Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 13-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: №13 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||
Пән: қазақ әдебиеті | |||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Өлең композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Тарих, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Өлең композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады. | ||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар | Өлең мазмұнын жете меңгереді; Көтерген тақырыбын, негізгі идеясын анықтап, өз пікірін білдіреді; Ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, сыни пікір білдіреді. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: өлең, өлең құрылысы, композициялық құрылым, өлеңнің идеясы мен көтерген тақырыбы, образдар мен кейіпкерлер, көркем тілі, жол табу, жұртқа күлкі болмау т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша.... Біріншіден... Сондай-ақ... | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «Ең зейінді» Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-14 мин 15-25+3 мин 29-33 мин 34-36 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма ТЖ. Оқушылар шығарманың жанрын түсіну үшін өлең үзіндісін өлең құрылысына талдайды: 1-топ Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,Жалыналық Абайға, жүр, баралық! 2-топ Тапқан іске таласпай, шын көнелік!Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,Өтірікке өлгенше, шынға өлелік! 3-топ Құрбыласы қулық пен айла баққан,Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан. 4-топАлмасақ үміт үзер тағы жастан,Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.
Қалыптастырушы бағалау. Дескриптор: 1) Өз көзқарасын білдіруде шығарма үзінділерін орынды қолданады; 2) Шығарма үзінділерін өлең құрылысына талдай алады. Бағалау: әр топ өз жұмысын қорғап болған соң, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады. 2- тапсырма ЖЖ. Оқушылар жұпта Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі үзіндісінің композициялық құрылымын талдайды. Жұмыстарын топтағы басқа жұппен алмастырып, 2-жұптың жұмысына комментарий жазады. Комментарий жазу үшін төмендегі кестені басшылыққа алады:
3- тапсырма Ж.,ЖЖ., ТЖ.,С. «Серпілген сауал» әдісі Оқушылар сабақтан алған білімдері бойынша пікір алмасады. Пікір алмасу сұрақтары:
Жұбымен, тобымен талдап болған соң, топ орталарынан таңдаулы оқушыны шығарады. Оқушы топтың ортақ пікірін қорғайды. Топтар бірін-бірі ауызша бағалайды. Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім қорытынды жасап, ең үздік топ жұмысын атап, ауызша бағалайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | |||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||
Оқушылар «Қызығушылықты ояту» сатысында «Ең зейінді» жаттығуы арқылы өздерінің есте сақтау қабілеттерін дамыта алады. Оқушылар тұтастан бөлшекке қарай талдау барысында өлең құрылысын; композициялық құрылымын талдайды. Бөлшектен тұтасқа қарай талдау мақсатында «Серпілген сауал» тапсырмасын орындайды. Тұтастан бөлшекке қарай талдау барысында мұғалім қабілеті төмендерге қолдау көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушылар «Серпілген сауал» тапсырмасында өз мүмкіндіктерін көрсете алады. | Өлең құрылысына талдау тапсырмасы бойынша әр топ өз жұмысын қорғап болған соң, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады. Өлеңнің композициялық құрылымын талдағанда әркім жұбының жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. «Серпілген сауал» тапсырмасынан кейін топтар бірін-бірі ауызша бағалайды. Сабақ соңында мұғалім қорытынды жасап, ең үздік топ жұмысын ауызша бағалайды. | Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін мұғалім психология пәні мұғалімімен кеңесіп, «Қызығушылықты ояту» сатысында пайдалы тренинг өткізе алады. Жұмыс барысында, оқушылардың бір-біріне бөгет жасамаулары қпдағаланады. Осы сабақ барысында:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?