Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 1-сабақ.


сАБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ҚОРҚЫТ АТА “БӘМСІ-БАЙРАҚ ТУРАЛЫ ЖЫР”

ОҚУ МАҚСАТЫ

8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

САБАҚ МАҚСАТЫ

Жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты жыр мазмұнын меңгере отырып анықтайды.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

МИҒА ШАБУЫЛ

1-тапсырма ТЖ.

1-ҚАДАМ.

Шығарма бөліктерін оқып, бөлікке ат қойыңыздар.

1-топ.

Баяндүр ханның тойындағы Байбөрі бектің қайғысы, оғыз елі бектерінің батасы, Байбіжанмен құдалық. Бәмсі-Байрақтың ерлігі. Қорқыт атаның балаға ат қоюы.

 2-топ.

Бектердің аңға шығуы. Байрақтың Бану-Шешекті кездестіруі. Бану-Шешектің шартын орындауы. Қорқыт атаның Қаршарға құда түсуі.

3-топ.

Қызыл шекпеннің сыры. Бәмсі-Байрақтың гәуірлер қолына тұтқынға түсуі. Байрақтың туыстары, Бану-Шешектің қайғыруы. Жарташық суайттың Байрақты өлді деп хабарлауы, Бану-Шешекке үйленбек болуы. Көпестердің Байраққа жолығуы.

4-топ.

Бәмсі-Байрақтың гәуір қызының көмегімен тұтқыннан босауы. Бәмсі-Байрақтың елге оралуы.

5-топ.

Қазан бектің бақсының тілегін беруі. Оғыз елінің гәуірлерді жеңіп, той жасауы. Қорқыт атаның батасы.

2-ҚАДАМ.

Әр топтан бір адам шығып, басқа топтарға барады.

Жаңа топ мүшелері оқыған бөліктерінің мазмұнын

бір-біріне әңгімелейді, ақпараттың қажеттісін жазып

алады.

3-ҚАДАМ.

Топтар жеребе бойынша тапсырмаларды бөліп алады:

1. Оқиғаның басталуы.

2. Оқиғаның дамуы.

3. Оқиғаның шарықтау шегі.

4. Оқиғаның шиеленісуі.

5. Оқиғаның шешімі.

БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

2 сөз тіркесі

1 синоним

«АВТОР ОРЫНДЫҒЫ»

Қорқыт ата кітабының маңызын түсіндір.

Мен үшін маңызы ................................................................................................

Жастар үшін маңызы ...........................................................................................

Адамзаттың болашағы үшін маңызы

.........................................................................................

Үйге тапсырма.

Қорқыттың өмірбаянын оқып, https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/qorqyt-ata-kitaby сайтынан тест сұрақтарына жауап беріңіз.

[attachment=28405:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_1-saba_-prezentacija_2-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу