Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 14-сабақ.
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1858 жылы дүниеге келген. Шәкәрім – қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген.Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы.Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік — Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ — Мария» романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады.
Шәкәрім өзі өмір сүрген кездің, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өсу дәрежесін, кемшіліктерін т.б. жан-жақты саралап жете түсіне білген. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.
Шәкәрімнің «Жастарға» атты өлеңінде жақын ағасы Абайдың биік ақыл-ой-парасатын, білімін, халыққа, болашаққа жол сілтеуші ретінде ерекше бағалап, түсінгенін көреміз. Оның кемеңгер даналығына бас иеді, одан үлгі алуға, өнеге, ғибрат тұтуға бүкіл қазақ жастарын шақырады, үндеу айтады. Мыс:
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» – делік
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» – делік…Өмірдің шам-шырағы, жарық, жұлдызы, бар қазақ үшін ұлы тұлға болатынын көрегендікпен дәл болжайды.…Надандықтан еліріп босқа жүрсең, Мына заман қөрсетер бізге тарлық», –дей философиялық тұрғыдан тұжырым жасай отырып, жастардың сана сарайын ашудың жолдарын іздестіреді.
Абайдың ұлылығын түсінбей, ұқпағандарды сынға алады, надандығын ашып айтып, олардан аулақ болуға шақырады. Халқының, жастардың болашақ тағдырына зор үмітпен қарап, алға ұмтылуға үндеуді азаматтық парызым деп ұққанын көреміз. Қазақ халқының мәдениетті, білімді ел болып басқа елдермен тең болуын армандаған ақын, ел ішіндегі келеңсіз жайлардан қорқады, жаман әдеттен арылуды мақсат тұтады.Қазақтың жайнар даласы,Жетілер оқып баласы.Шошытатын мені сол, Олардың күнде, таласы, –деген өлең жолдарынан ақынның ащы даусын, жүрек жарды үнін анық танимыз. Бұл толғаныстың бүгінгі, ертеңгі заманның адамдары үшін қажеттілігі мен құндылығы, мән-мағынасы жарқырай беретіні сөзсіз. Ақын қорқынышы кімді де болса ойлантпай қоймайды. Күндестік, мақтаншақтық жақсы жолға апармайтынын жеріне жеткізе айтады.
Өз халқының тағдырына ерекше жаны ашыған ақын Абай сияқты айналасындағы келеңсіз жайттарға сын көзбен қарайды, озық елдердің тәжірибесін үлгі тұтады.«Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,Қазақ қашан ел болар құдайым-ай, – деп жалқаулық пен еңбексіз, қыдырымпаз тоғышарларды паш ете отырып, өзінің лирикалық туындыларында қатты сынға алып көрсетіп, одан құтылудың жолын нұсқайды, өзіндік ой-тұжырымдарын білдіреді. Шығыс пен Батыстың көптеген туындылары Шәкәрім шығармашылығы арқылы қазақ еліне белгілі болды. Ол XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің озық туындыларымен танысты. Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Л.Толстой, Некрасов, Салтықов, Щедрин т.б. еңбектерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп үйреніп, терең үңіліп, нәрін түсінген. Өзінің тарихи-философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруға орнымен пайдалана білген, өзін «Толстойдың шәкіртімін» – деп мақтан тұтып, бірнеше әңгімелерін қазақ тіліне аударған; Пушкиннің «Дубровский», «Боран», повесін өлеңмен аударып, 1908 жылы жариялаған. Тынбай ізденуінің арқасында Шәкәрім философ Шопэнгауердің, Ало Бичер Стоу Гариэттидің еңбектерімен танысып қоғам, өмір жайлы көзқарастарына сын пікір білдірген. Ақын ең негізгі артта қалар байлық ғылым, білім, өнер екенін айтып ерекше бағалағанынАнық байлық дүниеге біткен өнер,Білімдінің бәрі де соған көнер, – деген жолдарынан анық көреміз.
Шәкәрім – өзінің ізгі ойларын, халқына деген адал махаббатын өлеңмен өрнектеп жеткізген ақын.
Дастан Қастай
http://bankreferatov.kz/sochineniya/57-sochi-na-kazakskom/7749-shakarim-zhastarga.html
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген көрнекті қазақ ақындарының бірі - Шәкәрім Құдайбердиев .Оның есімін мәңгілік биік тұғырға қондырған ұлы мектеп Абай негізін қалаған жаңа сипаттағы әдебиет дәстүрі болды.Шәкәрім шығармашылығындағы Абай өнегесінің ықпалы оның реализмінен, шыншыл да сыршыл өлеңдерінен көрінді. Айналасындағы адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерінен бастап,халықтың тәуелсіздігіне дейінгі мәселелердің бәрі де Шәкәрімнің жырларына арқау болды.Ол да ұстазы Абай тәрізді қоғамдағы кемшіліктерді әшкереледі. Шәкәрім жамандық пен кемшілікті әшкерелеумен ғана шектелген жоқ, Абай секілді айналасындағыларға бағыт-бағдар сілтеуші де бола білді. Онсыз да қараңғы халықтың кемшілігін бетіне қайталап баса беруде не өнеді? Одан да сол тығырықтан шығудың жолын қарастыру қажет. Ондай жол қайдан табылмақ? Әрине,Абайдан! Шәкәрімнің түп байламы - осы. "Жалыналық Абайға,жүр,баралық!"-дейтіні де сондықтан.
Шәкәрімнің осы тақырыптағы терең мазмұнды реалистік шығармаларының бірі -«Жастарға» деп аталатын ұзақ өлеңі. Өлеңде ақын талантының адамға тән сезімталдылығы мен көрегендік қасиеттерінің астасып жатқан аңғарылады. «Жастарға» өлеңінде ақын өзінің ғибратты сөздерін бірінші кезекте жастарға арнайды. Жасөспірім замандастарын ескіден арылып, жаңамен жалғасуға үндейді. Ізгілік жолына түсудің, адамдық пен алдаудың, қүлық пен сұмдықтың зиянын, білім мен ғылым үйренудің шексіз пайдасын түсіндіреді. Сол арқылы өз заманының бейнесін жасайды. Өзіңе де өзгеге де Абайды жолбасшы, ақылшы көсем етіп ұсынады. Шәкәрім Абайдың кемеңгер даналығын асқақтата бағалайды, ұлы тұлғаның биік парасатын, болашақтағы ұстаздық жасын көрегендікпен дәл зерделейді.
Ағартушылық сарындағы осы «Жастарға» өлеңінде Шәкәрім өзінен кейінгі жас буынға насихат айтумен ғана шектелмейді. Ақынның сыншыл көзі қарапайым елдің жағдайына түседі. Шәкәрім өз дәуірінің рухани болмысын, қазақ қоғамының даму дәрежесін жан-жақты түсіне білді. Оның қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді, игілікті іс тындыруға, еліне мысқалдай болса да жақсылық жасауға ұмтылған швғармаларында осы сипат айрықша айқын аңғарылады. Ақынның адамгершілік нысанасы болған осы идеяны жүзеге асыру бағытындағы еңбегі «Жастарға» атты өленіңен бастау алған деуге болады.
Мухамадиева Анара
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңінде жастарды неге
Абай арқылы түзеткісі келеді?
Қазақ әдебиетінде ойып тұрып алатын орны бар Шәкәрім Құдайбердиевті алып бір бәйтерек ағашына теңесек болады. Оның жаңалыққа қызуғышылығы , кез келген адамның қолынан келе бермейтін сан түрлі өнері , ұсталығы, өз киімін өзі пішіп киетін шеберлігі, құралайды көзге атқан мергендігі мен бойында жатқан талай таланттары сол бәйтеректің бір бұтағы іспеттес. Ақындығы – бір төбе. Ұлы Абайды тудырған Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген өзінің тамырлас, рухтас, немере ағасы Абайдың қолында өсуі, тәрбиеленуі Шәкәрімнің тұлға болып қалыптасуына зор әсерін тигізді.Текті әулеттің ұрпағы адам болмысын танып, әлем сырларын білгісі келді. Қырық жасқа дейінгі өмірін бос өтті деп санаған ақын сауық –сайранға толы өмірінен бас тартып, адамдық пен азаматтық тақырыбына бет бұрады, Абайды жағалап, кеңесіне жүгінеді. Жоғын Абайдан тапқан ол шын өмірдің мәні адамшылықта екенін ұғып, Абайдың жолын ең бір сара жол деп санайды. Қай кезде болмасын Абайдай ағасының пікірімен санасып отырған Шәкәрім ,Абайдың айналасында өскендіктен оның жайы мен хәлін жақсы түсінді. Көпшіліктің ,қара халықтың, қазағының бүгінгі күйіне налыды. Ел ішіндегі жағдайлар шаршатты. Бар үмітті болашақтан, жастардан күтті. Сондай бір толқынысты сәтте ақын қаламынан туған «Жастарға» дейтін өлеңі. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла ,зорлықсыз, мал табалық. Қанша айтқанмен өзгенің бәрі надан Жалыналық, Абайға, жүр баралық –деп бар мәселенің шешімі келер ұрпақ, ертеңгі күннің қалай болары жастардың еншісінде екенін түсініп, оларды Абайдың нәрімен сусындауға шақырды. Осы бір өлеңі арқылы ол Абайды қазақ баласы ішіндегі ең биігі деп бағалайды.Оқу ,білімсіз қалған қараңғы халықтың оянуына түрткі болсам деген ойына оның біз қазақ елі де мәдениетті елдер қатарына қосылу жолында Абайдың жолын жастарға ұсынғаны дәлел. Жастарға тек білім мен ғылым арқылы ғана адам өркендей алатынын ұғындырғысы келген ақын, надан болып, түбі жоқ тереңдікте қалғанның артында еш нәрсе қалдыра алмайтынын ескертті: Сендерден белгі нең қалар, Жемтігін жеген жем қалар. Ақылы дария Абайдан Таусылмас қоры – кен қалар. Абайдың сөзін ұғар замандасы болмағанына қиналып, "ендігі сенері біз" деген пікірде болып,жастардың көкірегін ілім-білімге толтыруды қалаған Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы – заманының заңғар тұлғасы. Мұхтар Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында атап көрсеткен ізін жалғастырушы Шәкәрім болғандықтан, оның Абайға бір табан жақын жүргені, жоғын Абайдан іздеп, үлгіні Абайдан алғаны сөзсіз. Шәкәрімнің Абайдың шәкірті бола жүріп, даңғыл жолға жастарды бастамауы һәм өнеге көрсетпеуі мүмкін емес еді. Бір қызығы, арадан бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бұл өлеңі қазіргі кездің жастарына да арналып тұрғандай. Абайды таныған, Абаймен жаны үндескен адамның әрдайым іздегенін Абайдан табатыны анық, себебі... Сымбат Еркінбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?