Әдебиеттегі аңыз сарыны 4 -бөлім: Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : №2 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні : 30.11-04.12.2020 | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Әдебиеттегі аңыз сарыны 4 -бөлім: Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелері | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ 8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Әңгімелердегі кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылығы:
НЗМ құндылықтары:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы. География. Қазақ тілі. Өнер. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | MicrosoftTeams: One Note, Forms | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Пән лексикасы және терминология: тура/жанама мінездеу, кейіпкерлердің тұлғалық болмысы, әңгіме идеясы, тақырып және автор көзқарасы, авторлық тұжырым және ұстаным. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің мазмұнын біледі. Бөлім басталмай тұрып, оқушыларға жазушының 20 шақты әңгімелерінің тізімі оқуға ұсынылған. | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | Қызығушылықты ояту кезеңі «Кейіпкерді таны» әдісі Кейіпкер сипаттарын сәйкестендір. Өзіңе бейтаныс сөздерді чатқа жазып, синонимін тап.
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
17 мин.
. | Мағынаны тану Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады. «Концептуалды кесте» әдісі Тапсырма (12 минут уақыт беріледі) «Жазба кітапшасы» қосымшасында орындалады.
Дескриптор
Қыпшақ Сейітқұл Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді. Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жиылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн- жабағысын, тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, товарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты. Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс- түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс. Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830- жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады. Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: - Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? - Көремін, өрмек тоқып жүр. - Анау құмырсқаны көремісің? - Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады. - Жоғары қара, аспанда не көрінеді? - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар. Сонда атасы айтты: - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді. «Кім өз жұмысын ортаға оқығысы келеді?» «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылардың өзара сындарлы бағалауын ұйымдастыру.
Кері байланыс үшін https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN47Pyc9sCzEhGkoQtHK24DudUOThYMDVRQlBKRzYzVEdNOTVQVk9NVDc3WS4u
Шығарма менің ұстанымдарыма қандай өзгеріс енгізді? Сынып чатына бір сөйлеммен ойын жазу | http://adebiportal.kz/kz/news/view/17114 Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің дамуындағы орны http://ifreestore.net/5570/57/ Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы http://www.youtube.com/watch?v=HKIW6j4Tom4 https://kitap.kz/index.php/books/anggimeler_ertegiler | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 мин | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі Қандай ақпарат маңызды болды? Менің жауапсыз қалған сұрағым ........... Маған ........................ түсініксіз болды, себебі................ Менің ұсынысым............................................ Үйге тапсырма Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелері бойынша «Аргументтеу моделі» сызбасын толтыру. |
| |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?