Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 11-сабақ.


5 қадам

Әр топтан өз қалауымен бір оқушы шығады;

Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі бойынша қойылған сұраққа жылдам 5 рет қадам жасап, 5 түрлі жауап айтады.

 

Сұрақтар:

1. Неліктен зерттеуші ғалымдар М.Мөңкеұлын «Зар заман» ақындарының қатарына

жатқызған?

2. Ақынның «Сарыарқа» өлеңінен «Зар заман» сипатын көруге бола ма?

3. Өлеңде аты аталатын тарихи тұлғаларға ақын қандай баға береді?

4. Ақын күйінішінің себебі неде?

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Б/С4.Әдеби сын

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Зерделеу

Атырау мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к., ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ш.Нағимовтың «Мұрат шығармалары - қазақ тарихының айнасы» тақырыбындағы зерттеу мақаласымен топта танысыңыз.

Мақала авторының М.Мөңкеұлының шығармашылық қарымының зерттелу дәрежесін бағалауы бойынша жасаған тұжырымдарын саралаңыз.

Оқушылар мұғаліммен бірлесіп, теориялық ұғымды қайталап, әдеби-сын жазудың бағыт-бағдарын айқындаңыз.

Әдеби сын дегеніміз — көркем əдебиет, оның ғылымы мен журналистиканың тоғысқан түйінінде пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап баға беретін, оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін, рухани əлем аясында қызмет атқаратын əдеби, ғылыми, публицистикалық, əлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық сананың бір саласы; көркем əдебиет жайлы дəуір үні. Əдеби сынның басты мақсаты — əдеби процесте болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап оқырмандарға түсіндіріп отыру.

Д.Ысқақұлы

Еркін жазу

1. Сыни пікір жазу үшін сұрақтар тізбегін жасаңыз.

Мұрат Мөңкеұлы және «Ата қоныс» ұғымы;

Қазақ елінің Ресейге қосылуы;

Қазақ халқының басына түскен бақытсыздық деп торығуға бой алдыруы;

Қазақтың бұрынғы өмірін дәріптеуі т.б.

2. Құрастырған сұрақтар тізбегін басшылыққа ала отырып, М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңіндегі тарихи сипат пен идеялық мазмұнға негіздеп сыни пікір жазыңыз.

Өздік бағалау

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығына толық зерттеу жүргізіңіз.

Жоба жұмысын жазуға дайындалыңыз.

Жоба құрылымы:

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының әдістері

Зерттеу жұмысының болжамы

Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеу бөлімі

Қорытынды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу