Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


1-тапсырма ЖЖ.

Мәтіндік зерттеу

  • Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.
  • Тосын жағдай (мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)
  • Мәтіннен шығар өмірлік қағида.
  • Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес, тосын ақпараттарды белгілеңіз.
  • Ойыңызды суретпен не бір шумақ өлеңмен бейнелеңіз.
  • Мәтіннен өз өміріңізге, іс-әрекетіңізге септігін тигізер қандай қорытынды жасадыңыз?
  • Мәтінге сүйене отырып, үзіндіде көтерілген тағы қандай мәселені талдар едіңіз?

 Дескриптор:

 1. Мәтіннен негізгі ойды табады;

 2. Мәтіндегі тосын жағдайды анықтап, баға береді;

 3. Оқыған мәтіннен өз өмірі, іс-әрекетіне септігін тигізер қорытынды жасайды;

 4. Мәтінге сүйене отырып, өз ұсынысын енгізе алады.

2-тапсырма ЖЖ.

«Көзқарас-Атау-Тақырып»

Тапсырманы орындау үшін 1-2, 3-4, 4-5, 5-1 топ өкілдері жұптасады.

Әркім өз үзіндісі бойынша ойын айтады.

К – Көзқарас

Үзіндіден автор көзқарасын анықтаңыз.

А-Атау

Мәтіндік талдау жасап болғаннан кейін, үзіндіге атау қойыңыз. Қандай атау лайық деп ойлайсыз? Неліктен?

Т-Тақырып

Үзіндінің тақырыбы, көтерілген мәселесі туралы ойыңызбен бөлісіңіз.

[attachment=28399:aza-debieti_8-cynyp_1-tarau_3-sabak_osymsha-resurs_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу