен қандай ғибрат алдық?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады.

Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

  • Шығарма бойынша жазылған сын-пікірлерді салыстырады;
  • Жазылған сын-пікірлерге сүйеніп сыни пікір жаза алады.

youtube.com 05.11.15 «7Сиқырлы Кітаптар. Шәкәрім Құдайбердіұлы» https://www.youtube.com/watch?v=0Jq6qBMnFP4

Сабақтың ортасы

28 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма «Үлкен және кіші шеңберлер» тәсілі

Интерактивті тақтадан «Шәкәрім, өмір кезеңі, ғалымдар, шығармалар, пікірлер...» деген сөздер көрсетіледі. Оқушылар бұл сөздердің бір- бірімен байланысын, неге қатысты айтылу мүмкіндігін, әсерін болжап, ойларымен бөліседі. Оқушылар үлкен және кіші шеңберге тұрады. Кіші шеңбердегі оқушылардың қолына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы ғалымдардың пікірі таратылады. Кіші шеңбердегілер үлкен шеңбердегі оқушыларға қарама-қарсы тұрып пікірлерді оқиды. Үлкен шеңбердегілер ең маңызды ақпаратты естеріне сақтап, «Шәкәрім – ғалымдар сөзінен кейін...» деген тақырыпта әдебиеттанушы ғалымдардың ойларымен өз ойларын байланыстырып пікірлерін айтады.

Ғалымдар пікірі:

«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Бұған оның сан алуан өлеңдері мен ән мәтіндері айқын айғақ бола алады. Біз бұл орайда оның жыр өлеңдерін де тізбелеп жатпай-ақ, соның қажетті деген кейбіреулеріне ғана тоқталып өтсек дейміз. Айталық, ол өзінің «Ойдан шығарылған бар түрлі әндерін» атты өлеңінде аталған ән талабына орай бірінші жолды 9, екінші жолды 10, үшінші жолды 9, төртіншісін 8, алтыншы жолды 11, жетінші тармақты 7 буынды етіп құрады. Тіпті, кейбір мәтіндерді 2 және 8 буынды етіп те құбылтады. Ал енді біріңғай 8,9,10,11,12 буынды өлеңдер де жиі ұшырасады. Бұлар өзіміздегі әр алуан зерттеулерде әр кезде арнайы қарастырылып, лайықты бағасын алып келгендіктен, біз сөзді осымен шектей тұрамыз....».

Оқушы пікірі:«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Біз бұл орайда ғалымдардың ақын шығармашылығы жайлы зерттеу еңбектері, сын-пікірлерімен толық келісеміз. Айталық, ақын өзінің «Жастарға» атты өлеңінде ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма соңында оқушылар «3 жақсы …, бір дамытуды қажет ететін…» кері байланыс парағы арқылы өзін-өзі бағалайды.

3. Мағынаны тану

2-тапсырма.

«Категория» тәсілі

Оқушылар «Категория» тәсілі арқылы топқа бөлінеді. Тақтаға үш категория жазылады: «Тарих», «Әдебиет», «Сараптама». Оқушылар өз еріктерімен категорияларды таңдап алады. Алдын ала категория мамандарына орын дайындалады. Тақтаға Шәкәрімнің суреті салынған үлкен портрет ілінеді немесе мүмкіндік болса интерактивті тақтадан көрсетуге болады. Пресс-конференцияны жүргізуші спикер мен тілшіні мұғалім тағайындайды. Оқушылар өздері таңдаған категориялары бойынша орналасады. Спикер конференцияның өту тәртібімен мамандарды таныстырып, жұмысын бастайды. Пресс-конференция «Өмір шындығын суреттеудің хас шебері» деген тақырыпта өтеді. Мамандар тақырып бойынша өз категорияларына сәйкес көзқарастары мен ойларын білдіреді. Тарихшылар шығармадағы ақын өмірінен Абайдың алатын орны мен мәнін, әдебиетшілер шығарманың әдебиет саласындағы маңызын айтады. Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.Спикер конференция жұмысын аяқтағаннан кейін тілші баспаға конференция жайлы ақпараттық мақала ұсынады.

Қабілеті орта оқушыға пресс-конференцияны жүргізу, қабілеті жоғары оқушыға мақала жазу тапсырылады.

4. Бекіту

3-тапсырма

«TeD әңгімелері» әдісі

Сынып оқушылары топпен «Кейінгі жастар қабылдар, Айтылған дұрыс сөзімді...» тақырыбында екі минуттық шешендік сөз дайындайды. Шешендік сөз алдымен алдымен жұпта, содан кейін топ арасында тыңдалады. Топ мүшелері ең үздік деп танылған бір оқушының сөзін мектепішілік «TeD әңгімелері» конференциясына ұсынады.

5.Салыстыру

4- тапсырма

«Блокбастер» әдісі

Бұл тапсырма мүмкіндік болса интерактивті тақта арқылы орындалады. Интерактивті тақта болмаса үлкен флипчартты пайдалануға болады. «Блокбастер» әдісі бойынша флипчартқа торкөздер сызылады. Торкөздер ортасынан екі бөлікке бөлінеді. Торкөздердің оң жақ және сол жақ бөлігіне 20, 30, 40, сандары жапсырылады. Сандардың астына «Сол жақтағы 20:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 20:оқушы пікірі », «Сол жақтағы 30:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 30:оқушы пікірі», «Сол жақтағы 40:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 40:оқушы пікірі» жазылады.

Сол жақтағы 20, М.Әуезов: «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия – Абайдың балалары. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын-шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады»

Сол жақтағы 30, М.Жармұхамедұлы: «Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсер-ықпалын орынды бағалап:  

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берелік

Бір білімді данышпан жан табалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой,тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр баралық!

Мынау Абай- бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөзді ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.      Осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертеді».

Сол жақтағы 40, Серік Қирабаев: «Әдебиетті құрметтеу — мәтін тазалығынан басталатындығы Ш.Құдайбердіұлы көркемтанымындағы басты ұстаным.

Ш. Құдайбердіұлының көркемдік қарымы мен эстетикалық талғамы алуан жанрда жазылған шығармаларында мейлінше айқындалған. Оқығаны мол, тоқығаны адам баласын таң қалдыратын күрделі суреткер даяр үлгіні місе тұтпаса керек. Шын мағынадағы көркем шығармалар дүниеге келіп, тұтас қазақ әдебиеті ояну дәуірін өткеріп жатқанда жанашыр, жол көрсетуші сынның туу қажеттілігін мейлінше терең ұғынған Ш.Құдайбердіұлы «Біздің қазақ арасына газет, журнал шыға бастағаннан бері үзбей оқымасам да, анда- санда газета, журнал оқушы едім! Сонда бірінің сөзін бірі сынаған қазақ оқымысты азаматтарының сөзіне кез келуші едім», — деп әңгімесін сабақтайды. Әрі қарай сын деген не, мақсаты қандай, сыншы кім, оған нендей талаптар қойылады, тағы сол сияқты кенеулі проблемаларды ақтарып салады. Айтар ойына, көрсетер жолына, ішкі жан дүниесінің тазалығына шұқшия зейін қойып, сынның бет аңғары, болмыс бітіміне орай принципті тұжырымдарды заңнамалық баптарды тізгіндей тәптіштейді. Өзіне де, өзгеге де биік та лап мұнарасынан қарайтын Ш.Құдайбердіұлы «сын деген жаратылыс ағымының таразысы, таза елегі» екендігіне оқырман көпшілікті ұйытады».

Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады. Мұғалім сынып оқушыларының ішінен бір жүргізуші, бір белгілеуші тағайындайды. Жүргізуші бір мезетте екі топтан бір-бір оқушыдан шығарады. Оқушылар торкөздердің оң және сол жағындағы бірдей сандарды таңдауы керек. Бірінші оқушы ғажайып шаршылардағы шығарма туралы жазылған ғалым пікірін оқиды,екінші оқушы өз пікірін айтады, қалған оқушылар пікірлерді салыстырып, өз көзқарастарын білдіреді. Жауаптарды белгілеуші жазып отырады. Оқушылар пікірлер туралы ойларын айтып болғаннан кейін, екі топ бірігіп шеңбер құрып тұрады. Белгілеуші пікірлер жайлы салыстыруларды оқиды, сынып оқушылары толықтырып өз ойларын қосады. Жүргізуші ең көп жауап берген оқушыны анықтап, баға береді.

6.Бағалау

5-тапсырма

«Көзқарас- талдау- стандарттау» әдісі

Оқушылар «Жастарға» өлеңі бойынша «Түртіп алу» тәсілі арқылы ең маңызды ойлардан конспект жасап дәптерлеріне жазады. Сонымен қатар сынып оқушыларына қосымша дерек ретінде (мүмкіндік болса)«youtube.com 30.12.15» Шәкәрім. Қазақфильм, 1989 жыл» көрсетіледі.Хабарлама жасау үшін «Зерттеу сұрақтары» әдісі бойынша маңызды ойларға сұрақтар тізімін дайындайды. Сұрақтар тізімі жұпта талқыланады, жұптағы бір оқушы «сұрақ құрастыру шебері» болады. Хабарлама сұрақтары «зерттеу сұрақтары + бұл да зерттеу сұрақтары + нағыз зерттеу сұрақтары!» құрылымымен бағаланады. Оқушылар бірінші өлең шумақтары арқылы шығарманы зерттеуге негіз болатын тірек сөздерді жазады, тірек сөздерді қолдана отырып ақын шығармасына пікір береді. Екінші жазған конспектілерімен топта танысып, талқылау жасайды да, «Шәкәрім- дала данасы» тақырыбына сыни пікір жазады.

Үшінші жазған сыни пікірлерін сынып бөлмелерінің қабырғаларының А, В, С, Д бөліктеріндегі постерлерге апарып іледі. Оқушылар қабырғадағы жұмыстарға «Көзқарас – талдау –стандарттау» арқылы екі түрлі бағалау жүргізеді: өзін-өзі және жұптық бағалау.

Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды.

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

А4 қағаздары, маркер, фломастер, пікірлер жазылған үлестірме қағаздар, постер.

Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім

youtube.com 30.12.15 Шакарим. Казахфильм, 1989 жыл

Сабақтың соңы 5минут

Кері байланыс: «5-5-1» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырады, топ спикері мұғалімге апарып береді.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз.

2. Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз.

3. 5 сөзден 1 сөз қалдырыңыз.

Бағалау парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді.

Сабақтың барысындағы «Категория» тәсілі, «Үлкен және кіші шеңберлер »,«Көзқарас-талдау стандарттау» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Категория», «Блокбастер» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу