Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 21-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Оқу мақсаты:А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар: Шығарманың тілдік ерекшелігін талдап, автор стилін анықтайды.

Миға шабуыл : «Сөз бұлты» әдісі

Бағалау критерийі:

1- тапсырма:«Интервью» тәсілі

Бір топта төрт оқушы болуы керек.

Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді.

Интервью алушы оқушы «Шығармада автордың стильдік ерекшелігі қалай көрінген?» деген сұрақ қояды. Топтағы екі оқушы бұл сұраққа өлеңдегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді.

Үшінші оқушы баспасөз қызметкері рөлінде интервью жүргізушінің сұрақтары мен екі оқушының жауабын қағаз бетіне түсіріп отырады.

Интервью жүргізуші сұрақтарына толық жауап берілгеннен кейін барлық топтағы баспасөз қызметкерлері топ жұмыстарын сыныпқа таныстырып, интервьюді қабырғадағы постерге апарып іледі.

Оқушылар сынып бөлмесін шарлап, интервьюді оқып танысады да, өз бағалауларын стикерге «жақсы», «өте жақсы» сөздері арқылы жазып, постерге жапсырады

Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.

2-тапсырма :«Жалынды от»тәсілі

Интерактивті тақтадан таймер мен тапсырманың орындалу барысы көрсетіледі.

Оқушылар өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтап, дәптерлеріне кестенің «Психологиялық параллелизм; Эллипсис; Перифраз; Сатира» бөліктерін толтырып жазады.

Таймер уақытты көрсетіп тұрады, тапсырманы орындау уақыты аяқталған кезде оқушылар кестені толтырып бітуі керек.

Сынып оқушыларының жұмыстарын алдыңғы тапсырмадағы почташы болған оқушы жинап алып, мұғалімге тапсырады.

Тапсырманы ең бірінші орындап болған оқушыға «Жалынды от» атағы беріледі.

«Жалынды от»тәсілі

Бекіту

3-тапсырма «Теннистік сұрақтар...»

Оқушылар өлеңнен бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алып, қарама-қарсы қарап, екі қатарға отырады.

Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?, «Автор өз ойын нақты жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданған?», «Автор нені толғана жырлады?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды.

Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді.

Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек.

Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады.

5. Салыстыру

5-тапсырма «Бірдей...Әртүрлі?» тәсілі

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады.

Топ мүшелері алдымен өлең шумақтарын таңдап алады.

Топтағы оқушылардың таңдаған шумақтары бірдей болуы керек. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, таңдаған өлең шумақтарындағы автор стилі мен көркемдегіш құралдар туралы өз талдауларын айтады.

4 оқушы бірдей өлең үзіндісін талдап өз ойларын айтып тұрғанда қалған оқушылар олардың жауаптарын салыстырып «Қандай жағдайды сипаттайды, ерекше әсерлі ойлар,ақынның ойы мен сезімі, оқушының ойы мен сезімі» деген кесте бөліктерін дәптерлеріне белгілеп, жазып отырады.

Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Топ мүшелері тапсырма қорытындысын «Ең әсерлі ойлар..» парағы бойынша бағалап, тақтаға апарып іледі.

«Ең әсерлі ойлар...» кестесі

6. Бағалау

«ВАК» тәсілі

Алдыңғы тапсырмадағы топтық құрам қайта бөлініп, жаңа топ құрайды. Топтағы 4 оқушы да басқа топтағы оқушылармен орнын ауыстырып отыруы керек.

Әр оқушыға автордың жан толғанысын сипаттайтын өлең шумақтары жазылған үлестірме қағаздар таратылып, оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады.

Топ мүшелеріндегі өлең шумақтары бірдей болмауы керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды.

Содан кейін сыныппен «Автордың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?, Өлеңді жатқа айту арқылы нені үйрендің? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Ақынның көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер еттісұрақтарына сыныппен жауап беріп, талқылайды.

«Жетістік» бағалау парағы

Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...» кестесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу