Ахмет Йасауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 8-сабақ.
Қожа Ахмет Яссауи хикметтері-тәрбиенің қайнар көзі
Ерманова Сания Бөленбайқызы, аға оқытушы
Бекмаханбет Индира Сейілбекқызы , 2 курс студенті
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай, Қазақстан
Қожа Ахмет Яссауи-сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын.
Ол өзінің даналық кітабында екі өмірдің мәнін аша келіп имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды:
Жаратушы-Жан-Алла,
Жарылқаушым ғаламда.
Мейіріңнен дәметем
Кірпігімді жабарда.
Өмірдің қызығы мен қиыншылығын пенде бастан қанша кешірсе де, қиыншылыққа төзіп, қуанышқа сабыр, шүкірлік етуі шарт. Бұл үшін ол үнемі бір Құдайға жалбарынып, соның кешірімін алуы қажет. Біздің халықта: «Аруақ ұрған оңалмайды, Құдай ұрған оңалады» деген мәтел бар. Немесе кейде: «Күнәсін мойындағанды Құдай да кешеді» – дейді. Сондықтан адам, алдымен, өзінің Аллаға деген көңілін, сенім-нанымын, пиғылын жөндеп алуы керек. Өмірдің қуанышынан қайғы-қасіреті көбірек, сол себепті ол Құдайға деген сенімін кемітпей, қайта оның шарапатына, кешірімділігіне нық сенгені дұрыс [1].
Жалпы, Қ.А.Йассауи хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:
1.Аллаһқа деген махаббат
2.Ықылас пен шынайылық
3.Адамға деген сүйіспеншілік
4.Кішіпейілділік
5.Әйел мен еркек теңдігі
6.Еңбекті бағалау
7.Ілім мәселесі
Қожа Ахмет Ясауидің ендігі бір мән берген, аяусыз әшкерелеген тақырыбы надандық дер едік. Өйткені оның түсінігінше, надандық бүкіл жауыздық, зұлымдықтың таусылмас қайнар көзі. Мұнда арсыздық пен бәлеқорлық, өтірік-өсек, әділетсіздік те содан табылады деп түйіндейді. Жоғарыда айтылғандай, осы надандыққа ғылым-білім мен даналықты үнемі қарама-қарсы қойып отырады. Сондықтан наданның көзін ашып, Құдайдың сара жолына түсіруге ол бар ынтасы мен ықыласын сарқа жұмсайды. Тіпті өз ойын жинақтай келе ғұлама: «Надандармен бірге өткізген уақыттың өзі дозақпен тең», – деп қорытып, олармен бірге жүруге де, жолға шығуға да қарсы тұрады. Жалған молда, залымдарды да аяусыз түйреп, «Хал ілімін» үйренуге шақырады. Осындай әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы әділдікті ту ете отырып, Хақ Тағала ісіне ғана сабырлық, төзімділік танытудың қажеттігін бейнелі жолдармен өрнектейді.
Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Сонымен қатар адамның рухани даму сатылары, адам типологиясы сияқты мәселелер кеңінен қамтылған. Құранда адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, төрдегі басын есікке сүйрейтін, «ең төменгі дәрежеге дейін құлдилатып моральдық азғындауға берілген анықтамаларда оның әлсіз, қан төгуші, жоюшы, залым, қиянатшыл, ашкөз, арамтамақ, сараң, надан» екендігі сыналып, осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Өйткені Құдайдың адамға қояр талабы – оның көркем құлықты, жамандыққа жаны қас, жақсылыққа жаршы, болатын, Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастықта болып, содан кейін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Бұл құндылықтар адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырудың негізгі қалыбы – тезі. Адамның жақсылық, парасат, парасатты іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені Құранда имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, риякерлік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуын ескертеді. «Құранда жақсы мен жаман, арам мен адал жолдардың негізгі ұстанымдары мен этикалық негіздері қамтылған. Суфи өзінің бойында осы моральдық құндылықтарды сомдау, хәлін өзгерту, жақсыға ұмтылу, ізгіліктің өзіне оралу мақсатында өзінің рухын үнемі бақылап отырады. Ал бақылаудың өлшемі де Құран. Өйткені, өзіңді-өзің бақылау және “сырттан бақылау” екеуі бірінсіз бірі болмайтын шарттың екі компоненті. Жүрек өзінің ақыл, жан және мен сипаттары арқылы әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен үндестік құра алатын дәрежеге жетуге ұмтылады. Бұл әрекет толығымен моральдық-практикалық жаттығу арқылы мүмкін болатын нәрсе» [2,97].
Қожа Ахмет Ясауи бір Аллаға деген қалтқысыз сенім-нанымның ақыры оған жан-тәнімен берілген шын сүйіспендікке, ғашықтыққа ұласуын қалайды. Егер адам тек сырттан ғана құдайшыл болып, іштен басқа пейілде болса, ол екіжүзділікке, опасыздыққа ұрынады деп баяндайды. Мұндай алдамшы, аяр жандар сабырсыз, төзімсіз келеді, оның соңы надандыққа (жәһілдікке) ұрындырады деген ой ұсынады.
Ол надандықтың адам баласына келтірер зияны мен бүлігін жеріне жеткізе, өлтіре сынап, бұған жаңалықты ғана қарама-қарсы қояды, үміт-тілегін де даналарға арнайды:
Наданмен өткен өмірің тозақ болар,
Надан барса тозақ одан қашар.
Наданмен тозаққа қарай қылма сапар,
Надандардың ортасында суық шалғандай болдым мен-ә.
Надан хәлін менен сұрама, көңілім қапа,
Хақтан қорқып, қайғы тұтсам, күлер «қақа».
Араны ашық, нәпсі ұлық, мысалы лақа,
Надандардан қорқып саған келдім мен-ә.
Жер астына қашып кірдім надандардан,
Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан.
Ғаріп жаным мың садаға даналардан,
Дана таппай жер астына кірдім мен-ә!
Қожа Ахмет Ясауи Құдайға беріліп құлшылық етушілердің өзін жалған ғашықтар, шын ғашықтар деп жүйелейді. Жалған ғашықтары, жоғарыда айтылғандай, екі жүзді аярлар, надандар делінсе, шын ғашықтары Алла жолына жан-тәнімен берілген даналар деп сипатталады. Осының бәрін ол екі әлемнің (ол дүние мен бұл дүниенің) сыр-сипаттары тұрғысынан шендестіре суреттейді.
Ғұлама өзі жеті жасында пайғамбарымыздың Мұхаммед Мұстафа ғалайссаламның арнап қалдырған құрмасын табыс еткен Арыстан Бабтың айтқан ақылдары мен үлгі-өсиеттерін зор ілтипатпен еске ала отырып, ұстазының рухани тазалығын, адалдығы мен шыншылдығын өзгелерге үлгі тұта сөйлейді. Осыған орай ол кейбір надан шәкірттер мен арам сопылардың бет пердесін жұлып алып, олардың шын мәнісінде қандай жандар екенін айқара ашып әйгілейді:
Тақуамын деп зор санар, көзіңнен шықпайды жасың,
Көңілдерінде дерті жоқ, қалай ауырар басы.
Өтірік, айла қылса да, Құдайға мәлім бар ісі,
Арыстан Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік.
Шәкіртімін деп айтады, көңілінде жоқ шындығы,
Шын шәкіртті сұрасаң, іші-тысы гәуһәр дүр,
Хаққа аян сырлары, жемістері таза дүр,
Арыстан Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік!
Сөйтіп, арамдық пен өтірік-өсектен, нәпсіқұмарлықтан жиіркенбейтін шәкіртсымақтарды ақын өлтіре сынай отырып, «ғарыптардың ұлығы, заты таза» Арыстан Бабты сондай пасықтарға үлгі етіп ұсынады [3].
Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның өмірде алатын орнын оның ішкі жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді. Міне, Қожа Ахмет Ясауидің хикметінің тәрбиелік құрал болуы да сондықтан.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ясауи Қожа Ахмет. Даналық кітабы. Аударған Ж.Әбдірашев. Шымкент, 1993 жыл.
2. Кенжетаев Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Филос. ғыл. док. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2007. – 259б
3. Ясауи Ахмет. Диуани хикметтен сежмелер. Әзірлеген К.Ераслан. Анкара. 1991ж.
http://www.rusnauka.com/4_SND_2015/Philologia/2_186762.doc.htm
- Мұғалім «Даналық кітабының» мазмұны оқушыға түсінікті болуы үшін қосымша Йасауи кітабының сөздігін жасатуына болады.
Мысалы:
Сопылық-ислам дініндегі бір ағым,рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.
Қылует-халуат деген сөзден шыққан, («араб сөзі»оңашалану дегенді білдіреді )жер астында бір кісілік жертөле.
Күпірлік-асып-тасқандық
Пір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушыСопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы.
Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдерШариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағыМағрифат – дін жолын танып,оқып білуТариқат – сопылық идеясыХақиқат – Құдай және оған жақындауҒазиз – өте үстемҒафил – бейқамАят – Құран кәрім сүресіндегі ақ жол өлеңдерХадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелер
Хикмет – даналық
Нәпсі – ішіп-жеу, пенделік қажеттері.
- Сабақ жоспарында ұсынылған үзіндіні кеңейтіп талдату үшін М.Жұмабаевтың өлеңінен басқа да шумақтарды іріктеп оқытқызып немесе аудионұсқасынан үзінді тыңдатып, Түркістанның Йасауи тарихымен байланысын болжатуына болады. Сынып оқушыларының білім деңгейіне байланысты ДЖИГСО әдісі бойынша өлеңнің мәтінін толық алуға болады.
Мағжан Жұмабаев
Түркістан
Түркістан — екі дүние есігі ғой,Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .Тамаша Түркістандай жерде туғанТүріктің Тәңірі берген несібесі ғой.Ертеде Түркістанды Тұран дескен,Тұранда ер түрігім туып-өскен.Тұранның тағдыры бар толқымалы,Басынан көп тамаша күндер кешкен.Тұранның тарихы бар отты желдей,Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.Тұранның жері менен суы да жат,Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!Тұранның дария аталған өзендер:Тасыса, шөлді басқан селі қандай!Тұранның таулары бар аспанға асқан,Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,Жаралып таудан аққан салқын жастан.Шөлдер бар, жел де жүрмес,сап-сары құм,Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,Сар құмда салар ойнақпері мен жын.Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,Шалқыған егі-шетсіз Теңіз,Арал.Бір шетте қасиетті ЫстықкөлдіңБауырында дүние көрген түрік көкжал.Ертеде Оқыс, Яқсарт —Жейхун, Сейхун,Түріктер бұл екеуін дария дейтін.Киелі сол екі су жағасындаТабасың қасиетті бабаң бейітін.Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!Еріксіз ер түрікті ойға аларсыңКөкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.Балқашты бауырына алған Тарбағатай,Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алай.Қазығұрт қасиеті тау болмаса,Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?Тұранның жері де жат,елі де жат,Құйындай бастан кешкен күш де жат!Тұранды түгелімен билеп тұрғанЕртеде ертегі хан Афрасияб.Ежелден жер емес ол қарапайым,Білесің, тарихты ашсаң Тұран жайын.Тұранға қасиетті құмар болғанЕртеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?Түрікке адамзатта ел жеткенбе?Кең ақыл, отты қайрат,жүйрік қиял,Тұранның ерлеріне ер жеткенбе?!Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,Данышпан, тұңғиық ой,болат жігер.Шыңғыстай арыстанның құр аты даАдамның жүрегіне жігер берер.Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, ТөлеАтаға тартып туған бәрі бөрі.Шыңғыстың қол бастаған екі көзі —Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.Тұранның билері бар Тарағайдай,Сол биден Темір туған от боп ойнай.От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.Тұранды мақтамаймын тіпті текке,Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.Сырласқан үйде отырып аспан-көкпенБілгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.Асыл қан - қасиетті түрік қаны,Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.Молдығы білімнің сиқыр дерлік,Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?Түріктің кім кеміткен музыкасын,Фараби тоғыз ішекті домбырасынШерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,Түріктен басқа от болып жан туып па?Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?Арыстан елге Отан болған Тұран,Тұранда қазағым да хандық құрған.Қазақтың қасқа жолды Қасым ханыТұранның талай жерін билеп тұрған.Әділ хан аз болады Назардайын,Алашқа Есім ханның жолы дайын.Тәукедей данышпан хан құрған екенБасында Күлтөбенің Құрылтайын.Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,Тұрансыз тарқамаған алаш шері.Тұранның топырағында тыныштық тапқанАлаштың арыстаны — Абылайері...Тұраннан Сарыарқаны бөлекдеме,Түркістан алты алашқа болған Кебе.Тұранның топырағын құшып жатырКешегі ердің ері көкжал Кене.Шер батса — кім іздемес туған елін,Тұлпар да көксемей ме туған жерін?Арқанын ардагері - қалың алаш,Тұран да, біле білсең, сенің жерің!Қырағы Тянь-Шань мен Памир,Алай,Күтеді көптен сені қарай-қарай.Кене мен Абылайдың жолын қумай,Жапанда жайылудың мәні қалай?!Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,Түріктер бұл екеуін дария дейтін.Киелі - сол екі су жағасына,Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
Начало формы
https://surak.baribar.kz/298917/
Конец формы
Начало формы
Конец формы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?