Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 23-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 23

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркем шығарма, материалдық және рухани құндылықтар, заманауи , жаңашылдық т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша тапсырмалар орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

"Кейіпкермен кездесу" әдісі

«Еңлік-Кебек» дастанының бас кейіпкерлері (Еңлік, Кебек, Кеңгірбай би, Матай руының биі) болғысы келетін оқушылар қалауымен ортаға шығады.

Тапсырма:

Өздеріңізді «Еңлік-Кебек» дастанының кейіпкерлерімен кездесуде отырғандай елестетіңіздер. Сіздердің кейіпкерлерге тек қана төрт сұрақ (Қайда? Қашан? Неге? Қалай?) қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сұрақтар креативті болсын. Жауап та соған сай болуы қажет.

Әр топ кейіпкер есімдері мен сұрақтарды жеребе бойынша бөліп алады. Ойлануға және жауап беруге 2 минуттан беріледі.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

http://bilim-all.kz/olen/1568

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16- 28 мин

29-34 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ. «Ойлаудың алды қалпағы»

Ақ қалпақ – «Суреттерді сөйлет» Оқушылар Еңлік-Кебек оқиғасы, Шәкәрім дастаны, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы, пьесадан үзінділер, пьесаның өміршеңдігі, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсы, «Еңлік-Кебек» үңгірі, мұнарасы, ескерткішінің суреттері беріледі. Оқушылар тізбектегі суреттер жайды ақпараттар жинап, жан бітіріп, суреттерді «сөйлетеді» (суреттер дидактикада берілген).

Сары қалпақ – Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қою.

Қызыл қалпақ Дастанда Кенбай мен Көбейге:

Әнет бабаң емес пе менің атам,Бірақ ондай қабыл ма менің батам?Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ,Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам,- деп ел бірлігі үшін еріксіз екі жасты ұстап беруге мәжбүр болған Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастырыңыздар.

Қара қалпақ – Матайлардың ру намысын қорғап, Еңлік пен Кебекті өлтіруге бел байлаған іс-әрекетін жақтап, өз пікірлеріңізді дәлелді қорғаңыздар.

Жасыл қалпақ – дастанның өздеріңізге ұнаған тұсын драма жанрына айналдырып, әсерлі қойылым әзірлеңіздер.

Көк қалпақ - РАФТ стратегиясы бойынша шағын мақала жазып, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.

Рөл– журналист

Аудитория – оқырман

Форма – мақала

Тақырып «Еңлік-Кебек» дастанының бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

  • шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

щығарманың жаңашылдығына баға бере алады.

өз ойын сенімді жеткізеді.

Топтық бағалау.

2- тапсырма ЖЖ. «Соңғы сөзді мен айтайын»

Төмендегі пікірлерге сүйеніп, дастандағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіздер:

  • «Еңлік-Кебек» дастаны — әдебиетімізде өмip құбылыстарын адам тағдыры арқылы ашудың, оны мұқият зерттеуге батыл бет бұрыстың алғашқы тәжірибелерінің бірі.
  • Шығармаларының негізгі кейіпкерлері – сол тұстағы қоғамдық ортадан алынған шынайы образдар. Олардың сезімі, жан дүниесі, өмір құбылыстарын түсінуі, адами күйзелісі өмірде болып жатқан шындықтармен  қабаттасып жатады.
  • Шәкәрімнің поэмалары ... «Сөз алдынан» деген сөз басымен басталады. Бұларға ортақ жай – аталған поэмалардың сөз басы философиялық толғаммен басталып, онда ақынның адам, өмір, қоғам жайындағы дүниетанымдық толғамдары көрініс тапқан. Эпикалық туындыларын осылайша бастау – ақын қаламына тән ерекшелік.
  • «Қазақ дастанында «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамырдан» кейін диалогты кең пайдалану дәстүрі қалыптаса бастады. Екі кейіпкердің диалогы қазақ өмірі мен дәстүр, ғұрпын, екеуінің ішкі әлемін айқындауда маңызды орын алып тұр. Сонымен қоса, кейіпкерлер диалогында небір бейнелі оралымдар автордың танымы мен көркемдік шеберлігін танытады.
  • Оның бірде-бір басты кейіпкері қоғам ағымының, қоршаған ортаның ықпалына кіріптар емес. Себебі, олар рухани жан дүниенің деңгейімен ғана іс-әрекетке баратын, өмірлік көзқарастары адам сүюге, жаратушыға деген ықыласқа ден қойған жандар. Ақынның қолтаңбасы өзгеше.
  • Ақын бірде-бір кейіпкерінің сыртқы портретін ұзақ суреттемейді. Себебі, ақын кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең мән береді. Ішкі дүниені суреттегенде ой дүниеге, ішкі танымға, оның небір қалтарыстары мен сырларына үңіледі.
  • Шәкәрім поэмаларында кейіпкерлерінің рухани әлемін, оның жан күйзелісін, психологиясын, терең сезімдерін, қоғамдық құбылыстармен салыстырып көрсете білген. Себебі, ақын адамның күрделі де, құбылмалы жан әлемінде махаббаттың, ізгіліктің рухани тазалықтың, қоғам, заман ауқымынан биіктігін дәлелдей көрсеткен.

Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін сыныптағы өздерін толғандырған пікірлер бойынша кемінде үш жұппен кездесіп, пікір алмасады. Одан қанша жұппен кездескісі келсе де, шек қойылмайды.

Кездескен жұптарының жауабына байланысты пікірлерін стикерге жазып кетеді. Соңында ең көп жағымды пікір жинаған жұп жеңімпаз атанады және олардың жауабы сыныпта тыңдалады.

3- тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Дастанның заманауилығы мен жаңашылдығы бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия «Блоб ағашы»

Бұл сабаққа дейін ___бұтағында болдым деп ойлаймын. Өйткені ... ...

Жұмыс барысында ___ бұтаққа жеткенімді байқадым.

Оның себептері ... ... ...

Бөлім соңында ___ тұстан орын алғанымды байқадым. Оның мынадай

дәлелдері бар...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

«Қызығушылықты ояту» сатысында "Кейіпкермен кездесу" әдісі бойынша дастанның бас кейіпкерлері бейнесіндегі оқушылар «оқырмандардың» креативті сұрақтарына креативті жауап берулері қажет. «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша «Суреттерді сөйлету», Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қою; Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастыру; өз пікірлерін дәлелді қорғай білу; дастанның өздеріне ұнаған тұсын драмаға айналдырып, қойылым әзірлеу, шағын мақала жазу, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау тапсырмалары; «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы бойынша ұсынылған пікірлерге сүйеніп, дастандағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру тапсырмаларының бәрі сабақтың бөлімді қорытындылау сабағы болғандықтан, ақынның өзіндік қолтаңбасын шығармашылықпен ашуға құрылған. Ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың қабілеттерін жан-жақты ашуды көздейді.

«Ойлаудың алты қалпағы»

тапсырмасын топтар бағалау критерийіне сүйеніп бағалайды. «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы бойынша кездескен жұптар бір-бірінің жауабына байланысты пікірлерін стикерге жазып бағалайды. Соңында ең көп жағымды пікір жинаған жұп жеңімпаз атанады және олардың жауабы сыныпта тыңдалады. «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия кезінде әр оқушы өткізілген сабақ және бөлім бойынша өз-өзіне есеп береді.

Мұғалім сынып ішінде бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды.Сынып бөлмесіндегі үстел-орындықтар, сөмкелер оқушыларға бөгет жасамайтындай етіп ыңғайланып қойылады. Сабақ кезінде оқушыларға смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау; сабаққа кешікпеу; белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі.

Осы сабақ барысында:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық

сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу