file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


2-тапсырма. Зар заман ақындары туралы ақпаратпен танысыңыз. Зар заман ақындарының жыраулар поэзиясынан өзгешелігі туралы жұпта ой бөлісіңіз.

Зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылы М.Әуезов енгізген термин. Зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат БабатайұлыШортанбай ҚанайұлыМұрат МөңкеұлыӘбубәкір КердеріАлбан Асан, т.б. Зар заман ақындарының дәуірі Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұласады.  Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.

ДЖИКСО

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

№1

1Заманнан заман оралған,Дүние шіркін соны алған –Адыра қалғыр бұ қонысҚайырсыз екен озалдан.

2Қайырсыз неге десеніз,Асанқайғы, Қазтуған,Орақ, Мамай, Телағыс —Қалған екен солардан.Біз де бір сондай болармыз,Артық па едік олардан?!

3Еділдің бойы — қанды қиян,Жайықтың бойы – майлы қиян,Маңғыстау бойы — шаңды қиян,Адыра қалғыр үш қиян!Үш қиянның ара бойынанЖеті жұрт кетіп жол салған.Жеті жұрттың кеткен жер,Қайырсыз болған неткен жер?!Адыра қалғыр көк Жайық,Көпір салып өткен жер,Асанкайғы, Казтуған,Орақ, Мамай, Телағыс,Шораның шұбап кеткен жер.

4Тұлпар мініп, ту алған,Дұшпанын көріп қуанған,Алмасын қанға суарған,Аруақты ерлердіңАбыройын төккен жер,Керегесін кескен жер,Кесіп, бұршақ еткен жер,Ердің соңы — ИсатайБармағын тістеп өткен жер!

5Жеті жұрт көшіп кеткен соң,Атамыз қазақ баласыҚонып, мекен еткен жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Жүзден-жүзден нар байлап,Дәулеті қалың біткен жер.Аузы түкті кәпірдің,Басы шошақ қалмақтыңҚанын судай төккен жер.Алма мойын аруынЕрлерім олжа еткен жер.Күндердің күні болғанда,Таршылыққа қалынды,Қайырсыз болған неткен жер?!

6Адыра қалғыр көк Жайық,Садағын сала байланып,Астана жұртын айналып,Ерлерім енсеп желген жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Ақтылы қойдың өрген жер.Шалқыған дәулет мол бітіп,Қызығын жұртым көрген жер.Емендей белін бүгілтіп,Жібектей жалын төгілтіп,Еріні төмен салынған,Құйрығы күлте малынған,Күдері бел, күпшек санБедеу атқа мінген жер.Аузы түкті кәпірдіЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер.Күндердін күні болғанда,Таршылыққа іліндің,Жеті жұрт кетіп бөлген жер!

7Шаңдаттырып даласын,Талқан етіп қаласын,Атамыз қазақ болғандаӘлденеше шапқан жер.Қоралап айдап дұшпанды,Үргеніш пен БұхарғаСарыала алтын, ақ күмісҚарық олжаға батқан жер,Алтыннан тұмар таққан жер.Қырғауылдай қызыл нар,Қыз-келіншек жиылып,Қызықпенен артқан жер.Айыр өркеш сары інген,Кілем жауып үстіне,Қыл арқанмен тартқан жер.Мыңнан жылқы айдаған,Жүзден нарды байлаған,Салтанат түзеп мырзалар,Тамашаға батқан жер.Қайырсыз болып барады-ау,Атамыз өткен Асан биМұны да құтсыз деп айтқан жер!

№2

8Мұның құтсыздығының белгісі:Алты атаның ар жағы,Тал өкпенің бер жағы,Сақмардың бойын жайлаған,Сарғая бие байлаған,Ақсуда тайы ойнаған,Еңсемді кәпір басар деп,Едіге бидің көшкен жер.9Қойды мыңнан өсірген,Жылқыны санға жеткізген,Арпа, қауын төктірген,Жеріне жеміс ектірген,Тоғыз жылдай сарғайып,Қойына қошқар салмаған,Еркегі қатын алмаған,Қабыршақты, Қарасу,Қанатымды залым қияр деп,Қарға бойлы ҚазтуғанҚайғыланып көшкен жер.10Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Салқындыққа алқара күс тон киген,Салтанатқа салпы ерінді нар артып,Салқамдыққа жорғадан өзге мінбеген,Жаскұстың арғы тұмсығыЖәнгірдің қала салдырған,Негіз етіп қалдырған,Нәріктің ұлы ер ШораАйқайласып, шуласып,Баланы кәпір сұрар деп,Мұңайып ханның көшкен жер!11Садағын сала байланған,Астана жұртын айналған,Жауды көрсе — жайнаған,Жай тасындай қайнаған,Мың қалмақты, кез келсе,Айдарынан байлаған,Көгендеп койдай айдаған,Қараша, Құбан – қанды су,Ақтөбе, Бозан — данды су,Үшөзен, Самар – жанды су,Бестерек, Еділ бетінен,Бұлдырған мен БадашыКөп қалмақтың ішінен,Бесешкі таудың шетінен,Билікті кәпір алар деп,Қараның ұлы СидақтыңКайғыланып көшкен жер!12Алты жыл балшық бастырып,Тоғыз жыл керіш соқтырып,Сусынын шайға қандырып,Хандығына жұртын нандырып,Адыра қалғыр Аштархан,Әз Жәнібек хан салдырып,Ақылын кәпірге алдырып,Айласы құрып, кеткен жер!13Бірсіндеп садақ асынған,Біріндеп жауды қашырған,Адырнасын атқа алған,Атар оғын тайға алған,Қорамсаққа кол салған,Қозы жауырын оқ алған,Атқан оғы зырқырап,Еділден өтіп жоғалған,Еділде тұрып оқ атса,Жайықта оғын жоғалтқан,Жайықта тұрып ырғаса,Еділде оғын жоғалтқан,Бір атқанда он атқан,Атқанын қардай боратқан,Бір өзінің беліненЕлу алмас тоздырған,Атағын жұрттан оздырған,Ерегесіп келгенде,Ескі ауруды қоздырған,Тұла бойы қалталы,Қарыс қара балталы,Үсті толған күймелі,Құнан бұқа шүйделі,Жараған айғыр шекелі,Күжірейген бура келбетті,Көн жамылған көр бетті,Айдаса, жөнге жүрмеген,Адамның тілін алмаған,Айдаһардың тынысынҚолыменен барлаған,Аштарханнан ақырса,Атаңа нәлет қалмақтыңАлтын туы жығылған,Өгізтауда өкіртіп,Он екі ханды өлтірген,Дегеніне келтірген,Адыра қалғыр ит Нарын,Орақ пенен Мамай да,Ойдағы дәурен болмас деп,Ойран салып көрген жер!

№3

14Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Дұшпанға оғын кезеген,Заманында өзініңАз бен көпті теңеген,Құрмаласқан құдада,Құдайласқан доста даАртығым кетті демеген,Жорық жортып жүргенде,Жылқы еті болмаса,Өзге азық жемеген –Боқсақтың бойы боз қамыс,Жаңбыршының ұлы Телағыс,Елімді кәпір алар деп,Заманы қалай болар деп,Тынши алмай, көшкен жер!15Балығы тайдай тулаған,Бақасы қойдай шулаған,Жайық пенен Еділден,Сағыз бенен ЖеміңненТастан көпір салдырып,Тайсойған мен ҚарабауМекен еткен жерлерің,Шалқып жатқан көлдерің —Дендерден бергі бауырайданҚазтуған шұбап өткен жер!16Ақтөбе менен Қорғанша —Асанқайғы бабаныңҚызыл тастан үй салдырып,Он жыл тұтас отырып,Әңгіме құрып кеткен жер!

17Қарақұтан мен Қалдыбай,Жаңғызағаш, Жақсыбай —Күлектің ұлы қарт Қожақ,Естерек ұлы ТарғынныңТарыққанда ақыл сұрай барған жер.18Қалдығайты, Бұлдырты,Жер реңкін қарасаң,Көдесінің түбі сайын бір жылқы,-Қарақыпшақ ҚобыландыТұлпар мініп желген жер.Аузы түкті кәпірді,Басы шоқты қалмақтыЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер!19Өлеңтінің аяғы,Шідертінің қоспасы,Аңқатының басы — Тасоба,Он сегіз жыл атысып,Орманбет бидің өлген жер,Он сан ноғай бүлген жер,Орта бойын сырлағанОқ жаңбырдай жауған жер,Мұсылманның басынанДәреже тайып, ауған жер!20Қырық таңбалы Қырымның,Он таңбалы Ұрымның,Сегіз санды Сейілхан,Он екі баулы Өзбектің,Бұрынғы он сан Ноғайдың,Кетейін десе, жөн таппай,Адыра қалғыр үш қиян,Қол ұстасып жүрген жер!

№4

21Байеке мешіт салдырғанШыңғырлаудың сағасы,Елек пенен Жайықтың —Екеуінің арасы,Бесобаның даласыАйсаның ұлы ӘнеттіңДұшпанды қырып алған жер,Қылышын қанға малған жер!22Аққұмдының сағасы,Есенбайдын құмасы,Қос Қобданың арасы,Ақсудан бергі маң дала —Қазақтағы Қалқаман,Ноғайдағы Мүлкәман,Естектегі Еламан деген биінен,Енді қалай болар деп,Тарыққанда ақыл сұрай барған жер.23Темірде қырқып күземін,Тепсеңнен ноғай асқан жер,Астаусалды, Шытырлы,Көлденең шыңның басынан,Қарақұм, Борсық қасынанМал суарып асқан жер,Маңғыстаудың үш түбек,Үш жүз алпыс әулие,Бес намаздың жайы үшін,Қадамдап аяқ басқан жер!24Үргеніш пен Бұхардан,Қоңырат, Ташкент, ҚоқаннанОрнықты қоныс ала алмай,Адыра қалғыр бұ қонысАсан би шұбап өткен жер,Ноғай да шулап босқан жер!25Еділді тартып алғаны —Етекке қолды салғаны.Жайықты тартып алғаны –Жағаға қолды салғаны.Ойылды тартып алғаны –Ойдағысы болғаны.Маңғыстаудың үш түбекОны дағы алғаны.Үргеніш пен БұхарғаАрбасын сүйреп барғаны,Қоныстың бар ма қалғаны?!Мал менен басты есептеп,Баланың санын алғаны —Аңғарсаңыз, жігіттер,Замананы тағы даБір қырсықтың шалғаны!26Бәйіт еттім бұл сөзді,Қайғы шегіп заманнан.Заман азып не қылсын,Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады,Бұның бәрі адамнан.Адамның азған белгісі —Екі кісі дауласса,Тату бол деп айтпайды.Екі айырып арасын,Арасынан пара алған!Мұсылманның баласыҚашуды қойды арамнан.Шапағат, қайыр қалмадыЖақын-жуық жараннан.Атқа мінген жігіттеҚалмады нәрсе қарардан —Қайыр кетіп қазаннан,Қуат кетіп азаннан.

№5

27Киім кисе, жеңі жоқ,Етегі бар да, белі жоқ,Бармақ сияр жері жоқ —Қатпа болған түйедей,Киеңкі болған биедейЕл биледі бір сымпысЕкі бұты таралған.28Дұшпан — тазы, біз — түлкі,Қашсақ, ерікке қоймайды,Інге кірсек, суырып,Бір пәлеге жолықтықҚұлғанадай қадалған.Бұл не деген ғаламат,Қазынасы кең Құдайым,Сақтағайсың саламат!29Саламат қайтіп сақтасын:Берсең, түгел келмейдіБазарға қосқан аманат.Болмаса едік масқара,Байдан кетіп сақауат,Пақырдан кетіп қанағат.Діні басқа біреулерЕл биледі аралап.Бір пәледен мың пәлеӨсіп кетті балалап.

30Замана қайтіп түзелсін:Қоңсыдан туған би болды,Бұ сықылды күй болды,Көрген жұртқа таң болды.Азамат ердің баласыАйдарына малы жоқ,Топ көрерге зар болды.Қара кісі хан болды,Қоспақтан туған қортықшаҚатарға шығып нар болды.Асылзада баласы,Дәулеті кетіп қолынан,Қоңсысына құл болды.Ақылсыздың баласы,Ақшасына сүйеніп,Айтқан сөзі пұл болды.Замананың адамы,Заманың мұндай сұм болды!31Мен қауіп еткеннен айтамын:Ақ борықтай иілген,Кейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін,Шашын, мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін.Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін!..

Сөздік гол

Орындалу барысы:

-тақтада қақпаның суреті тұрады;

-сынып топқа бөлінеді;

-мұғалім бір сөзді айтады;

-топ сол сөзді кестеге толтырады;

1 оқушы кестені толтырады;

1 оқушы сөздікпен жұмыс істейді;

1 оқушы тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеріп гол салады.

Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстыруға болады.

сөз

анықтама

мысал

гол

қиян

«Үш қиян» өлеңінің басылымдары және түсінік

Толғаудың толық нұсқасы «Мұрат ақынның Ғұмар Қазы ұғлына айтқаны» (Қазан, 1908 ж.), «Сәуле» журналында No5, 1924, 10-15 б.; «Мұрат ақынның сөздері»

жинағында (Ташкент, 1924 ж.), «Алқаласа әлеумет», «Аламан» жинақтарында, қысқартылған нұсқасы «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясында (Алматы, 1942 ж) басылған. «Үш қиян» (екінші нұсқа) – Берік Қорқытов көнекөз

қариялардан жазып алған.Толықтыру мақсатында Хамза Есенжановтың жеке мұрағатынан алынған үзінді пайдаланылған. «Қынапты қара қылышпын», «Мұрат» атты кітаптарда жарық көрді.

Х.Досмұхамедұлы: «Бұл өлең жаңа низам жүріп, ел «штатқа» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заманның түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдың шамасында болған» деп түсініктеме береді. Сондай-ақ, ол «Үш қияндағы» түсініксіз сөздердің мағыналарын былайша баяндайды:

Қиян – аймақ, су жағасы деген мағынада болса керек.

Әбілғазы баһадүрдің айтуынша, қиян деп үлкен суды, таудан аққан селді айтады. Қазақ арасында «қиян-кескі деген сөз бар.

Асан Қайғы – тарихта беймағлұм адам. Халық аузындағы сөзге қарағанда ерте заманда бірнеше жыл жердің үстін кезіп, еліне жау ала алмайтын қоныс іздеген. Ақырында Еділ, Жайықтан ауып, Тесіктаудан өтіп кеткен. Осы күнгі ауған деген

жұрт Асан Қайғының елі-міс. Асан Қайғы туралы қазақтың, қырғыздың арасында әңгімелер көп.

Қазтуған да тарихта кім екені беймағлұм адам. Бұл да елін ертіп Еділ, Жайықтан ауып кеткен адам. Қонысы Еділ мен Жайықтың арасындағы Қабыршақты, Қарасу деген жерлер екен. «Қарға бойлы Қазтуған» деп аталады. Қазтуған мен Асан Қайғы бір кісі ме, екі кісі ме – шешілмеген нәрсе.

Орақ, Мамай – ноғайлы заманындағы мырзалар. Мұса бидің балалары. Мұса би 1535 жылы өлген. Зәки Уәлидидің тарихына қарағанда, Мұсаның Шағым мырза, Сидақ, Шаһмамай, Жүсіп, Исмаил деген балалары болған. Жүсіп батыр болған, Жүсіпті 1557 жылы туғаны Исмаил өлтірген. Менің ойлауымша, осы Жүсіп деген Орақ-ау деймін. Кітап аты Жүсіп болып, лақап аты Орақ болса керек. Солай болуға

тарихтың сөзі мен қазақтың арасындағы ауыз сөздер тұспа-тұс келіп тұр. Бұлай болғанда, Қазанда ханым болған белгілі Сүйімбике Орақтың қызы болады. Орақ, Мамайдың қонысы Еділ, Жайық, Жем болған. Бұл тарихта айтылады.

Телағыс – Жаңбыршының ұлы. Тарихта екі Жаңбыршы бар. Бірі – тарихтағы белгілі кіші Мұхамбеттің шөбересі, екіншісі – Едіге бидің шөбересі.

Жайық – өзеннің аты. Жағасындағы өсімдіктері көп болғандықтан көк Жайық деп аталады.

Шора батыр Нәрік ұлы – белгілі Шора батыр, тарихи адам.

Исатай Тайманұлы – Жәңгірге, патша хүкүметіне қарсылық қылып, елдік көтерген батыр, 1833 жылы өлді.

Алтыата – Самар губерниесіндегі жердің аты. Сарытау мен Текенің арасындағы теміржолдың бойында Алтыата деген қала бар.

Талөкпе – Бөкейліктегі жердің аты, осы күні Қараөзеннің бойында Таловка деген қала бар.

Сақмар – Жайықтың саласы. Орынбордың қасынан құяды.

Ақсу деп, менің ойымша, Еділдің Белая деген саласын айтады-ау деймін. Белаяның бойында Үпі деген қала бар.

Едіге – Тоқтамыс ханның заманындағы Алтын Ордадағы белгілі мырза, Тоқтамысқа қарсы болып, Әмір Темірге болысып, Алтын Орданың бұзылуына зор себепкер болған адам.1419 жылы өлсе керек.

Қабыршақты –Жайықтың оң бетіндегі бір саласы, орыстар Кушум деп атайды.

Қарасу деген қай жердің аты екенін біле алмадық.

Жасқұс – Нарындағы бір құмның аты, Орда деген қаланың тұрған жері.

Қараша – жердің не судың аты. Кавказда болса керек-аудеймін.

Құбан – Кавказдағы белгілі өзеннің аты. Орысша – Кубань.

Ақтөбе – Еділдің сол жағындағы бір өзегі. Орыстар Ахтуба дейді.

Үш өзен деп Қараөзен (Большой узень), Сарыөзен (Малый узень), Жанарыстан (Еруслан) деген Еділ-Жайықтың арасындағы суларды айтса керек.

Самар – Еділдің саласы, Самардың Еділге құйған орнында Самар деген қала бар.

Бестерек, Бадашы, Бесешкі – тау, жерлердің аты. Қай орында екенін білмедік.

Қараның ұлы Сидақ – адамның аты. Кім екенін білмедік.

Аштархан – Еділдің сағасындағы қаланың аты. Орысша – Астрахань. Қазақтар Айдархан деп те атайды.

Әз Жәнібек – қазақтың белгілі ханы. Барақтың ұлы.

Өгізтау – жердің аты. Қай орында екені белгісіз.

Боқсақ та жердің аты болса керек.

Сағыз – Орал облысындағы өзеннің аты.

Жем – Мұғажар тауынан шығып, Каспий теңізіне құятын өзен. Орыстар Эмба дейді.

Тайсойған – Гурьев уезіндегі үлкен құмның аты.

Қарабау – Гурьев уезіндегі жердің һәм өзеннің аты. Ойыл деген өзеннің аяғы болады.

Дендер – Жайықтың сол бетіндегі үлкен тұзды көлдің һәм таудың аты. Орыстар Индерское озеро дейді.Ақтөбе, Қорғанша деген Тайсойған деген құмның күнбатыс

жағасында бұзылған ескі қаланың, қорғанның тамтығы қалмаған жердің аты.

Қарақұтан, Қалдыбай, Жаңғызағаш, Жақсыбай – Орал облысындағы жерлердің аты.

Күлектің ұлы Қартқожақ – белгілі батыр. Қартқожақтың әкесі Қоянақ, Қоянақтың әкесі Күлек.

Естеректің ұлы Тарғын – батырдың аты. Бөкейлікте Тарғын деген өзен бар, орыстар Торгунь дейді.

Қалдығайты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Аңқаты – Орал облысындағы өзендердің аты.Шідертінің қоспасы деп Өлеңті мен Шідертінің қосылған жерін айтады. Осы күнгі Жымпиты деген қаланың қасында.

Жымпиты деген қаланы қазақтар Қоспа деп те атайды.

Тасоба деген жер Көпірлі Аңқаты деген өзеннің бойында. Орал облысында Шолақ Аңқаты, Ерсары Аңқаты, Көпірлі Аңқаты деген үш өзен бар, бәрі де Шалқар деген көлге құяды.

Ормамбет би деп, Шәкерімнің айтуынша, қазақ ұлұғ Мұхамбет деген ханды айтады. Менің ойымша, Ормамбет – ұлұғ Мұхамбет емес, бұған дәлелдер бар.

Бәйеке деп Баймағамбет сұлтан правитель Айшуақ ұлын айтады.

Шыңғырлау – Орал облысындағы өзеннің аты, Жайықтың сол жағалауындағы бір саласы. Орыстар Утва дейді.

Елек – өзеннің аты, Жайықтың сол жағындағы бір үлкен саласы.

Бесоба, Аққұмды, Есенбайдың құмасы – жерлердің аты, қай орында екенін білмедік.

Айсаның ұлы Әнет – адамның аты.

Қос Қобда деген екі өзен – Сарықобда, Қарақобда болып басталып қосылып, бір Қобда болып Елекке құяды.

Темір – өзеннің аты, Жемнің сол жақтағы саласы. Темірдің бойында Қарақамыс деген қала бар, қаланың ресми аты – Темір.

Астаусалды, Шытырлы, Тепсең – Темір уезіндегі жерлердің аты.

Шың деп Үстірттің күншығыс шетіндегі ойға қарай құлау жарын айтады. Шың – Каспий мен Арал теңізінің арасында көлденең созылып жатады. Шың – едәуір биік тау.

Маңқыстау яки Маңқышлақ – жердің аты.

Үргеніш, Қоңырат, Бұхар, Ташкент, Қоқан – қалалардың аты.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу