Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 12-сабақ.


http://bilim-all.kz/figure/20?posts=olen

Шәкәрім Құдайбердіұлы

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы.

 Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім».

 Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. 

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Сиқырлы кітаптар» сериалына сілтеме:

https://yandex.kz/video/search?filmId=12229236836982323988&text=%D1%88%D3%99%D0%BA%D3%99%D1%80%D1%96%D0%BC%20%D2%9B%D2%B1%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%B1%D0%BB%D1%8B

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы 20 дерек

https://elana.kz/%D1%88%D3%99%D0%BA%D3%99%D1%80%D1%96%D0%BC-%D2%9B%D2%B1%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%B1%D0%BB%D1%8B-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-20-%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA/

1. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

2. Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі «Шаһкәрім» деп беріледі.

3. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін сабақ пен тәлім алады.

4. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

5. Жеті жасында әкесі Құдайберді қайтыс болып, жетім қалады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «Қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап Абайдың тікелей тәрбиесінде болып, өлең сөзге бейімділігін танытады.

6. 20 жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.

7. 1905 жылы Шәкәрім Меккеге қажылық сапар шекті. 

8. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Сол сапарда жинаған мағлұматтар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ хандар шежіресі» кітабын жазады. 9. 1909-1910 жылдары ақын елден жырақтап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады. Бар шаруасын өзі істейді.

Шәкәрім Шыңғыс жотасында

Шәкәрімнің Саят қорасының қалдығы.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы. 3 қазан 2011 жыл

10. Домбыра тартып, гармоньда ойнаған. Ән айтып, саятшылық құрған, сурет салып, өмірін ғылымнан өзге осындай өнер түрлеріне арнаған.

 Бүркітін қолына қондырған Шәкәрім. 1927 жыл

11. Өзі ән айтумен қатар 14 жасынан бастап ән шығара бастады, түрлі аспаптарда ойнауы былай тұрсын, ағаштан ойып мандалин, қобыз сынды аспаптарды жасады, қолданбалы өнермен шұғылданып, тіпті киім тікті.  

12. 73 жасында ақын жазалаушылар атқан оққа ұшырайды. Бұл сұмдық уақиға 1931 жылы 2 қазан күні болған. Шәкәрімнің денесі жапандағы құр құдықта көмусіз отыз жылдай жатады. Кейін ғана, жазалаушы отрядтан аман қалған Ахат  деген ұлы, Шәкәрімнің денесін арулап, дұғасын оқып, жерлейді деген дерек бар.

Шәкәрімнің сүйегі 30 жыл жатқан құдыққа қойылған құлпытас. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы. 3 қазан 2011 жыл.

13. «Халық жауы» ретінде айыпталып, бірнеше жыл бойы шығармаларын оқуға тиым салынады. Тек 1988 жылы ғана ақын есімі толық ақталды.

14. Тап сол жылы-ақ (1988 ж.) қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды.

                     Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

15. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сынды дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Сондай-ақ, «Қазақ айнасы», «Үш анық», «Мұсылманның шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары жарық көрді.

16. Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Шығармаларын қазақ тіліне аударды.

17. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған.

18. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Оның «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді.

19. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен көпке танымал әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.

20. Бүгінде Семейде «Шәкәрім» және «Шәкәрім әлемі» атты екі бірдей журнал жарық көреді.

Дайындаған Гүлниса Алдажар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу