Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Сабақ жоспары 2-тоқсан

Бөлім: Әдебиеттегі аңыз сарыны

Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер

Сабақ : № 5-6

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау

А/И2.Автор бейнесі

8.А/И2. Эпикалық, лирикалық,драмалық шығармалардағы автор көзқарасын талдау

Б/С4. Әдеби сын

8.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдай отырып, ұсынылған әңгімедегі автор көзқарасына баға беру.

Әңгімелердің эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Құндылықтарды игерту:

- өмір бойы білім алу;

- ашықтық;

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, география

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнебаян, презентация көру

Бағалау критерийлері:

Т/Ж3. А/И2

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың кейіпкер сипаттамасына қатысты дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

Б/С 4

Жазушының идеяны жеткізудегі шеберлігін талдай отырып, әңгімелердің эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.

Тілдік мақсаттар:

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау.

Пән лексикасы және терминология: әңгіме құрылымы, кейіпкер сезімі, астарлы ой

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: талдау, жіктеу, таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау

Осыған дейін меңгерілген білім

Жазушы әңгімелерінің мазмұнын жақсы меңгерген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Шыдамдылық пен сабырлылық адамның таптырмас досы іспетті. Олар бәрін жеңеді.
  • Көрсеқызарлық адамды алдап, жолдан тайдырады. Сырты бүтіннің кейде іші түтін болатыны бар.
  • Дер кезінде берілген дұрыс бағыт пен тәрбие адами қасиеттерді қалыптастырады. Баланы жастайынан тәрбиелеу керек...
  • Еткен адал еңбек пен төккен тер адамды мұратқа жеткізеді. Еңбекті сүй, одан қашпа.
  • Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең көптен құр қаларсың.

Топтардың аттары:

«Алтын шеттеуік»

«Асыл шөп»

«Бақша ағаштары»

« Дүние қалай етсең табылады»

« Әке мен бала»

Слаид материалдары

Сабақтың ортасы

26 мин

Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Топқа бөлінеді.

Проблеманы айқындау кезеңі

  • «Ыбырай Алтынсаринді неге шағын әңгіме жазудың шебері деп айтамыз?
  • Ыбырай әңгімелерінің маңыздылығы неде?

Тапсырма

Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Топқа бөлінеді.

Мағынаны тану

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ. 16 мин +10 мин

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

1топ.

1. Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Асан образын талдаңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

2-топ.

1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Үсен образын ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

3 - топ.

1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Жаман жолдас» , «Талаптың пайдасы» әңгімелеріндегі кейіпкерлер бейнесін ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

4-топ.

  • Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұлдың бейнесін ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

5- топ.

  • Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, қайыршы Антонның образын ашыңыз.
  • Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

Тапсырманы бағалау рубрикалары

төмен

орта

жоғары

Кейіпкерге тура, жанама мінездеулерді толық береді

Топ жұмысын мазмұнды, жүйелі орындаған

Жұмыстарын талғамға сай безендірген.

Кері байланыс

Маған не қызықты болды?

Не қызықсыз болды?

Бүгінгі олжам қандай?

10 мин

Автор көзқарасына үндес шағын әңгіме жаз. (80 сөз)

Жазған жұмыстарын топта оқиды. Үздік жұмысты сынып алдында оқиды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия «Баспалдақтың қай сатысындасыз?»

2-сабақ

  • мин

Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Тапсырма:

Ыбырай әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігін талдап, ойыңызды дәлелдеңіз. Астарлы ойды ұсыну шеберлігін бағалап, «Жазушы шынайы өмірдің құндылықтарын шебер жеткізуші» деген тақырыпта сыни шолу жазыңыз. Көлемі – 180-200 сөз

Дескриптор:

  • жанрлық ерекшелігін сақтап жазады;
  • автордың стильдік ерекшелігіне баға береді;
  • шығарма идеясын берудегі автор шеберлігін талдайды:
  • шығарманың эстетикалық/көркемдік-идеялық құндылығына, автордың қолданған тілдік құралдары мен тәсілдеріне толық талдау жасайды.
  • тақырыпты ашу үшін шығарма фрагменттерін/мысалдарын/эпизодтарын, дәйексөздерді/кейіпкер сөздерін, әдеби терминдер мен тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Маған не қызықты болды?
  • Не қызықсыз болды?
  • Бүгінгі олжам қандай?

Үйге тапсырма: БЖБ-ға дайындалыңыздар. Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» шығармасын оқыңыздар.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу