Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 19-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 19

Бөлім:Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны

Оқу мақсаты

Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

 Бағалау критерийі

Шығарманың көркемдік құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманы тақырыбы мен идеясын осы тектес шығармалармен салыстырады;

Ауызша шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап баға береді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: гуманистік тұрғыдан, көркемдік –идеялық құндылық, тұлғалық болмыс

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Шығарма құндылығын гуманистік тұрғыдан қарастыратын болсақ...

Шығарманың көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, жастардың бас бостандығы, махаббат

 Пәнаралық байланыс

Шығармадағы жер –су атауларын зерттеу кезеңінде география, музыка пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтарда оқушылар Шәкәрімнің Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»дастанының идеясы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, автор бейнесі мен кейіпкерлер табиғатын анықтап, шығармашылыққа бағытталған креативті тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға әртүрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

1.Миға шабуыл

«Әткеншек» әдісі

Тапсырма «Әткеншек» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл оқушылардың өз ойын дәлелді жеткізуге үйретеді. Сынып «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Барлығына бірдей «Сен алдыңғы сабақта Еңлік пен Кебек жайлы жаңа не білдің?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады. Осылайша сұрақ біткенше жылжып, орын ауыстырып, жауап береді.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманың көркемдік құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

1. шығарманың құндылығын нақтылайды;

2. гуманистік тұрғыдан талдайды;

3. өзіндік баға береді;

4. әдеби эссе жазады.

А4 қағазы, маркер, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

30 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Дискуссиялық карта»

Оқушылар «Дискуссиялық карта» бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын жазады. Әрқайсысына «Дискуссиялық карта» сызылған А4 қағазы таратылады. «Ру басыларының Еңлік пен Кебекке шығарған үкімі дұрыс болды ма?» деген сұрақ жазылады. Сұраққа жауап: «Иә» және «Жоқ» деп екі жақты дәлелдермен беріледі. 

иә

жоқ

3. Мағынаны тану

2-тапсырма

«ТЕДХ» тәсілі

Оқушылар «Ш.Құдайбердиев «Еңлік-Кебек» дастанында жер-су атауларын неліктен тұпнұсқадан өзгертпей алған?» деген тақырыпқа топпен зерттеу жүргізеді. Сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде интерактивті тақтадан Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнінің бейнежазылымы көрсетіліп тұрады. 

(https://www.youtube.com/watch?v=jvCULstY2ag) . Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін топ спикері «ТЕДХ» тәсілі арқылы сынып алдына шығып бір минут өз зерттеулерін таныстырады.

Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

4.Бекіту

3-тапсырма

Оқушылар эссе жазуды жоспарлау үшін «БКТЗО» кестесін толтырады.

Б

Ол туралы не білемін?

К

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты қайдан табамын?

З

Нені зерделеуім керек?

О

Одан әрі не істеуім керек?

5.Салыстыру

4- тапсырма

«БҚО» (Білу, қолдану, орындау) кестесі

Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Оқушыларға тапсырма алдын ала таратылады. «БҚО» (Білу, қолдану, орындау) кестесіндегі «Адамдар», «Салт- дәстүр», «Қатыгездік», «Пікір» бағандарын шығарма эпизодтарынан дәлел келтіре отырып салыстырып талдайды, өз көзқарасын білдіріп, қорытынды пікір жазады.

Адамдар

Салт-дәстүр

Қатыгездік

Пікір

6.Бағалау

5- тапсырма

«Соңғы сөзді мен айтайын»

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап алып, әдеби эссе жазады.

1. «Дастанның кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады...» - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап жазыңыз.

2. «Дастаннан кейінгі ой...» - авторға немесе өзіңізге ұнаған кейіпкерге деген ой-пікіріңізді сипаттап жазыңыз.

Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:

  • Эсседе әдеби шығарма құндылығы қалай ашылған?
  • Эссе шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
  • Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?

Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні 

https://www.youtube.com/watch?v=jvCULstY2ag

Сабақтың соңы

3минут

Кері байланыс: «Табыс жолы» сызығы

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы білім деңгейлерінің «Табыс жолы» сызығының қай бөлігінде тұрғанын айтады. Топ бойынша «Бағалау бәйтерегіне» өз деңгейлерін стикер арқылы жапсырып көрсетеді.

Стикер, «Бағалау бәйтерегі»

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «ТЕДХ» қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Дискуссиялық карта» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Әткеншек»,«ТЕДХ» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалықа ерекше мән беріледі.

Сыныптағы үстелдер қабырғаға жылжытылады, орындықтар екі қатарға қарама-қарсы, оқушылардың дауыстары анық естілетіндей етіп қойылады. Сараптама жасайтын оқушыға жеке орын дайындалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу