Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 12-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: № 12 | Мектеп: | |||||
Пән: қазақ әдебиеті | ||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу | |||||
Сабақ мақсаты: | Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады. | |||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады. | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | слайд | |||||
Бағалау критерийі: |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: даналық, шешен тіл, дәлел, креативті өңдеу т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің білуімше; өз пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның себептері жоқ емес; себебін былай түсіндіре аламын. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту Миға шабуыл «Бір минут» жаттығуы «Бір минут» жаттығуына өз еркімен шыққан оқушы еш дайындықсыз бір минут бойы «Даналық кітабынан» үйренген ғибратын қазіргі өмірмен байланыстырып, тоқтамастан шешен тілмен сөйлеуі тиіс. Осылай үш оқушыны шығаруға болады. Оқушылар хикмет шумақтарымен алты топқа бөлінеді. | |||||
Сабақтың ортасы 6+12 мин 10 мин
6 мин | Мағынаны тану
Анықтау. Өз бойыңызға «Даналық кітабынан» қандай өмірлік азық алдыңыздар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер. Талдау. Қожа Ахмет Йассауидің бұл дүниенің қызығынан бас тартып, қылуетте өмір сүруі неліктен және өз өмірін өнеге ете отырып, ойшыл мақсатына қаншалықты жете алды? Қолдану. Қожа Ахмет Йассауидің орнында болсаңыз, замандастарыңыздың бойындағы қандай кемшіліктерді сынар едіңіз? «Даналық кітабынан» кемінде 3 дәлел келтіріңіздер. Салыстыру. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Атаның нақыл сөздерін Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ортақ тұжырым жасаңыздар. Табыс. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің өміршең болуының сыры неде? «Даналық кітабынан» кемінде 2 не 3 дәлел келтіріңіздер. Сәттілік. Қожа Ахмет Йассауи жерленген кесене орналасқан Түркістан қаласы «екінші Мекке» атанса, енді облыс орталығына айналып отыр. Келешекте мұнда туристер саны тіпті көбейері анық. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің рухани жаңғыруға қосар үлесі қандай болмақ? «Даналық кітабына» сүйеніп, пікіріңізге кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
1. Даналардың айтқаны келер болды, Қияметтің қияпаты төнер болды, Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды достар. 2. Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телі-тентек зақым етті, Тал түсте талапайда ақыл кетті, Бұл не деген замана болды достар. 3. Азған заман ғалымы залым болар, Қошаметшіл қулықпен мәлім болар, Анығын айтқан адалдар жазым болар, Бұл не деген замана болды, достар. 4.Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ. Қалыптастырушы бағалау. 3-тапсырма ЖЖ., ТЖ. Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін жазғандарымен алмасып оқиды, келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді. Ең үздік жұмыс сынып алдында оқылады. Қалыптастырушы бағалау. | |||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Оқушылар «Кубизм» стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау арқылы Ахмет Йассауи шығармашылығынан үйренгендерін жан-жақты талқылап, дайындық жасайды. Оқушылар креативті жазу алдындағы жауапкершілікті сезінеді, сабаққа белсене қатысады.Оқушыларға үзіндіні және жанрды таңдау құқығын беріп, жеке шығармашылық қабілетін көрсетуге, бәсекелестікке мүмкіндік беріледі. | Креативті жазу үшін сынып бағалау критерийін өздері жасайды және бірін-бірі бағалайды. | Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ. Оқушылар өздерін еркін сезіне алады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?