Ахмет Йасауи «Даналық кітабы». Қайырымдылық – ізгілік дәні. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 10-сабақ.


Өзектілік аймағы

«Даналық кітабының» мазмұнын (өткен сабақтағы үзіндіні қоса алып) «қызмет»,«қайырымдылық», «рақымшылдық» формуласы бойынша жинақтап, автордың арманды сұрақтарына түйінді пікір білдіріңіздер.

Топпен өз пікірлеріңізді қорғаңыздар, келісетін немесе келіспейтіндеріңізді дәлелмен түсіндіріңіздер.

Бүгінгі сабақ тақырыбы адамдар арасындағы қандай қарым-қатынасқа байланысты болады деп ойлайсыздар?

«Қайырымдылық» тақырыбын ашу үшін қандай мақсатпен жұмыс жасауымыз мүмкін?

Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық – ізгілік дәні

Сабақтың мақсаты:

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

1-тапсырма.

«Даналық кітабынан» берілген үзінділерді іріктеп оқыңыз.

Үзіндідегі ізгілікті ой желісін анықтаңыз.

2-тапсырма. ТТБ (Тану, Талдау, Бөлу) – белгілі бір тұжырымдаманы неғұрлым кішірек бөліктерге бөліп жіктеңіз

3-тапсырма. Үзіндімен жұмыс

1.Қайырымдылық ұғымын насихаттайтын үзіндіні таңдаңыз.

2.Үзіндінің мәнін түсіндіріңіз. Мәнісі мынада: ...

3. Мысал келтіріңіз.

4. «Қайырымдылық – ізгілік дәні» тақырыбындағы ойыңызды әсерлі жеткізу үшін үзінділердегі метафора не өзге ұқсастықты қолданыңыз.

4-тапсырма. Маңыздылық пирамидасы

Топта берілген пікірді басшылыққа алып, Йасауи хикметтерінің маңызын түсіндіріңіз.

«Даналық кітабы» ақынды ізгілік дәнін себуші тұлға ретінде танытады.Ақынның жастарды адам баласының мінезі мен бойында кездесетін кемшіліктерден аулақ болуға үндейтініне көз жеткізеді.

 

Хикметтер кім үшін маңызды? Сұрақты топта талқылаңыз.

Өзің үшін..........................

Жастар үшін....................

Адамзат үшін..................

Өз пікіріңді парақтарға жазып, пирамида құруға ұсыныңыз.

Берілген сұраққа ең маңызды жауапты дайындаңыз.

Топ болып өз шешімдеріңді айтыңыздар. Басқа топпен салыстырып, өзгертулер енгізіңіз.

Бағалау критерийі

Рефлексия

«3-2-1» стратегиясы

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық келтірген 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үй тапсырмасы

А.Йасауи хикметтерінің ғұмырбаяндық сипатына назар аударып оқыңыз.

[attachment=28366:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-10-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-ajyrymdyly-izgilik-dni_-prezentacija_-1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу