Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 22-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Оқу мақсаты:Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді.

«Ақпаратты тұжырымдап, іріктеу» әдісі

Бағалау критерийі:

1- тапсырмаСуретті болжа» тәсілі

Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.

Сынып оқушылары сурет бойынша бір-бірімен пікір алмасады.

Талқылау аяқталған соң жеке суретті талдауға арналған жұмыс парағын толтырады.

Жұмыс парағы

«Жолаушының қойын дәптері» әдісі

1-қадам:Оқушылар 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.

2-қадам:Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды,бір -бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.

«Жолаушының қойын дәптері» парағы

3-тапсырма :«Шығармашылық ізденіс»тәсілі

Оқушылар шығарма мазмұны бойынша топпен «Шығармада көрініс тапқан рухани құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады.

Жұмыстың өмірмен байланысы болуы керек.

Жобада «Жастарға» шығармасының жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді.

Салыстыру

4-тапсырма:

Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние...» өлең нұсқасы таратылады.

Сонымен қатар Яссауи тобының орындауындағы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдайды.

Сынып оқушылары әнді тыңдап, өлең нұсқасымен танысқаннан кейін «Жастарға», «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние...» өлеңдерін, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін салыстырып, үш шығарма бойынша өз ойларын талқыға салады.

Ей жастар! Қалай дейсің бұл дүние,

Мұны бүйтіп жаратқан қандай кие?

Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,

Мақсұт, білім, ой шығар бар ма жүйе?

Керексіз жаралған бір тозаңы жоқ,

Тәртібі таң қаларлық зор мәшине.

Алыстан іздемей- ақ ойласаңыз,

Көру үшін жаралған көзіңіз де.

Талқылау сұрақтары

Ақын шығармаларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?

Ақын өлеңінің өз заманындағы жаңашылдығы неде?

Шәкәрім шығармаларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?

Талдау сұрақтарын «ПОПС» формуласы бойынша тұжырымдап қорытындылайды.

«ПОПС» формуласы

«Менің ойымша, бұл...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...».

6. Бағалау

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісі

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

Шығарма не туралы?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығармадағы ең басты құндылық не?

3.Қолдану: Сіз шығарма авторының орнында болсаңыз қайтер едіңіз?

4.Талдау: Шығарма авторының жастар бойынан көргісі келген қасиеттерді атаңыз.

5.Жинақтау: Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтың байланысын толық түсіндіру.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма жаңашылдығын, құндылықтарды сұрақтарға жауап беру арқылы ашады, қорытады, бағалайды.

Кері байланыс: «Стикерлер...»

Мен нені үйрендім...

Маған не жеңіл болды...

Маған не қиын болып көрінді...

Менің келесі сабақта нені білгім келеді...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу