Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 15-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаныОқу мақсаты:Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Миға шабуыл : «Аквариум» әдісі
Бағалау критерийі:
1- тапсырма:« 60 секунд» тәсілі
2-тапсырма
«Кейіпке ену» әдісіОқушылар осы «дала», «еркіндік», «ауыл», «мінез-құлық» сөздері бойынша топқа бірігеді.
Бір топта 4 оқушы болуы керек.
Оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады.
1-оқушы: Таныстырушы- Еңлікті Кебекті ең алғаш көргендегі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып жеткізеді.
2-оқушы:Байланыстырушы - Кебекті Еңліктің сөзінен кейінгі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып сипаттайды.
3-оқушы:Салыстырушы – Кебектің мінезін өмірдегі өзі білетін оқиғалармен салыстырады.
4-оқушы:Суретші – Кебектің суретін шығармаға қарамай ойша салады.
3-тапсырма :«Көршілер» әдісі
Оқушылар шеңбер жасап отырады.
«Шәкәрім туралы тың деректер» бейнежазылымы көрсетіледі. (https://www.youtube.com/watch?v=wQr7CzmN4SY .
Дастан үзіндісін бір минут іштен оқиды.
Уақыт аяқталған кезде бірінші оқушы оқығаны мен көргенінен алған әсері жайлы жанындағы жұбына айтады.
Ол оның ойын жазып алып, өз ойын бірінші оқушының ойымен байланыстырып келесі оқушыға айтады.
Барлық оқушы шеңбер бойынша айналып, пікір алмасқаннан кейін төрт топқа бірігеді.
Бірінші топ оқушылары дастандағы Еңліктің, екінші топ - Кебектің, үшінші топ - Нысан абыздың, төртінші топ - Көбейдің іс -әрекеті арқылы тұлғалық болмысын анықтайды. «Кейіпкерлер кестесін»толтырады.
Бекіту
«Кейіпкерлер кестесі».
Салыстыру
«Түстеу» әдісіСынып оқушылары«шымбайына бату, іштей есеп қылу, сыр білдіру,махаббат, азаматтық, намыс» сөздерінің мағынасын ашып, ойларын айтады.
Сөздердің мағынасын ашып талдағаннан кейін, сөздер бойына болжам тақырыптарын шығарады.
Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді.
Оқушылар өздерінің болжам тақырыптарын тапсырма тақырыптармен салыстырып, болжамдарының дұрыстығын тексереді.
«Атым Кебек дегенде жалт қарады...», «Жасы бала болса да, жаны отты...» тақырыптарына сәйкестендіріп Еңлік пен Кебектің бойындағы ерекшелікті салыстырып анықтайды.
Екі бейнені салыстыру құрылымын әр топ мүшелер өздері ойлап табады.
Топтардың бейнелерді салыстырып жеткізуі бір-біріне ұқсамауы керек. Салыстыру диаграмма , кластер, карта түрінде болуы мүмкін.
6. Бағалау
Топ мүшелері кестені толтырып екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.
Кері байланыс: «Білу қажет...» кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?