Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 6-сабақ.


МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ

«ҮШ ҚИЯН» ӨЛЕҢІ

... Еділдің бойы – қанды қиян,

Жайықтың бойы шаңды қиян,

Маңғыстаудың бойы – майлы қиян

Адыра қалғыр, үш қиян!

Мұрат Мөңкеұлы

Оқу мақсаты:

8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және

рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда

салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы материалдық және рухани

құндылықтарды заманауи тұрғыда

салыстырып, жаңашылдығына баға

береді.

“Ақылды доп

Оқушылар шеңберде допты лақтыру арқылы өткен сабақтар бойынша шығармадағы материалдық және рухани құндылықтар тақырыбында ой өрбітулері керек. Өз ойларын айтқанда өлең мәтініне сүйеніп және талқылау кезінде туған түйінді ойларды қайталап, еске түсіреді және соларды мысалға ала отырып бір – екі сөйлеммен ойларын білдірулері керек.

1-тапсырма Ж.

«Үш қиян» өлеңі бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Сюжеттік кесте» толтырыңыз.

2-тапсырма. ТЖ. TеD әңгімелері

 

Топта «Адыра қалғыр бұл қоныс

Қайырсыз екен озалдан» тақырыбына қатысты 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) дайындаңыздар. Топтан бір спикер сайлаңыздар. Спикерлер әрдайым ауысып отыруы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне мән беріңіздер.

3-тапсырма. “Автормен жүздесу” Ж.,С.

Өзіңіздің Мұрат Мөңкеұлымен жүздесетіндей сезініңіз. Ақынмен кездескенде, «Үш қиян» өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беретіндей сұқбат сұрақтарын құрастырыңыз. Сабақ барысында сұрақ қойғысы келген оқушылардың бірі «Мен Мұрат ақынмен кездессем, мынадай сауал қойған болар едім...» деп бастауы керек. Сол сұрақтың жауабын айтқысы келген оқушы «Сіздің сұрағыңызға ақын «... ... ... ... ... » деп жауап берген болар еді»,- деп өз сұрағын дәлелмен жалғастырады. Келесі оқушы «ақын тағы мынаны айтқан болар еді»,- деп сұхбатты жалғастырады. Сұхбат осылай жалғаса береді. Жауаптар міндетті түрде «заманауилық», «жаңашылдық», «бүгінгі күндегі ұлттық мінез» ұғымдарымен байланысты болғаны және осыған дейін оқыған ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты барлық материалдарды пайдалану қажет.

 

 

Бағалау парағы

4-тапсырма. “Төрт сөйлем” Ж.

1. Пікір. Өлеңдегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріп, өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу