Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 5-сабақ.
Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.
Шыдамдылық пен сабырлылық адамның таптырмас досы іспетті. Олар бәрін жеңеді.
Көрсеқызарлық адамды алдап, жолдан тайдырады. Сырты бүтіннің кейде іші түтін болатынын бар.
Дер кезінде берілген дұрыс бағыт пен тәрбие адами қасиеттерді қалыптастырады. Баланы жастайынан тәрбиелеу керек...
Еткен адал еңбек пен төккен тер адамды мұратқа жеткізеді. Еңбекті сүй, одан қашпа.
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең көптен құр қаларсың.
Өз тобыңызды таптыңыз ба?
Топтардың аттары:
«Алтын шеттеуік»
«Асыл шөп»
«Бақша ағаштары»
« Дүние қалай етсең табылады?»
« Әке мен бала»
Оқу мақсаты:Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауА/И2.Автор бейнесі8.А/И2. Эпикалық, лирикалық,драмалық шығармалардағы автор көзқарасын талдау
Сабақ мақсаты:
Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдай отырып, ұсынылған әңгімедегі автор көзқарасына баға беру.
Бағалау критерийлері:
Т/Ж3. А/И2
кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
автордың кейіпкер сипаттамасына қатысты дәлелдер келтіреді;
кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.
Тапсырма
Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ. 16 мин +10 мин
Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.
Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.
Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.
Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.
Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .
1топ.
1. Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Асан образын талдаңыз.
2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.
2-топ.
1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Үсен образын ашыңыз.
2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.
3 - топ.
1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Жаман жолдас» , «Талаптың пайдасы» әңгімелеріндегі кейіпкерлер бейнесін ашыңыз.
2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.
4-топ.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұлдың бейнесін ашыңыз.
2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.
5- топ.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, қайыршы Антонның образын ашыңыз.
Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.
Дескрипторлар:
кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.
Тапсырманы бағалау рубрикалары
Автор көзқарасына үндес шағын әңгіме жаз. (80 сөз)
Жазған жұмыстарын топта оқиды. Үздік жұмысты сынып алдында оқиды.
Рефлексия
«Баспалдақтың қай сатысындасыз?»
Оқу мақсаты
Б/С4. Әдеби сын
8.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
Сабақтың мақсаты:
Әңгімелердің эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
Бағалау критерийлері:
Жазушының идеяны жеткізудегі шеберлігін талдай отырып, әңгімелердің эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.
Тапсырма:
Ыбырай әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігін талдап, ойыңызды дәлелдеңіз. Астарлы ойды ұсыну шеберлігін бағалап, «Жазушы шынайы өмірдің құндылықтарын шебер жеткізуші» деген тақырыпта сыни шолу жазыңыз. Көлемі – 180-200 сөз
Дескриптор:
жанрлық ерекшелігін сақтап жазады;
автордың стильдік ерекшелігіне баға береді;
шығарма идеясын берудегі автор шеберлігін талдайды:
шығарманың эстетикалық/көркемдік-идеялық құндылығына, автордың қолданған тілдік құралдары мен тәсілдеріне толық талдау жасайды.
тақырыпты ашу үшін шығарма фрагменттерін/мысалдарын/эпизодтарын, дәйексөздерді/кейіпкер сөздерін, әдеби терминдер мен тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.
Әдебиеттану терминдер сөздігінде:
Әдеби сынның негізгі міндеті шығарманы нақты тексеріп, жетістік-кемшіліктерін саралап, эстетикалық баға беру.
Әдеби шолудың ішкі құрылымы:
Біріншісі-әдеби фактілер. Олар бейберекет фактілер емес, бір-бірімен органикалық байланысты, көркемдік дамуды бейнелей алатын айтылар басты мәселеге тікелей қатысты болуы керек. Барлық фактілерді алу міндет емес, бірақ барлығын ой елегінен өткізіп, әдеби процесстің негізгі бағытына тән,сипаттыларын ғана іріктеп алу, соларды сөйлете білу арқылы өз пікірлерін айту мақсат.
Екіншіден, шолуда міндетті түрде әдебиеттің фактілеріне негізделген ой айтылу керек. Жекелеген кітаптар, қаламгерлер, мәселелер туралы пікірлермен қатар жалпы әдеби өмір туралы толымды, кесек ой-толғамдар шолудың шоқтығын биіктетіп тұрады. Көркемдіктің бүгінгісі, ертеңі жайлы жан-жақты қамтылып, ойластырылып айтылған парасатты пікірлер жанрдың жүрек соғысындай оған өң кіргізіп, өміршең етеді.
Үшіншіден, сыншы өз ойларын тиімді жеткізудің түрлі жолдарын таңдайды. Бұл ретте әдеби фактілерге берілген түсініктемелер негізгі рөл атқарады. Мәселе келтірілген әдеби фактілерді қалай түсіндіруде жатыр.
Рефлексия
Маған не қызықты болды?
Не қызықсыз болды?
Бүгінгі олжам қандай?
Үйге тапсырма: БЖБ-ға дайындалыңыздар. Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» шығармасын оқыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?