Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 14-сабақ.
1- тапсырма Ж.,ЖЖ.,ТЖ.
- Жыраулар поэзиясы туралы білетініңізді еске түсіріңіз.
- Жұбыңызбен, тобыңызбен пікірлесіп, жыраулық поэзияға тән ерекшелікті (кемінде үш) жазыңыздар.
- «Карусель» әдісі арқылы жазбаларыңызды басқа топтармен бөлісіңіздер.
2- тапсырма Ж.
- Б.Тілеуханның орындауындағы Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын тыңдаңыз.
- Толғауды мұқият тыңдай отырып, түсініксіз сөздерді бірден А4 парағына жазып отырыңыз.
Мысалы, күдері, кіреуке, шығыршық т.б.
3- тапсырма ТЖ.
1-топ: түсіндірме сөздікпен жұмыс. («Қазақ тілінің сөздігінен» әр топтың А4 парағына жазып алған түсініксіз сөздерінің мағынасын табады, толғаудағы маңызын ашады).
2-топ: түсіндірме сөздікпен жұмыс. («Қазақ тілінің сөздігінен» әр топтың А4 парағына жазып алған түсініксіз сөздерінің мағынасын табады, толғаудағы маңызын ашады).
3-топ: толғаудың тақырыбы, көтеріп отырған мәселесі, негізгі идеясын анықтау.
4-топ: толғау жолдарында айтылатын ұлттық құндылықтар, пафосқа тән белгілер, олардың бүгінгі таңдағы көрінісін анықтау. Ұлттық құндылық тұрғысынан талдай алады
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. |
| ||
|
Топтар өз жұмыстарын қорғайды (түсіндірме сөздікпен жұмыс жасағандар сөздің мағынасын, толғауда не үшін қолданылғанын түсіндіреді).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?