Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі. Мұрат Мөңкеұлы және «Туған жер» ұғымы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.
FILA толтыру
М.Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінен берілген үзінділерді мұқият оқып шығыңыз.
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алыңыз, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырыңыз.
F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинаңыз;
I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікіріңізді жазыңыз;
L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз;
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін анықтаңыз.
деректер | ойлар | сұрақтар | іс-әрекет |
25Еділді тартып алғаны —Етекке қолды салғаны.Жайықты тартып алғаны –Жағаға қолды салғаны.Ойылды тартып алғаны –Ойдағысы болғаны.Маңғыстаудың үш түбекОны дағы алғаны.Үргеніш пен БұхарғаАрбасын сүйреп барғаны,Қоныстың бар ма қалғаны?!Мал менен басты есептеп,Баланың санын алғаны —Аңғарсаңыз, жігіттер,Замананы тағы даБір қырсықтың шалғаны!26Бәйіт еттім бұл сөзді,Қайғы шегіп заманнан.Заман азып не қылсын,Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады,Бұның бәрі адамнан.Адамның азған белгісі —Екі кісі дауласса,Тату бол деп айтпайды.Екі айырып арасын,Арасынан пара алған!Мұсылманның баласыҚашуды қойды арамнан.Шапағат, қайыр қалмадыЖақын-жуық жараннан.Атқа мінген жігіттеҚалмады нәрсе қарардан —Қайыр кетіп қазаннан,Қуат кетіп азаннан.27Киім кисе, жеңі жоқ,Етегі бар да, белі жоқ,Бармақ сияр жері жоқ —Қатпа болған түйедей,Киеңкі болған биедейЕл биледі бір сымпысЕкі бұты таралған.28Дұшпан — тазы, біз — түлкі,Қашсақ, ерікке қоймайды,Інге кірсек, суырып,Бір пәлеге жолықтықҚұлғанадай қадалған.Бұл не деген ғаламат,Қазынасы кең Құдайым,Сақтағайсың саламат!29Саламат қайтіп сақтасын:Берсең, түгел келмейдіБазарға қосқан аманат.Болмаса едік масқара,Байдан кетіп сақауат,Пақырдан кетіп қанағат.Діні басқа біреулерЕл биледі аралап.Бір пәледен мың пәлеӨсіп кетті балалап.30Замана қайтіп түзелсін:Қоңсыдан туған би болды,Бұ сықылды күй болды,Көрген жұртқа таң болды.Азамат ердің баласыАйдарына малы жоқ,Топ көрерге зар болды.Қара кісі хан болды,Қоспақтан туған қортықшаҚатарға шығып нар болды.Асылзада баласы,Дәулеті кетіп қолынан,Қоңсысына құл болды.Ақылсыздың баласы,Ақшасына сүйеніп,Айтқан сөзі пұл болды.Замананың адамы,Заманың мұндай сұм болды!31Мен қауіп еткеннен айтамын:Ақ борықтай иілген,Кейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін,Шашын, мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін.Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін!..
Кейіпкерді таны
- М.Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінен берілген қайта үзінділерді оқыңыз;
- өлеңнен азған заман, азған адам бейнесіне берілген тура және жанама мінездеулерді танытатын мысалдарды теріп жазыңыз;
- олардың мәнін ашып түсінік беріңіз;
- образдық сипатын анықтаңыз.
мінездеу түрі | өлеңнен мысал | түсінік |
образдық сипат |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?