Әдебиеттегі аңыз сарыны 4 -бөлім: Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 2-сабақ.
«Кейіпкерді таны»
Бейтаныс сөздер болды ма?
Чатқа жазып, синонимдік қатарын жасап көріңіз!
Сабаққа болжам жасаңыз!
2 -бөлім:
Әдебиеттегі аңыз сарыны
Ыбырай Алтынсарин.Шағын әңгімелер
Оқу мақсаты:
Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау.
Сабақ мақсаты:
Әңгімелердегі кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау.
Бағалау критерийлері:
кейіпкерлер бейнесін жасалу тәсілдеріне қарай тура/жанама мінездеу түрлеріне қарай талдайды;
кейіпкерлердің тұлғалық болмысын әңгіме идеясымен байланыстырып, баға беріп, өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.
.
«Концептуалды кесте» әдісі
Тапсырма (12 минут уақыт беріледі)
Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала» «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген 3 әңгімесін оқы.
Кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен әрекеттеріне қатысты тура/жанама мінездеу түрлерін анықта.
Кейіпкер бойындағы түрлі жағымды/жағымсыз сипаттарды пайымдап, автор идеясын анықта және оған өзіңнің көзқарасыңды білдір.
Кейіпкерлердің тұлғалық болмысына қатысты тұжырым шығар.
.
«Концептуалды кесте» әдісі
Дескриптор:
әңгімедегі кейіпкерлерге қатысты (сөйлеген сөз, істеген әрекеттерінен) тура/жанама мінездеу түрлерін анықтайды, талдайды;
кейіпкер бойындағы түрлі жағымды/жағымсыз сипаттардан пайым шығарып, автор идеясын анықтайды;
идеяға қатысты өз көзқарасын білдіреді;
кейіпкерлердің тұлғалық болмысына қатысты тұжырым шығарады.
Қыпшақ Сейітқұл
Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.
Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.
Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.
Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жиылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады.
Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн- жабағысын, тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, товарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты. Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс- түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс. Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830- жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді.
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.
Кім өз жұмысын сыныпқа оқығысы келеді?
Өзара бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс беріңіз.
Бір тілек
Бағалау критерийлері бойынша өз жұмысыңызға баға беріңіз. Сабақ мақсатына жеттіңіз бе?
кейіпкерлер бейнесін жасалу тәсілдеріне қарай тура/жанама мінездеу түрлеріне қарай талдай алдыңыз ба?
кейіпкерлердің тұлғалық болмысын әңгіме идеясымен байланыстырып, баға беріп, өз көзқарасыңызды білдіре алдыңыз ба?
Кері байланыс
Сілтеме арқылы өтіп, кері байланыс парағын толтырыңыздар.
РЕФЛЕКСИЯ
Қандай ақпарат маңызды болды?
Менің жауапсыз қалған сұрағым ...........
Маған ........................ түсініксіз болды, себебі................
Менің ұсынысым............................................
Сабақ соңында Күнсіз бе, Айсыз ба, Жұлдызсыз ба, Бұлтсыз ба?
Байланыстырып сөйлеңіз!
Үйге:
Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелері бойынша «Аргументтеу моделі» сызбасын толтыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?