Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


Жуан-жіңішке сұрақтар

1Заманнан заман оралған,Дүние шіркін соны алған –Адыра қалғыр бұ қонысҚайырсыз екен озалдан.2Қайырсыз неге десеніз,Асанқайғы, Қазтуған,Орақ, Мамай, Телағыс —Қалған екен солардан.Біз де бір сондай болармыз,Артық па едік олардан?!3Еділдің бойы — қанды қиян,Жайықтың бойы – майлы қиян,Маңғыстау бойы — шаңды қиян,Адыра қалғыр үш қиян!Үш қиянның ара бойынанЖеті жұрт кетіп жол салған.Жеті жұрттың кеткен жер,Қайырсыз болған неткен жер?!Адыра қалғыр көк Жайық,Көпір салып өткен жер,Асанкайғы, Казтуған,Орақ, Мамай, Телағыс,Шораның шұбап кеткен жер.4Тұлпар мініп, ту алған,Дұшпанын көріп қуанған,Алмасын қанға суарған,Аруақты ерлердіңАбыройын төккен жер,Керегесін кескен жер,Кесіп, бұршақ еткен жер,Ердің соңы — ИсатайБармағын тістеп өткен жер!5Жеті жұрт көшіп кеткен соң,Атамыз қазақ баласыҚонып, мекен еткен жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Жүзден-жүзден нар байлап,Дәулеті қалың біткен жер.Аузы түкті кәпірдің,Басы шошақ қалмақтыңҚанын судай төккен жер.Алма мойын аруынЕрлерім олжа еткен жер.Күндердің күні болғанда,Таршылыққа қалынды,Қайырсыз болған неткен жер?!

  • Мәтінді қатесіз түсініп оқыңыз;
  • Мәтін мазмұны бойынша авторға бағытталған тың сұрақтар құрастырыңыз;
  • Автордың атынан сұраққа жауап беруге дайын тұрыңыз;
  • Басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдаңыз;
  • Сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарды анықтап, ілтипат білдіріңіз.

«ЖУАН» ЖӘНЕ «ЖІҢІШКЕ» СҰРАҚТАР

«ЖУАН» сұрақтар

(салыстыру, талдау, синтез, баға)

«ЖІҢІШКЕ» сұрақтар (бір күрделі жауапты талап етеді)

Түсіндіріңіз, неге............?

Сіз неге ........... ойлайсыз?

Айырмашылығы неде..............? .........................?

Болжаңыз, егер, солай болса ...........?

Кімге ұқсайды .....................?

Қашан ?

Не ?

Қашан? ........мүмкін?

.................. бола ма?

............. болуы мүмкін бе?

................... болған ба?

Сіз....... келісесіз бе?

.......дұрыс па?

Авторға мінездеме

Үзінділерді кестеге толтырып, автордың ішкі қаупі, толғанысы, жауапкершілігі, болжамы т.б. арқылы авторға мінездеме беріңіз.

үзінділер

автор көтерген мәселе (шынайылығы)

Қауіп, толғаныс, болжамдары

авторға мінездеме

1

2

3

4

1-топ.

6Адыра қалғыр көк Жайық,Садағын сала байланып,Астана жұртын айналып,Ерлерім енсеп желген жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Ақтылы қойдың өрген жер.Шалқыған дәулет мол бітіп,Қызығын жұртым көрген жер.Емендей белін бүгілтіп,Жібектей жалын төгілтіп,Еріні төмен салынған,Құйрығы күлте малынған,Күдері бел, күпшек санБедеу атқа мінген жер.Аузы түкті кәпірдіЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер.Күндердін күні болғанда,Таршылыққа іліндің,Жеті жұрт кетіп бөлген жер!2-топ.

7Шаңдаттырып даласын,Талқан етіп қаласын,Атамыз қазақ болғандаӘлденеше шапқан жер.Қоралап айдап дұшпанды,Үргеніш пен БұхарғаСарыала алтын, ақ күмісҚарық олжаға батқан жер,Алтыннан тұмар таққан жер.Қырғауылдай қызыл нар,Қыз-келіншек жиылып,Қызықпенен артқан жер.Айыр өркеш сары інген,Кілем жауып үстіне,Қыл арқанмен тартқан жер.Мыңнан жылқы айдаған,Жүзден нарды байлаған,Салтанат түзеп мырзалар,Тамашаға батқан жер.Қайырсыз болып барады-ау,Атамыз өткен Асан биМұны да құтсыз деп айтқан жер!

3-топ.

8Мұның құтсыздығының белгісі:Алты атаның ар жағы,Тал өкпенің бер жағы,Сақмардың бойын жайлаған,Сарғая бие байлаған,Ақсуда тайы ойнаған,Еңсемді кәпір басар деп,Едіге бидің көшкен жер.9Қойды мыңнан өсірген,Жылқыны санға жеткізген,Арпа, қауын төктірген,Жеріне жеміс ектірген,Тоғыз жылдай сарғайып,Қойына қошқар салмаған,Еркегі қатын алмаған,Қабыршақты, Қарасу,Қанатымды залым қияр деп,Қарға бойлы ҚазтуғанҚайғыланып көшкен жер.

4-топ.

10Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Салқындыққа алқара күс тон киген,Салтанатқа салпы ерінді нар артып,Салқамдыққа жорғадан өзге мінбеген,Жаскұстың арғы тұмсығыЖәнгірдің қала салдырған,Негіз етіп қалдырған,Нәріктің ұлы ер ШораАйқайласып, шуласып,Баланы кәпір сұрар деп,Мұңайып ханның көшкен жер!11Садағын сала байланған,Астана жұртын айналған,Жауды көрсе — жайнаған,Жай тасындай қайнаған,Мың қалмақты, кез келсе,Айдарынан байлаған,Көгендеп койдай айдаған,Қараша, Құбан – қанды су,Ақтөбе, Бозан — данды су,Үшөзен, Самар – жанды су,Бестерек, Еділ бетінен,Бұлдырған мен БадашыКөп қалмақтың ішінен,Бесешкі таудың шетінен,Билікті кәпір алар деп,Қараның ұлы СидақтыңКайғыланып көшкен жер!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу