Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 4-сабақ.
Мұрат Мөңкеұлының шыгармаларындагыфилософнялдык-азаматтық терендіктер
- Мұрат Мөңкеұлының акындыгы.
- Мұрат — жыраулык поэзияны насихаттаушы.
- М үраг Монкеүлының ақындыгы.
Мұраттың акындық мұраларының кұнды бір саласы — арнау, хат.сыні сұхбат, акыл-накыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар негізіне} акын өмір сүрген кезеңнің шындығын, дэуір адамдарын, олардың мінез кұлык іс-әрекеттерін бейнелейді. Дүние, әлем өзгерістері туралы өзінін ойларын түйіндейді. Дүниенің жалғандыгын, тұраксыздығын еске салады. Бак- дэулет, биік дәреже билік бәрі өткінші. Оган Адам алданады, бой алдырады Дүниеге келген адам өсіп, жетіліп дүние-мүлік жиып, кызық көріп, әр түрл әрекеттер жасап жүреді. Акыры өледі. Талай асыл армандар орындалмаіі калады. Пенденің көзі еш нэрсеге тоймайды. Малдылар малына, билер бплігіне, сұлулар көркіне, серілер сән-салтанатына, кұлқынкұмарлар барына разы болмай кайран өмірді мәнсіз талас, күрестермен, баккұмарлыкпен, өткізіп алады. Біріне-бірі адамшылык, кайы-рымдылық жасаудың орнына, барын көре алмай, жогына жәрдем бере алмай тайталас, бәсекемен жүреді. Казіргі казак елін бұзып, бүлдіріп жаткан болыс сайлауы ел арасына іріткі салып, карсы партиялар бірінің дәулетін бірі шашып, ұлыктарға, көріне көзге, жем болып аласұрып, берекесіздікке беріледі. Мысалы Есенғали болысты ақын саран өзімшіл, тегі төмен адам, елге кайыр болмас деп мазақ етеді. /2,227/
Мұрат — сұлулыкты, көркемдікті бағалай білген эстетикалык талгамы жогары акын болған. Ол төкпе акынның эрбір шығармасынан айқын көрінеді. Сүйкімді мінез, нәзік жан оны эр кезде-ак кызыктырған. Жаны таза. акылга дана, сырт пішіні көркем, салтанатты, салмакты кыз бейнесін танытарлық лирнкалык шығарма) жазган. Жігіттерге арман боларлык сұлу кыздың образын көз алдыңа елестетер «Қыз» деген өлеңі жеткен. Акын кыз сұлулыгын эр түрлі сымбаттылык бейнеде, ерекше шабытпен суреттей білген. Сұлудың сырт көрінісі, акылы, мінезі, іскерлігі, жүріс-тұрысы, киім киісі -түгелдерлік камтылып, бір адам бойына жинакталып тұлғаланған.
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңің сары алтындай көрінген қыз.
Мұрат сұлулық туралы арнайы термелеп, ұзақ толғаған. Оның арнайы жазған сұлулык туралы толғауы адамның асыл армандарын түгел термелеп, адамға жарасымды нәрселердің бэрін тізбектеген. Оның «Жалганшы пәни жалганды» — деп басталатын өлеңінде дүниедегі жарасымдылыктар акын арманы ретті аскак романтикамен ұштаскан. Онда сүйкімді жігіт, өнерлі ел азаматы, кыран кұс, жүйрік ат, әдепті мінез, иманды жан, елге корган болар батыртагы баскахалык сүйсінер тұлгалар, тұрпатты бейнелер армандалады. Соларга елдін зәру болып отырғаны айтылады. Халыктың өзінің сән-салтанаты да осыларга тыгыз байланысты болатыны ескеріледі. Елдің сәні ^•айлы конысы,көк орай шалгынды жайлауы,коңды малы мен салтанатты тұрмысы деп дәріптеледі.
Боз қыраудың күнінде,
Тау арасын жайласа.
Көк ораііпы шалгынга,
Жатып бие баііласа.
Қазы мен қарта, жал-жая,
Қия кесіп шайнаса,
Бай кісіге жарасар- деп келіп, ел ырысы бәйбішеге жарасар нәрселерді де суреттеп термелейді.
Алтыннан тоқпақ соқтырса,
Кумістен қазы қақтырса,
Жібектен желі тарттырса,
Үйіне келген мейманды
Қайырымы мен тойдырса
Бәйбішеге жарасар.
Осылай әрбір адамға не жарасады, соның бэрін өте көркем сүреттеп бере білген. Айтылк, батырга жарасатын нәрсе — бес каруын тагынып, ел шебін күзету. Мергендікке жарасымды кылык: «Кұралайды көзге атса, кұланды көрсе белге атса» — деп бір түйеді. Елгезек ер жігітке — баптар аттың сымбаттылыгы да керек-ак. Ер қанаты есепті сенімді серік болар арғымак сыны өзінше бөлек бейнелі,келісімді, кестелі сөздермен өрнектеледі.
Қыз-бозбалаға тэн мінез-кұлык, іс-әрекеттерде өзіне жарасымдылық тапса гана сәнді деп түйеді. Оларға да лайыкты өмір кұбылыстары ,керекті істер баршылык:
Қызды ауылды көргепде,
Ауыл жагын қамшылап…
Астына күрең ат мінсе,
Жібек те емес, жіп те емес,
Адам көрмес зат кисе.
Жиырма жасқа келгенде
Ол жігітке жарасар.
Немесе:
Қыырқ сомдық шарқатты
Орай салса басына,
Өзі он сегіз жасында,
Нүр сәулесі корінсе
Қүмарланып ойнаса…
Қыз бапага жарасар.
Халықтың ырысы мен дәулеті, адамдардың сәні мен сәулеті, азаматының адалдығы мен әділеттілігі кыз-бозбаланың сымбаты-сұлулыгы.акылы мен адалдығы түгел жарасым тапкан сәнді де мэнді келісімдіктерді көксейді акын. Адал жан армандар ізгілік деп әдемілік пен жарасымдылыкты алга тартады. Әсіресе, әсемдік әлеміндегі кұйындата кұйкылжыткан сөз нөсерлері аспаннан ттөгілген меруерттей жаркын сұлудың сымбатын ол:
Тап бойып қарасаң,
Сырдың бішкен талындай.
Ауыздан аққан лебізі,
Кешкіқұрым ақ үйден,
Ыргай басып көрінсе,
Қамзол бешпент делбегей.
Акын туган халкына осындай жарасым тапкан келісімдіктерді көксеген. Сол сиякты «Аттан сұлу боляр ма?» толгауын окыган адам эдемілік акындык тілдіц соны түрлеріне кезігіп, тілдіц небір кереметтерін ашады.
«Арғымак сайлап не керек?», «Ер өлмейді демеңіз», «Дүниенің’ бүрышы», «Мен белгілі жүйрікпін», «Сөйлеймін сөзді ерінбей», «Жалп-)і үшкан жапалак», «Аскар аскар аскар тау» тағы баска акынның әс әлеміндегі көрінісін көркейте түсетін тамаша лирикалары./5,175-176/
Мұрат — эпик, нәзік жанды лирик,жүлде алган жүйрік,сан кы санлак. Мұрат өленін жадында сакгап жеткізген Ғылман Шөрекүлы акын мынадай кымбат сөз калдырған екен:
Қыдырбай, даңгыл Мураш, Қуан өткен,
Жел сөзін тілден шыққан дуалы еткен.
Блрінен қынсаң пікір, ажач жуйрік,
Тубінде дем алдырмай қ\>а жеткен.
Мура — екең — көл
Дария еді көзін алған,
Шашылып өзі өлсе де сөзі қалған.
Болса да сан азамат, самсаган қол
Бәйгені жүйрік еді озып алған!
Мұраттың акындык таланты — ешкімге ұқсамайтын біртуар дарі ғана тән сирек құбылыс. Өзі туралы акынның «Сөйлесем мен бір шешен сөз байлаған, жол айтып, тіл сайлаган» деу де орынды сөз. ./2,231-232/
- Мұрат — жыраулык поэзияны наспхаттаушы
Жыраулык поэзияга тән акпа-төкпе екпін, бірыңғай ұйкас, бір әріппен басталган ұзақ жолдар — жазба әдебиетке бергісіз тамаша ақындык табыс Тіл образдарын өз кезіне сай ерлік үлгіде, эпостык дәстүрде бейнел оларды аскак эпитет, дәл теңеу, метафоралармен өрнектеулері — ақ) поэзиясыныц күдіретті күші.
Арғымақтың баласы,
Арыған сайын тың жортар,
Арқамннан қосын қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрыгын күн иіапмаган балыгым,
Ортамнан ойран сапар деп.
Шешендік пен шеберлік үлгісі, образды сөздер коймасы сияқты толганыстары бірінен-бірі өткен, төгіліп тұрган нұрлы сөздер:
Ақсұңқар едім — мен
Қауырсыным түлеген,
Қалыңды қалың квліммен
Дулыгалы қара нар едім,
Қатарланып асып барамын.
Мұрат акын шығармаларының ең көлемдісі — «Карасай -Казн» жыры эпостык поэма. «Эпостык жырға жататын шығармалардын негізгі өзгешелігі — мұнда кандай да бір окиғаны жайт-жағдайды баяндап айту тәсілі қолданылады. Эпостык шығармада әртүрлі кейіпкерлердің іс-әрекетін. күй- жағдайын, мінез-касиеттерін, өзара карым -катынастарын суреттеп көрсетуге іүмкіндік мол. Жазба әдебиетінде эпостык жанрдың роман, повесть, эңгіме, юэма сиякты үлгілері кеңінен дамып, өркендеп келеді» /7,378/
Орак батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жаткан батырлык дәстүрлерін ардактайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылган. « Жыр — казақ халык поэзиясының жанрлык түрі, түпкі негізі мағынасында өлеңмен баяндалатын жырлап айтатын,уакиғалы, көлемді поэзиялык шыгарма (батырлык жыры, эпостык ғашыктык жырлар). Сонымен бірге стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жагынан оларга ұқсас толғау, терме екілді көлемі ыкшамдау поэзиялык үлгілер де жыр деп аталған»./7,159/ Сюжет — өзара жалғаскан окиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі — өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің карым-катынасындагы қактыгыс» /7,311/
Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел органдары мен арам ниет сөздердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды окиғалар.көркем көріністер жинакталған. Ноғай казактың даңқты батыры екіжүзді, күншіл агайындарының арамза істерінен капияда каза табады. Оның өкініштісі өлімі ел жұртына, үй ішіне өте ауыр казак болғаны баяндалады. Қоштасу, жоктау сөздерін айткандар ішінде Орактың досы Акмырзаның коштасуы мен жасы жеткен шешесі Кәрбоздың жоктауы, әйелінің азасы өте әсерлі шыккан. Жастай экеден айырылып жетім калған болашак батыр ұландар — Карасай мен Қазидың толганыстары да окушының сай-сүйегін сыркыратардай күшті. Жырдың негізгі кейіпкерлері де осы екі жетім үлдар. Оларды бейнелеуге жырау бірден кірісіп кетпейді. «Жырау — ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі,ірі коғамдык мәселелерді козғайтын толгау-жырларды шыгарып айтушы, жыршы болумен катар ойшыл ,акылшы, көреген сәуегей. Жырау түлғасы ерте дэуірде тайпалык одактар бірлестігі түсында калыптасып, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда үлкен өнер иесі жэне когам кайраткерлері ретінде танылған». /7,159/ Қарасай, Қазиға дейінгі Орак казасына байланысты кайгылы әрекеттерді бейнелеп, шыгармаға бірден психологиялык сипат бере біледі.
«Қарасай-Қазн» жырындагы ең тартымды көрініс — Қараүлек карияның азалы жоктауы. «Жоктау — казак халкының өмірі мен поэзиясында тарихи-мәдени мәні ерекше кұбылыс, түрмыс-салт жырларынын бір саласы. Халыктың асыл перзенті, елдің кұрметтісі, сүйіктісі, эр шаңырактың «акыл- аузы», «Аркан —казыгы» дүниеден өткенде шерлі.азалы әуенмен айтылады. Оның сүйегіне, тегін, мінезіне дарыған асыл касиеттері, ел -жүртка, бауыр-туыскамга жасаған жақсылыктары, үлгі-өнегесі, артына калдырга өшпес іздері мен акыл-накыл сөздері көркем де мэнерлі тілме жырланады.»/7,154/
Караүлек карня баласын жоктаган ананың сөзін айтып коймайды. Соған кос; өзі ел-жұртының анасы ретінде толғап, ел камын жер азаматтың казасы түге. елге ауыр тиген, жалпыга ортак аза болды деп кайғылы Қараүлектің бейнесі ел әжесінің кейпінде түлгалы көрініс табады. Орактың жоктайтын сөздер. аскак батырга сай жар, жаксы ана екеніне куәгер.
Жыр окигасының тагы бір шиеленіскен кезі негізгі кейіпкерлердіғ араласкан тұсы, Қарасй мен Қазидай Орак ұландарыынң патриоттык іс-әрекеттерін бейнелеген көріністер. Қарасай он жеті жасар жігіт боп калғак кезінде Орақтың өлгенін пайдаланып, оның жаулары -калмактар елге кауіп төндіреді. Жауга карсы кол бастап, Алшы, Смайындар аттанады. Олардан жа\ кайм Батырдың ұлы бола түра елде калып, ата аруағын актамағанына өкінеді Оны кайрап, былай дейді:
Атаңа тартып тумадың,
Беліңе садак бумадың.
Не болды саған балаларым…
Бұдан кейін Қарасай мен он бес жасар Қази жау алдында жолығысып тілдеседі. Қазиге кері кайт деген ага сөзі өтпейді. Не көрсек те бірге көремін деп кайсарланады. Акыры сан мың калмактың колын қырып, жеңіспен елге оралады. Жыр окигасы куанышпен аякталады.
«Қарасай-Қази» жыры Мұраттың жыраулык өнерге жетік акын екенін танытады. Ол ҚарасайДази окиғасын үлкен эпоска айналдырғаны анық./2,222- 227/
Мұрат Мөңкеұлының жыраулык поэзияға тэн акпа-төкпе екпін, бірыңғай ұйкас олендсрі де көптеп кездеседі.Мәселен: «Мұраттын жалпыга айтқаны» өлені әуенді, дыбыстык ырғагы элді күшті поэзия. Бірыңғай ассонанс болып келетін бірыңгай катарда колдану тындаушыга әсерлі . кұлакка жагымды болып естіледі.
Елпец-елпец жүгірсе,
Ебелек отқа семірсе;
Емепдей белі бүгілсе
Жібектей жалы төгілсе;
Күи-түн қатып желгенде
Жер адымын қуырса;
Жердіц шацын аспанга
Жел құйындай суырса, — деген өлеңінде соңғы жолдарда аллптерация күбылысы да ап-айкын. Бұлай кұрылған шығарма тіл жағынан окырманды жалыктырмайды. Қазактың өзіне тэн теңеу, мета-форалары, эпитеттері колданылады. Мысалы бірыңғай «Е» әрпінен басталатын үзак шумакты өлең карастыралык:
Ертеңнен иі апса, кешке озса,
Еңкуден салса, төсте озса,
Еңіреуден қара қайырса,
Елікті қаңтан айырса;
(мұндай өлең жолдары тек жыраулык поэзияга тән касиегтер. Сондықтан да Мұрат акынның жыраулык дэстүрді ұстана білгені акикат.
Акын шығармашылығы мәнгілік көркем туындылар катарында кең тарап, канша кысым көрсе де ұмытылмай, ел аузында сакталады. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерінде өз дәуірінің, сол кездегі халкының өмір тіршілігін айкын көрсете білген. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығының бүгінгі ұрпак үшін кажеттілігі де осында.
Мұрат Мөңкеұлы — заманына қарай қазақ поэзиясына елеулі үлес қосқан. Махамбеттен үлгі алған өршіл ақын.
Мұрат поэзиясы ресми саясат шеңберінен шықпай, жағымталсып үгіт айтумен атын шығармақ болған жасық, жасқаншақ поэзия емес, халықты ерлікке, бостандыққа шақырған, патша мен ханның шаруаларға жасаған зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін көріп, ашына жырлаған ақын. Мұрат Кіші жүз ішінде аты коп тараған даңқгы ақынның бірі. Ақынның әлі де болса қағаз бетіне түспей, жүрт аузында жүрген шығармалары болуы мүмкін. Мұраттың өмірі, істеген ісі, еткен кәсібі туралы керекті мағлүматтар оте аз. Қазақ ССР Ғылым акаде-миясы кітапханасының қолжазбалар қорында Мұраттың отыздай шығармалары бар («Үш қиян», «Қалмақтың қарғысы», «Әттең бір қапы дүние-ай!», «Қарасай Қази» т.б.).
Мағлұматтарға қарағанда, Мұрат 1842 жылы туып, 1906 жылы опат болған. Мұрат бала кезінде мүсылманша бірер жылдай оқып қат-қара танығаннан кейін, енді қайтып мектеп есігін ашпайды, оның әрі қарай оқып жүйелі білім алуына еш мүмкіндік болмайды. Мұраттың шешесі Қырықжылқы әнші, әрі ақын екен. Мұраттың бала күнінен ақындықгы аңсауына бір жөннен себеп болған, оны алғаш ақындыққа баулыған сол өз шешесі болса керек. Қазақ халқынан мәдениеті, әдебиеті, өнері жоғары тұрған халықтардың тілін біліп, солардың білім қорын толық пайдалануға шамасы келмеген Мұрат қазақ тіліндегі кітаптарды ғана пайдаланады, оған ақындық үлгі болған, көбінесе, қазақтың мазмұнды, бай көркем фольклоры болады. Мұрат қырыққа келгенше ақындармен жиі айтысып отырған көрінеді де, елуге аяқ басқан Мұраттың айтыстары азая бастайды, алды-артын ойлап ақындық өресін барлаған Мұрат түрлі толғаулар, тарихи жырлар жазу ісіне көбірек беріледі. «Қалмақтың қарғысы», «Сарыарқа», «Үш қиян» сияқты шығармалар жазады. Ауыл арасы айтыстар кеміп, халықтың өткендегі кезі, қазіргі халі, келешегі, тағдыры туралы өзінше ойларын айтуды құнттайтын болады.
Заманына наразылық білдіріп көп шығармалар жазған Мұраттың айтқандары үнемі бір жерден шыға бермейді. Оның ойында кездесетін қайшылықтар аз емес. Мұраттың көнерген ұғымнан алыстап кетпей, мыңнан-мыңнан жылқы айдап, жүзден-жүзден нар байлап, кәде сайын тоқты өскен заман-ай деп, әлдеқандай бір өмірді көксеп, оны әсірелей суреттеп күңгірт ой білдірген шақтарын көрмеуге болмайды.
Табаны жерге тимеген,Маңдайы күнге күймеген.
Салқамдары тұлпардан озге мінбеген,
Салтанатқа салпы ерінді нар артқан.— деп осындай бір кезді жырлаған Мұрат ел байлыққа бөленіп еркі өзінде болса екен, жер-суынан айрылмаса екенді тілеп, қиялын шарықтатып көрсе де, бұқараға деген ниетін адал ұстаса да, бірақ адал арманының өмірге жанасымды болып, оның іске асуы туралы түбегейлі қорытынды жасау оның ақындық өресіне шақ еді дей алмаймыз. Ол келешек нысанасы айқындалып, сара жол тапқан ақын болып көрінбейді. Мұрат жуандарды, патшашыл ханды, биді, байды әшкерелеп, олардан қысым көрген, жер-суынан сырылған, кедейленген шаруаларды жақтады, өкіметтен жәбір көргендерді патша мен ханға қарсы үгіттемек болып Исатай — Махамбеттің ісін қостады, солардың ісін, өмірін үлгі етті. Өткен кездегі ақындардың айтыс үстінде әдет, тәсіл көрсететіндігі мәлім. Ақындардың біреуі қолына домбыра алып, біреуі гармонь алып жырласа, өзінше бір әдеттен құр болмаған Мұрат, «алқа алдында өлең айтқан кезінде», «алдына жастық алып немесе қолына тостаған ұстап, болмаса, «Телпекпен аузын қағып отырып» айтысатын болған. Даңқты ақын санатына жеткен Мұратқа кейбір адамдардың әлдеқандай легендалық сипат бергісі келгендігі де байқалады. Мұрын ақын Мұрат туралы: «Мен Мұраттан өлеңді қалай айтып кеттің дегенде айтқаны: «Бір күні түсімде бір жиын той болган екен, сол тойда отырған ақсақалдар маган өлең айт деді, мен білмеймін дегенде, жоқ сен білесің деп болмады, сол арада телпегімді қолыма алып, айғайды салып, өлеңді қоя бердім, оянсам түсім екен, ертеңінде тұра сала өлеңді айттым, аузыма сөз түйдектеп түсе берді», — дейді.
1880 жылдары Мұрат Нарында, Маңғыстауда болады. Жайық бойындагы қазақтарды аралап, ел өмірі туралы толып жатқан әңгімелермен танысады. Мұраттың түрмысына, жасынан ел аралап айтысқа түсіп үйренген ақындық өміріне өзгеріс кіру жөнінде 1880 жылдар кезінде Жайық бойындағы қазақтардың ақтаяқ болып жұтауы айрықша әсер етеді. Мұрат жүрген жақтың қазақтары жұтап, Маңғыстауда тұратын қазақтарға қарай жан сауғалап үдірей көшеді. Сол мекен аударғандардың ішінде Мұрат та болады, осы халін ескерген ақын:
Жетелеп ақ түйені жаяу кеттік,
Көрмеген бұрын-соңды асу жерге, -деп жазады.
Осы күйзелістен кейін жасы ұлғайып қалған Мұраттың бұрынғыша ақындық салтанат құру, ду-думанға қатынасу, айтыстарға түсу ісі бірте-бірте кемиді. Қатын-баланы асырау, кедейшілікпен күресі, шаруаға былай да қыры жоқ ақынға оңай тимейді және жұтап қалған ауыл-аймақтан Мұратқа болысатындар да сиреп кетеді, бұл жағдайда Мұраттың денсаулығы де өте нашарлайды, жоқтықтың салдарынан ұзамай алпысты асып қайтыс болады. Мұрат: «Көк ала шекпен жез түймелерді» шенейді. Ол шаруалардың жер-суға, еркіне ие бола алмай, байлық пен молдықтың бәрі өктемдік еткендердің, жуандар, бектер, ақшалылар қолында болғанын көреді. Әділетсіздік күшейіп, дәрмені кетіп, бағынышты болған көшпенді шаруалар надандық қоршауында болды. Қазақ ішінен өрби бастаған қаскүнемдерге, «көк ала шекпендерге», елге басшылық етпегендерге Мұрат наразы. Халықтың қамын ойлап алуан ойға түскен Мұрат, әлдеқандай бір өзгеріс күтеді, ерлік тілейді, бұқараның алып күші дұрыс арнаға түссе, сол күш елді аман алып қалар ма екен? Қиянатшылардың бетін қайтарарлық қайрат көрсетілер ме екен?
Дегеніне келтірген, -сияқты заман болар ма деп тілейді, хандарды, зұлымдарды дегеніне келтіріп, жаманшылықтарын алдарынан шығаруға жарарлық батырлықты аңсайды, сол батырлықты ең алдымен халықтан күтіп, ақын айтқанын алдымен елге арнап айтады, жұртты ығыр қылғандарды, ақ патшамен ауыз жаласып, халық берекесін кетіргендерді шеней сөйлейді. Шаруалар әкімдердің тепкісіне түсті, өктемдер қол-аяқты байлады, күнкөрісті әлсіретті, праводан айырды, аңдыған дұшпан соңыңнан тіміскілеп қалмайтын болды, көнбеске көніп кеткеніміз бе?!
Дұшпан — тазы, біз — түлкі,Қашсаң ерікке қоймайды.Інге кірген, суырып,Құлғанадай қадалып,Қазынасы кең, құдайым!Сақтайсың сәлемет, — деген ақын қамыға, назалана, қауіптене сөйлейді. Ауыр халден құтқарарлық не күш барын іздеп қиналады. Шынымен жұрт жадап, ашылмас тұманның ішінде қалғанымыз ба? Еңсесі түсіп тұрған қалың бұқара әр жерде жем болып, қиянатшыл қырсықтардың опасыздығын көріп жүрмек пе? Халық халін ойлап, бір дұрыс әрекет жасалмаса, ер өзін-өзі билей алмайтын болса, төрелердің қорлығында, патшалықтың шылауында жүріп күн көрем деу не місе?! Ұлықтар, болыстар, «сымпыстар» халықты адастырды, елге, кейінгі ұрпаққа кесірлі қауіп туғызатын да солар деп түсінеді. Бұл заман түзік емес, бұзықтығы, озбырлығы көп заман. Неше алуан әділетсіздікті өрбіткен заман. Соны көрмей, айтпай отыра аларсың ба?! Елге еткен қиянатты көре тұра жасыру ақындық арға жата ма?! Сөзімді естігендер оянар, бұзық заманды түзік заман деп далақтап, қара басы қамын ойлап, аман жүруді қанағат көргендерге, шен-шекпенге сатылғандарға бір тыйым болар деген үміт жасайды. Сөйтіп, Мұрат: «сымпыстар, болыстар, қалтасына сеніп шайқақтаған байлар, пысықтар» көк ала шекпен жез түймелерге бас имейді, оларды әшкерелейді, бұлардан құтылу үшін, ер намысы, бірлік, ерлік керек, білім алып өнерлі болмай, қатарға қосылып халықты бостандыққа жеткізіп болмас деген сияқты қорытындылар жасайды. Мұрат өз кезіндегі ақындар салты бойынша айтысқа талай түскен. Бірақ, ол тек «мал үшін тілін безеп» қайдағы мақтаншақтарды іздеп барып, мақтау өлең айтуды кәсібі еткен, сөйтіп өз қадірін көтерген, халық мұңынан өзін алыстатқан ақынға ұқсамайды. Ақын әлдеқандай мақтау өлең айтса, ол алдымен айтқанын адамшылыққа арнайды.Мұрат айтыс өлеңдерде сөз тапқыш, шешен, ажуаға шебер, ел арасы, ру арасы мәселелерінің егжей-тегжейіне жетік екенін білдіре отырады — мұның өзі ол кездегі айтысқа түскен ақындарға қажет қасиеттің бірі — деп есептелген. Айтысқа түсіп үйренген ақынға ата-бабаның жөн-жосығы, кім үлгілі, кім үлгісіз, кімнің түбі шикі, кімнің қандай міні бар, ауызға алып мадақтарлық не бар дегендерді, түгел біліп отыруы қажет болып, білмегенін көп білетін көнелерден үйреніп, түсініп алуы шарт болған. Осыны пайдасына жарата білген Мұрат, өзінен жасы үлкен, тәжірибесі мол Жылқышымен айтысар алдында, оны қай жағынан кінәлауға болатындығы туралы Есет биден ақыл сұрап алады, сөйтіп Жылқышыны жеңеді. Мұрат әсіресе жас кезінде айтысқа түспес бұрын білмегенін сұрап алып, даярланып барып айтысатын болған. Мұратпен алқа алдында айтысқан ақынның бірі — Тыныштық. Мұраттың бұл айтысы көп жөннен ақынның басқа айтыстарынан басқашалау келген. Мұрат өзге айтыстарында айтпақ болған ойын, айтысқа тікелей керек-ау деген сөздерден бастаса, бұл айтыста айтысушьшардың сөз етуіне шарт болып есептелмеген жалпылама жайтқа орын берілген. Мұрат айтыспай жатып, сыпайы қонақ болып ел аралап жүргенін бір сөйлеп алады, жолшыбай жүрген жерлерінде сауық құрып, бір ауылға түстеніп, бір ауылдан шай ішіп, сайрандап жүріп келгенін де айтады. Тап болдық Құлшардікінде піскен шайға, Түстендім Шерен деген бір ағама. «Қай үйге түсіп қонақ болатынымыз туралы жолдастармен алдын ала келісіп қағаз жазып уәделестік» дегендерді де айтады. Сөйтіп айтыс өлеңдерінің дәстүрлі түріне қатысты шамалы сөздер де ауызға алынады. Сөз таластыруды енді ғана бастаған Мұрат: «қауымыңа бүгін келіп жеттік, тісі қайтқан қорлық емес пе?» деген сияқты сөйлейді. Мұраттың айтыстары түр, мазмұн, құрылыс, сөз саптау жақтарынан әр алуан. Оның Тыныштықпен айтысы бір түрлі болса, Ізім шәйірмен айтысы екінші түрі, әр айтыстың өздеріне тән өзгешеліктері бар. Мұрат сан айтысып, ақындығы, тапқыштығы, орайлы сөз, ащы сөз, ажуа сөз, ілме сөз, кекету, даттау, мақтау, қалжың сөздерге шебер екендігіне көре айтысқан ақындарды сөзден ұта берген. Мұрат мақтау сөздер айтудан тіпті құралақан ақын десек те, бірақ ол мақтаса, батырлықты, әділдікті, намысқорлықты «Таласқан жар шетінде шенді әкімді» өгіздей байлап сабаған, «Нарында хан баласын иттей» қорлағандарды мақтаныш етеді, даттаса, Құсайын сияқты «өзінің қарындасын алып қашып», нәсілсіздік көрсеткендерді, әкесі ас қорыған болысты, асқа қақалып күлкі болған биді, озбыршыларды, ел берекесіне жарамаған, намысы жоқ сатылғандарды даттайды, айтыстарында да араны ашылған арсыздарды аластайды. Сөздеріне әлеуметтік мән беруді үнемі ұмытпаған Мұрат «Қайда бай мақтаншаққа» арнай мақтау өлең айтуды өзінің ақындық қабілетіне лайық көрмеді. Мұраттың зер салып жазған елеулі шығармасының бірі -«Қарасай -Қази». Бұл шығармада Мұрат өзінше ең керекті-ау деген мәселелер жөнінде пікір айтуды құнттайды. Ел қорғаны боларлық, жауға қылыш алып қарсы шығудан бас тартпайтын, халқы үшін аян-байтын қайратты ер ісін арман етеді
ҚБ тапсырмалары
1-тапсырма ЖЖ., ТЖ.«Дастархан» стратегиясы
1.Топтағы төрт оқушы дастарханға шығарма мазмұнына байланысты 1 сұрақ және проблемалық 1 сұрақ жазады.
2.Сағат тілімен айналдыра отырып, басқа оқушылар сұраққа жауап жазады.
3. Топпен ақылдасып, мәтіндегі өздері үшін ең маңызды ақпаратты дастарханның ортасына жазады.
«Сұрақтар қорабы»
1.Әр топ «Дастархан» әдісінде талқылаған бір үздік проблемалық сұрақты таңдап алып, стикерге жазып, «Сұрақтар қорабына» салады.
2. Топтар бір – бір сұрақтан таңдап, сұрақтарды сыни тұрғыдан талдап, жауап береді.
2-тапсырма. ЖЖ., Ж.
- М.Мөңкеұлының өмірі, шығармашылығы бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерді жұбыңызбеноқып танысыңыз.
- Ж.Төмендегі тақырыптардың біріне өзіндік сыни пікір жазыңыз:
- М.Мөңкеұлы – сан қырлы саңлақ.
- М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы ащы шындық.
- М.Мөңкеұлы шығармасындағы азаматтық тереңдік.
- М.Мөңкеұлының қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
- М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауының маңызы.
Бағалау парағы
Бағалау критерийі | Дескрипторлар: |
Әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік көзқарасын білдіріп, сыни пікір жазады. |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?