Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №1

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаты:

Жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты жыр мазмұнын меңгере отырып анықтайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнеролик пен слайд

Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Дескрипторлар

Шығарма мазмұнын толық меңгереді;

Шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:ежелгі дəуір əдебиеті, рухани мұра, ежелгі қазақ салттары, тәуелсіздік үшін күрес т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға экраннан жоғарыдағы суреттер көрсетіледі. Олар Қорқыт ата жайлы бұрыннан білетіндерін еске түсіріп, өз ойын жұбымен бөліседі.

https://yandex.kz/video/search?text=%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82%20%D0%B0%D1%82%D0%B0%20%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%20%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE&path=wizard&noreask=1&filmId=6196766573635498194 сайтынан «Қорқыт ата кітабы» жайлы бейнебаяннан (5.48-9.14 мин дейін) үзінді көреді. Бейнебаян көру барысында қажетті деректерді жазып отырады. Әр топ өзге топтарға бір сұрақ қояды және өз топтарына қойылған сұраққа жауап береді.

Топқа бөлу

Оқушылар жоғарыдағы суреттер арқылы топқа бөлінеді.

https://yandex.kz/video/search?text=%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82%20%D0%B0%D1%82%D0%B0%20%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%20%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE&path=wizard&noreask=1&filmId=6196766573635498194

А4 парағы, маркерлер, слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

5мин

 

 10 мин

 

 

 

 8 мин

2 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ.«ДЖИГСО» әдісі

1-қадам:

Оқушылар топта төменде берілген шығарма бөліктерін оқиды. Бөлікке ат қояды.

1-топ.

Баяндүр ханның тойындағы Байбөрі бектің қайғысы, оғыз елі бектерінің батасы, Байбіжанмен құдалық. Бәмсі-Байрақтың ерлігі. Қорқыт атаның балаға ат қоюы.

2-топ.

Бектердің аңға шығуы. Байрақтың Бану-Шешекті кездестіруі. Бану-Шешектің шартын орындауы. Қорқыт атаның Қаршарға құда түсуі.

3-топ.

Қызыл шекпеннің сыры. Бәмсі-Байрақтың гәуірлер қолына тұтқынға түсуі. Байрақтың туыстары, Бану-Шешектің қайғыруы. Жарташық суайттың Байрақты өлді деп хабарлауы, Бану-Шешекке үйленбек болуы. Көпестердің Байраққа жолығуы.

4-топ.

Бәмсі-Байрақтың гәуір қызының көмегімен тұтқыннан босауы. Бәмсі-Байрақтың елге оралуы.

5-топ.

Қазан бектің бақсының тілегін беруі. Оғыз елінің гәуірлерді жеңіп, той жасауы. Қорқыт атаның батасы.

2-қадам:

Әр топтан бір адам шығып, басқа топтарға барады. Жаңа топ мүшелері оқыған бөліктерінің мазмұнын бір-біріне әңгімелейді, ақпараттың қажеттісін жазып алады.

3-қадам:

Топтар жеребе бойынша тапсырмаларды бөліп алады:

  • 1. Оқиғаның басталуы.
  • 2. Оқиғаның дамуы.
  • 3. Шарықтау шегі.
  • 4. Шиеленісуі.
  • 5. Оқиғаның шешімі.
  • Әр топ тапсырма бойынша мәтіннің өздеріне берілген бөлігін тауып дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар сабақты «Бес жолды өлең» стратегиясымен қорытындылайды:

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

2 сөз тіркесі

1 синоним

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

«Автор орындығы» әдісі

Қорқыт ата кітабының маңызын түсіндір.

Мен үшін маңызы ................................................................................................

Жастар үшін маңызы ...........................................................................................

Адамзаттың болашағы үшін маңызы

.........................................................................................

Үйге тапсырма.

Қорқыттың өмірбаянын өз бетімен оқып. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/qorqyt-ata-kitaby сайтынан тест сұрақтарына жауап беру.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың көмегіне сүйене отырып, жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты жыр мазмұнын меңгерте отырып анықтау көзделеді. Әр топтан бір адам шығып, басқа топтарға оқыған бөліктерінің мазмұнын бір-біріне әңгімелеу, ақпараттың қажеттісін жазып алу тапсырмалары арқылы оқушы жауапкершілігін арттыру көзделеді.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық бағалау арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың өзге топтармен жұмыс кезінде қимыл-қозғалысына мән беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу