Ахмет Йасауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 8-сабақ.


Ой қозғау

Суреттер мен өлең шумағының бір-бірімен байланысын табыңыз,

сұрақтарға жауап беріңіз.

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейітін.

Бұл сәулет өнерінің ортағасырлық ескерткіші қай өңірде?

Өлеңде сөз болатын дариялар қазір қалай аталады?

«Киелі, қасиетті» деген сөздер қандай ой тастайды?

Этномәдениетіміздің тарихынан сыр шертетін ғимарат туралы не білеміз?

Ғимарат кімнің құрметіне тұрғызылған?

Ел арасында Ахмет Йасауи мен тарихи ескерткіштің бой көтеруі туралы қандай аңыздар мен әңгімелер бар?

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Сабақтың мақсаты:

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

1-тапсырма. ББТЗО кестесі

Паб куиз (Pub quiz)

«Даналық кітабынан» өмірдің мәні, ақиқат туралы тұжырымдары бар  үзінділерді топта оқып, жұмыс жасаңыз

А тобы. Жанры мен мазмұнына қысқаша шолу.

В тобы. Сұрақтар қояды:

1.Ахмет Йасауи хикметтерінің тақырыбы қандай?

2. Қандай ой айтылған ?

С тобы. Шығарманың сюжеті мен құрылымдық ерекшелігіне түсінік.

D тобы. Қорытынды ой,сараптама жасау.

«Даналық кітабы»

Сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы (үгіт, насихат, өсиет үлгісінде, тәлім-тәрбие сипатында жазылған).

Көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды.

Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.

Ақынның «Диуани Хикмет» жинағындағы даналық сөздерінің саны - 4 мың 400 жол.

«Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Түйінді сөздер

Өсиет

Сопылық

Хикмет

Этнография

Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» туралы берілген мәліметтердегі түйінді сөздерді пайдаланып, щығарманың эпилогын өсиет түрінде жазыңыз.

Бағалау критерийі

Рефлексия

Бүгінгі сабақта

Байқағаным..............

Білгенім...................

Түйгенім...................

Үй тапсырмасы

Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығын зерттеп оқыңыз;

А.Йасауидің «Даналық кітабынан» 9-хикметтің мазмұнына талдау жасаңыз.

[attachment=28373:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-8-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-prezentacija_-1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу